1 дәріс тақырыбы. Білімнің ерекшеліктері мен оның қазіргі әлеуметтік –мәдени жағдайдағы рөлі. ҚР-дағы оқыту-тәрбиелеу процесі. Жоспар


Жеке тұлға – туралы түсінік және педагогикада оған сипаттама



бет4/40
Дата12.07.2023
өлшемі1,23 Mb.
#104270
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
1. Жеке тұлға – туралы түсінік және педагогикада оған сипаттама.
Тұлға – «адамзаттық таптың жеке бір өкілі, биологиялық тірліктің түрі» оның психологиялық үрдісі биологиялық деңгейде өтеді, тіршілік ету әрекеті болмысты дене арқылы сезінумен қабылдау, есту және көрумен шектелген. Оның негізгі қызметі – жалғастырушы ролін орындау және дәстүрді тарату.
Тұлғаның басқадан айырмашылығын көрсететін белгілердің жиынтығы, сонымен қоса қабылдау негізінде алынған жобаның жиынтығы оның мәнін даралық ретінде анықтайтын ерекшелігін білдіреді. Содан болар оның психо-физиологиялық қызметі өзінің адамзат популяциясына қатыстылығын, өзі туралы пікірін, табиғат құбылыстары жайлы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.
Әлеуметтік психология, жалпы психологиядағы «жеке тұлға» анықтамасына сүйене отырып, жеке тұлға бір жағынан, қандай нақты топтарда әлеуметтік әсерлерді қалай игеретіні, екінші жағынан нақты топтарда өзінің әлеуметтік мәнін қалай іске асыратынын анықтайды. Жеке тұлғаны зерттеуде әлеуметтік психологияның негізгі бағдары: жеке тұлғаның топпен қарым-қатынасында, немесе жеке адамды топ мүшесі ретінде қарастыру. Әлеуметтік психологтар адамдардың кәсібі бір-бірін қалай бағалайды, бір-біріне қалай әсер етеді, әлеуметтік жағдайлардың ықпалы көптеген адамдарды адамгершіліктік немесе қатыгездік көрсетуге қалай итермелейді, қалайша адамдар келісімпаз немесе тәуелсіз болады деген сұрақтарға жауаптар іздестіреді. Егер де әлеуметтік психологияда жеке тұлғаны талдаудың түйіні- оның топпен әсерлесуі болса, онда ең алдымен қоғамның жеке тұлғаға әсері қандай топтар арқылы іске асырылатынын анықтау қажет.Ол үшін жеке адам даму барысында қандай микро, макроортада болғанын қарастыру керек. Яғни, әлеуметтік психологияның дәстүрлі тіліне жүгінсек, бұл — әлеуметтену проблемасы.
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы әсер етуші жүйелерқарастырылса, онда нәтиже қандай болады, жеке тұлға басқалармен белсенді қарым-қатынасқа түскенде өзін қалай ұстайды, немесе оның әлеуметтік бағдары қандай екенін қарастыру қажет. Осы екі бағыт та әлеуметтік психология ғылымының жалпы қисынынан туындайды және де осы бағытта әлеуметтік психологтар тарапынан көптеген эксперименттік зерттеулер жүргізілген (әсіресе, шет елдік ғалымдардың жетістіктеріқомақты). Қазіргі кезде үшінші бағыт-жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық сапаларын талдау проблемасы да туындап отыр.
Егер философиялық категория әлеуметтік жүйеге бастапқы екеуінінің мазмұнын анықтау қиын болмаса, онда екі негізгі философиялық категориялар тұлға және субъект мазмұнын анықтау әртүрлі пайымдаулары, сан-қырлы ағымы мен бағыты бар тұтас теорияны тудырады.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табу арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда, «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым – «индивид». Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы – «жекелік». Ұғым ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады. «Жеке тұлға» ұғымы мен онымен байланысты бір тектес ғылыми категориялардың мәні осында.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан, жеке тұлғаның «дамуы» мен «қалыптасуы» ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып отыр.
Жеке тұлғаға тән қасиет — ақыл, ес, яғни өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу дегеніміз — миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.
Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардың тәжірибесін жинақтауға да негіздследі. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оқығанын, естігенін, көргенін өз ойынатоқып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады, толықтырады.
Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өз бойының жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы. Осы қасиетті көре білген Абай:
“Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз,
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз”, — деп текке айтпаса керек. Адамның есі оның ішкі ой-сезімімен тығыз байланысты.
“Сезімнің сыртқа шықпас әлі бар ма.
Оны ұғарлық адамда сана барда” — деген Абай сөзі де осыны растайды.
Мысалы, суретші алдымен өз ойында қорытылған ішкі сезімді жинақтап,қыл қаламмен, бояу құдіретімен айналасындағыларға сурет арқылы бейнелеп береді немесе ақын, жазушы өз замандастары туралы әссе жазу арқылы олардың жақсы, я жаман қасиеттерін оқырмандарға білдіреді.
Тұлға — жеке адамның мақсатының орындалуы ғана емес, оның ерік-жігерінің іске асуы, яғни өзі жөніндегі ойын, еркін іске асырудың дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі, көрінісі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз — адамның өзіне тән жеке басы қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нәрсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразасына салып, осы істі іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? — деген ойға қалады. Олай болса, ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты.
Ерік өлді немесе әлсіз, сылбыр немесе қайратты, сақ немесе бұзып-жарушы болып бөлінеді. Өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап, осының нәтижесі қалай болар екен деп “мың ойланып, жүз толғанып” іске кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып,кейін опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер күшінің түріне байланысты.
Сонымен бірге, тұлға дегеніміз — сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған көрінісі. Мысалы, стадиондағы футбол жарысына қатысушылардың
қызбалылығынан осыны байқаймыз. Театрда спектакльді көріп отырып, біреулердің солқыдап жылауы немесе ішегі қатып күлуі әрбір жеке тұлғаның ішкі сезімінің сыртқашығуы.
Алайда әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына еркіндік берсе, екінші біреу іштей булығып, көгеріп-сазарып, тас-түйін болып қатьш қалады. Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімін ұстай алу еркіне байланысты құбылыс.
Сонымен, жеке тұлғаның ерекшеліктеріне тән қасиетгер оның санасына, өзіне-өзінің сын көзімен қарауына, адам баласының есіне әсер ететін ішкі және сыртқы түсінік, түйсіктердің әсеріне және оның ерік-жігер күші мен әсерленушілік сезім дүниесіне байланысты құбылыс демекпіз.
Әрине, бұл қасиеттер жеке адамның тұлғалық бейнесін айқындай алмайды. Жеке тұлғаны анықтауда оларды тұтас бірлікте қарастыруға тура келеді. Бұл қасиеттер бір-бірімен тығыз байланысты, бірінсіз-бірі жоқ деп қарағанда ғана әр тұлғаға тән өзіндік “менін” айқындай аламыз. Әр адамның тұлға ретінде қалыптасуы адам өмірінде сыртқы күштердің — табиғаттың және әлеуметтік жағдайлардың әсерімен, ішкі күштердің бірлігінде ғана іске асырылады.
Біз әр адамның өзіндік өмір жолы бар деп қарасақ, оған туған-туысқандары мен жора-жолдастарының да, мектептес, сыныптас достарының да, ауыл-аймақтың да әсерінің болатынын естен шығаруға тиісті емеспіз, яғни жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру ісінің қоғамдық ортадан тысқары болуы мүмкін емес.
Ж. Ммауытов 1918 ж. өзінің “Абай” журналывда жарияланған “Тәрбие” атты мақаласында “Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара әсерлер адамды замандас, жолдастың азғырып не түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі. Тәрбиеге туған жұрттың тілі, мінезі, тұрмысы да әсер қылмақ. Қысымшылық көрген, жасқаншақ болған, жалыншақ, жабыңқы елдің баласы да сондай болмақ. Ашық көңідді, сауықшыл ел-жұрттың баласы да сондай болмақ. Діндар елдің баласы діндар келеді. Тәрбиеге үлкен әсер беретін шарттың бірі — медресе. Баланың ақылын арттырып, білім беретін, ілтипатты, табанды, талантты, ыждаһатты қылатын, өмірлік азық беретін жақсы медресе болу керек” — дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет