Пастельная Пузыри Базовая Простая Презентация



Pdf көрінісі
Дата11.05.2023
өлшемі221,03 Kb.
#91898


 
Орындаған:
Бақтыбай Зарина 
Тобы:Қтә201
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
2022-2023 оқу жылы
Үстеу.Үстеудің жалпы сипаты


Ең бір күрделі, әрі даулы сөз таптарының бірі —
үстеулер. Сондықтан да тілде үстеулер мәселесі
назардан тыс қалды деуге болмайды. Бұл жайында
айтылған пікірлер мен бірнеше ғылыми зерттеулерді
кездестіреміз. Үстеулер мәселесі өткен ғасырдағы
түркі тілдеріне арналған грамматикаларда көрініс
тауып жүрді. Мәселен, үстеулер туралы пікірлер
И.Гиганов, М.А.Казем-бек, Г.М.Мелиоранский,
А.М.Щербак, А.Н.Харитонов, А.Н.Кононов,
И.И.Мещанинов, А.Н.Боровков, Н.А.Баскаков
еңбектерінен орын алды.


Негізгі үстеулердің көпшілігінен шырайкатегориясы жасалады. Демек, оларға
-рақ, -рек, -лау, -леу жұрнақтары жалғанады, алдынан (бұрын) шырай
туғызатын өте, аса , тіпті, мейлінше, қабағат сияқты күшейткіш сөздер
қолданылады.
Үстеу сөздері морфологиялық құрылысы және құрамы жағынан екі топқа бөлуге
болады: негізгі үстеулер мен туынды үстеулер.
Негізгі үстеулер
Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфемаларға бөлшектеуге келмейтін, тек
белгілі бір формада қалыптасқан сөздерді айтамыз.
Негізгі үстеулерге келесі сөздер жатады: әрең, азар (әзер), әдейі, жорта, қасақана,
ұдайы, үнемі, дереу, шапшаң, бағана, қазір, енді, ілгері, жоғарғы, төмен, әрі, бері,
кері, әрмен, бермен, ерте, кеше, нақ, дәл, нағыз, сәл, әнтек, тек, мейлінше, лық(а),
қақ, дәйім, һаман, әншейін, тым, тіпті, өсе, аса, ең, әбден, мүлде(м), төтенше,
ерекше, орасан т. б.
Негізгі үстеулердің мынадай үш түрлі ерекшеліктері бар:


 
Туынды үстеулер
Туынды үстеулер деп басқа сөз таптарынан түрлі
қосымшалар арқылы, сөздердің бірігу және қосарлану,
тіркесу тәсілдері арқылы, сондай-ақ, кейбір сөз
тіркестерінің тұрақтануы арқылы жасалған (я үстеуге
айналған) үстеулерді айтамыз.
Құрылысы мен құрамы жағынан туынды ұстеулер екі топқа
бөлінеді: 'жалаң туындыүстеулер мен күрделі туынды
үстеулер
 


Т.
Үстеудің басты грамматикалық сипаты – оның арнайы морфологиялық түрлену жүйесінің және
грамматикалық категорияларының жоқтығы. Кейбір жекелеген үстеу сөздерге шырай жұрнақтары да
жалғанады: жоғары-рақ, төмен-ірек, тез-ірек, ақырын-дау, әрі-рек, ілгері-леу, ерте-рек, ерте-леу, бері-рек, дәл-
ірек, т.б. Осыдан көрінетіндей, шырай жұрнақтары кейбір мекен үстелеріне де (жоғары-рақ, әрі-рек), мезгіл
үстеулеріне де (кеш-іре, ерте-рек), сын-қимыл үстеулеріне де (тез-ірек, ақырын-дау)жалғанады. Бірақ үстеудің
мағыналық түрлерінің ешқайсысы да толық түрінде шырай категориясымен түрленбейді. Мысалы, мекен
үстеулерінің (әлдеқайда, жол-жөнекей, әріде, сонда, алға, т,б.), мезгіл үстеулерінің (бүгін, былтыр, биыл, әлі,
енді, қазір), сын-қимыл үстеулерінің (тікелей, бірден, әлінше, лезде, зорға) кейбіріне шырай жұрнақтары
қосылмайды. Бұның өзі «негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай категориясы жасалады» (А. Ысқақов) деген
пікірдің қате екенін көрсетеді. Үстеуде ондай категория болу үшін я шырай категориясының қосымшалары
барлық үстеуге немесе үстеудің белгілі тобына енетін барлық сөзге немесе барлық негізгі түбір үстеуге түгел
жалғана алуы керек. Ондай жаппайлық қасиет мұнда жоқ, сондықтан үстеуде шырай категориясы жоқ. Әрине,
бірлі-жарым үстеуге шырай категориясының қосымшалары жалғануы кездейсоқ емес. Олар көбіне негізгі түбір
және қимылдың сапалық мәнін білдіретін үстеулер болып келеді. Бұның өзі тарихи жағьнан үстеудің сын
есіммен жақындығын, төркіндес екендігін ғана көрсетсе керек. Синтаксистік қызметі, ең алдымен, үстеудің
семантикалық ерекшелігіне байланысты болғандықтан, яғни үстеу қимылдың, іс-әрекеттің алуан түрлі
белгілерін білдіретіндіктен, етістіктермен тіркесіп, көбіне пысықтауыш қызметін атқарып тұр


Пайдаланылған әдебиеттер: 
 malimetter.kz сайтынан


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет