1 дәріс тақырыбы. Білімнің ерекшеліктері мен оның қазіргі әлеуметтік –мәдени жағдайдағы рөлі. ҚР-дағы оқыту-тәрбиелеу процесі. Жоспар


Мұғалім-қоғамның әлеуметтік-экономикалық құбылысының түбегейлі өзгеруі жайлы



бет40/40
Дата12.07.2023
өлшемі1,23 Mb.
#104270
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
3. Мұғалім-қоғамның әлеуметтік-экономикалық құбылысының түбегейлі өзгеруі жайлы.
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңінде адам тәрбиесі, бір жағынан, қоғамның өзіне қажетті негізгі міндеті болуымен қатар, екінші жағынан, қоғамның одан әрі алға дамуына мүмкіндік жасайтын жағдай болып табылады. Сондықтан, бұл күндері тәрбие барған сайын қоғамдық өмірдің барлық саласына еніп, жалпылық сипатқа айналуда. Мектеп және басқа әлеуметтік орындар өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісін қоғамдық тәрбие беруші барлық күштерді интеграциялау арқылы жүзеге асыруда.
Мұғалім – қоғам мен өскелең ұрпақ аралығындағы сарапшы. Адамзат көп ғасырлық тарихында өте мол тәжірибе жинақтады. Жас ұрпақ үшін қоғам олардан және бұқаралық ақпараттық құралдары арқылы ең бағалы және қажетті нәрселерді алады, ал негізінен алғанда мұғалім арқылы жастар санасына сіңіреді. А. В. Луначарскийдің айтуынша, мұғалім балаларға өткен ұрпақтан ең таңдаулысын беруі және ескінің сарқыншағын кемістік пен кеселді бермеуі тиіс. Мұғалім жас ұрпаққа білімді ғана емес, ғылыми-материалистік дүниетанымды, мұратты, біздің қоғамымызда орныққан азаматтық позицияны қалыптастырды, рухани-адамгершілік тұрғысында тәрбиелейді.
Түптеп келгенде, қоғам мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді. Мұғалімге үйретуге ең көнгіш кезіндегі адам сеніп тапсырылады. Мұғалім баланың білімін, икемділігін, әдетін, мұратын және өмірлік мақсатын қалыптастырады, яғни оның қолында В. Г. Белинскийдің сөзімен айтқанда, адамның өмірлік тағдыры тұр. Кезінде көне грек философы Платон былай деген: егер кебіс тігуші олақ болса, мемлекет бұдан көп зардап шеге қоймайды – бар болғаны азаматтар біршама нашар киінеді, ал егер шәкірт ұстазы өз міндетін нашар орындаса, онда елде надандар мен бұзақылар көбейіп кетеді. А. В. Луначарскийдің сөзі де осы ойға үндес: «Егер алтын ісінің шебері алтынды бүлдірсе онда алтынды қайта құюға болады. Егер бағалы тас бүлінсе, онда ол бракқа кетеді, алайда ең бағалы деген гауhар тастың өзі, жаңа туған адамнан қымбат емес. Адамның бұзылуы не үлкен қылмыс, немесе орны толмас өкініш. Бұл материалмен мүлтіксіз, одан не жасай алатыныңды күні бұрын біле отырып жұмыс істеу қажет».
Мұғалім өзінің күнделікті жұмысында мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына, қазіргі дүниеде болып жатқан процестердің мәні мен ой-мақсатын дер кезінде және дәлелді түсіндіріп отыру қажет. Әрбір біздің еліміздің мұғалімі экономикамызды интенсивтендіру бағдарламасына өз үлесін қосуы тиіс. Оның міндеті – шәкірттеріне әлем туралы ғылыми түсінікті айтуы, оқушыларды өз бетіне және шығармашылықпен ойлауға баулу, ғылыми таным түсінігін меңгерту, белсенді техникалық шығармашылыққа тарту, программалауды және ЭВМ-де жұмыс істеуді үйрету.
Сонымен, бүгінгі таңда толғағы жеткен көптеген педагогикалық әлеуметтік мәселелер мұғалімнің ой-санасының жаңаруымен, жаңа міндеттерді айқын түсінуімен, педагогтердің белсенділігімен, шығармашылық қатынастарымен шешіледі.
4. ҚР-ң «Білім беру туралы заңы», «ҚР-ң 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасындағы, «ҚР-ы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасындағы» қазіргі заман мұғалімдеріне қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттері.
ҚР-ның «Білім туралы заңының» 41-ші бабында, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері, олардың әлеуметтік кепілдіктері жайлы атап көрсетілген.
«ҚР-ң 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасындағы 4-ші бөлімінде, білім берудің деңгейлері мен мазмұнында, Қазақстанның білім беру жүйесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру, орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру деңгейлері бойынша білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
«ҚР-ы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласында: жетекші университеттер базасында жоғары оқу орындарының педагог кадрларын даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесін қалпына келтіру және одан әрі дамыту; педагог мамандықтарының білім беру бағдарламалары мазмұнын жаңарту, білім берудің вариативтігі (өзгермелі) үлгілерін жасау; педагог кадрларын даярлау бағдарламаларына оқытудың бүкіл жылдар бойы үздіксңз педагогикалық және психологиялық-педагогикалық практиканы енгізу; екінші мамандықтың қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша, оның ішінде мемлекеттік тіл, шетел және ана тілдері, информатика, психология бойынша пән мұғалімдерін қайта даярлау; болашақ мұғалімдер үшін олардың даярлық деңгейін тәуелсіз кәсіби бағалаумен қоса үш айдан бір жылға дейінгі педагогикалық тағылымдаманы енгізу; 12 жылдық мектепте және мектепке дейінгі, арнаулы, жалпы қосымша және кәсіптік білімберу ұйымдарында жұмыс істеу үшін педагог мамандықтар бойынша мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту; педагогтерді және басшыларды аттестаттаудың және қайта аттестаттаудың, мұғалімнің педагогикалық қызметін сертификаттаудың жаңа жүйесін әзірлеу; педагогтердің еңбегін ынталандырудың және оларды жергілікті жерлерде тұрақтандырудың тетіктерін жетілдіру; білім берудің жаңа мазмұнын, оқыту технологиялары мен сабақ беру әдістемелерінің өзгергенін ескере отырып, мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының басшыларын қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру; білім беру ұйымдары басшыларын білім берудегі менеджмент бағдарламалары бойынша даярлауды жүзеге асыру; жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық шарттар мен бағдарламалардың негізінде мемлекеттік жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру мен қайта даярлау көзделеді.
Мектепке дейінгі ұйымдар үшін педагог кадрларды даярлау кезінде қосымша мамандандыру мүмкіндігі көзделетін болады: мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс жөніндегі педагогика-психология, мектепке дейінгі білім беру менеджменті, мектепке дейінгі жастағы балалар үшін шетел тілі, қосымша білім беру педагогикасы.
Білім беру бағдарламалары инновациялық педагогикалық технологияларды, ізденушілік, зерттеушілік және шығармашылық қызмет дағдыларын, оқытудың ақпараттық және қашықтан оқыту технологияларын меңгерген көп тілді мұғалімді даярлауға бағдарланатын болады деп көрсетілген.
Пайдаланған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы орта білім жүйесін ақпараттандыру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламасы. –Алматы, -22 қыркүйек 1997ж. 3645 Өкім.


2. Писарев Д.И. Избранные педагогические сочинения. - М.: «Высшая школа», 1984.- 290 с.
3. Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика. – Алматы: «Дарын»,-2004. –448 б.
4. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар.– Алматы: «Ғылым»,
1975. – 419 б. Резюме В статье показано, что в настоящее время является актуальной

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет