Пайдаланған әдебиеттер:
1.Назарбев Н.Ә. «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда», Астана, 2007 жыл.
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Алматы, 2000 жыл.
3. 12 жылдық білім. (Республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-сараптамалық журналдар)
4. Қазақстан Республикасы жалпы білім берудің мемелекеттік жалпыға міндетті стандарты. Алматы, 2002 жыл.
5. «Қазақстан – 2050» стратегиясы қаклыптасқан мемелекеттің жаңа саяси бағыты. «Алматы ақшамы», 15 желтоқсан, 2012 жыл.
№6 дәріс тақырыбы. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі, педагогті үздіксіз кәсіби жетілдіру
1. Құзыреттілік ұғымына түсінік
2. Педагогтың кәсіби құзыреттлігі, оның құрлымы
2. Педагогті үздіксіз кәсіби жетілдіру
1. Құзыреттілік ұғымына түсінік.
“Құзыреттілік” түсінігі білім беру саласында 1960-1970 жылдардағы шетел әдебиеттерінде, ал 1980 жылдардың соңында отандық әдебиеттерде кездесті. «Құзыреттілік» терминін ХХ ғасырдың ортасында Н.Хомский енгізген болатын, алғашында ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет қабілеттіктер ұғымын берген
«Құзыреттілік » термині әдетте белгілі бір әлеуметтік-кәсіби статус иесіне байланысты қолданылады және оның сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, білігінің орындалуға тиіс мәселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады.
«Методикалық терминдер сөздігінде» «Құзыреттілік (латынның competentis-бейім сөзінен)–қандай да бір оқу пәнін оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі», – делінген.
Орыс тілінің сөздігінде « құзыреттілік » термині «әлдекімнің жақсы хабардар болуы мәселесі төңірегінде» берілген.
Латынның «compete» деген термині «білу», «жасай алу», «дегеніне жету» деген мағыналарды береді. Бұл жалпы алғанда құзыреттіліктің мәнін анықтайды.
Құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім – қазіргі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интелектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезуіне үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Сонымен қатар, ғалымдар білім берудегі құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудың төрт аспектісін ажыратады:
* түйінді құзыреттер;
* жалпыланған пәндік біліктіліктер;
* қолданбалы пәндік біліктіліктер;
* өмірлік дағдылар.
Құзыреттіліктің мазмұны жеке кәсіптік, интегралдық сипаттама ретінде төмендегі қызметтерді жүзеге асырумен анықталады: болжау; ұйымдастыру; бақылау; реттеу; үйлестіру; сәйкестендіру, белсенділігін арттыру.
2. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі, оның құрылымы
«Кәсіби құзыреттілік » ұғымы «кәсіби қызметке даярлық» (В.А.Сластенин, Н.Н.Лобанова, А.И.Панарин және т.б.) және «педагогикалық кәсібилік» (А.И.Пискунов, В.В.Косарев және т.б.) ұғымымен теңестіріледі.
Кәсіби құзыреттілікті зерттеуде Н.В.Кузьмина арнайы-педагогикалық, ғылыми-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық құзыреттілік, әдістемелік құзыреттілік, дифференциалды-психологиялық және аутопсихологиялық құзыреттілік сияқты түрлеріне, А.А.Реан, Е.С.Алешина-дифференциалдық-психологиялық құзыреттілікке, М.В.Прохорова-басқарушылық құзыреттілікке, Т.Б.Руденко дидактикалық-әдістемелік құзыреттілікке назар аударса, Ю.В.Варданян, В.И.Журавлев, Т.В.Новикова, Н.Ф.Талызина-мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін кәсібиліктің бір баспалдағы, А.А.Вербицкий, А.К.Маркова - мұғалімнің педагогикалық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті білім, білік, дағды және қабілеттіліктің, психологиялық сапалардың жүйесі, Е.М.Павлютенков - білім және мұғалімнің тұлғалық қасиеттерінің негізінде педагогикалық қызметті орындау формасы ретінде қарастырған.
Кәсіби құзыреттіліктің түрлі бағыттары ғалымдар еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Педагогикалық бағыттылықты қалыптастыру негізі – А.А.Орлов, И.Я.Фастовец, С.Т.Каргин; маңызды кәсіби сапаларды дамыту – Е.П.Белозерцов, И.А.Колесникова, А.Е.Кондратенков, Н.В.Кузьмина, И.Я.Лернер, Н.Д.Левитов, М.Н.Скаткин, В.А.Сластенин, Ш.Т.Таубаева; педагогтың кәсіби қызметінің психологиялық негізі – Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, А.Н.Леонтьев т.б. еңбектерінде ғылыми негізде тұжырымдалған.
Маманнның кәсіби құзыреттілігінің түрлері: арнайы, әлеуметтік және тұлғалық.
Арнайы - өзінің мамандығына сәйкес білімі, біліктілігі, дағдысы, жаңа білім мен білікті өз бетімен меңгеру, өз еңбегінің нәтижесін бағалау, біліктілігінің болуы.
Әлеуметтік – тіл туралы білімінің, коммуникативті мәдениетінің, басқамен ынтымақтастыққа қабілеттілігінің, өзінің іс-әрекетінің нәтижесіне, қоршаған ортаға дайындығының болуы.
Тұлғалық - өзін-өзі тану бойынша біліктілік, дағдысын жетілдіруге кәсіби іс-әрекет тұлғаның дамуына дайындығының болуы
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің компоненттері: субъектілік компонент, нысандық компонент, пәндік компонент.
Егер аталған компоненттердің әрқайсысына жеке тоқаталатын болсақ, онда:
-субъектілік компонентке: мұғалімнің мақсат қоя білушілік, шығармашылық және өзін дамыту барысында өзіндік диагностиканы, өз ісіне талдау жасай отырып, өзіне сыни тұрғыдан қарай алу шеберлігі жатады;
- нысандық компонентке: кәсіби іс-әрекет жүйесін және мұғалімінң әрекетіндегі қойылған мінедттерді шешудегі стратегиялық іскерлік;
-пәндік компонент: өз білімін жетілдіру мақсатында қажеттеліктерін қанағаттандыру.
3. Педагогті үздіксіз кәсіби жетілдіру.
Қазақстан Республикасының Конститутциясы мен «Білімберу заңында»: «Білімберу – қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуальдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процессі» - деп жазылған.
Үздіксізбілімберужүйесі – еліміздің бәсекеге қабылеттілігін қамтамасыз ететін маңызды сала. Сондықтан осы стратегиялық салада халықаралық стандарттар талабына сай кәсіби мамандар даярлау және халықаралық білімкеңістігіне ену бағытындағы жұмыстарды кең көлемде жалғастыра алады. Тәуелсіз елімізде жастарды бүгінгі күн талабына сай тәлім – тәрбие беруде халқымыздың педагогикалық – ой пікірлерін, жинақталған ұлттық құндылықтарды зерттеп, жүйелеп үздіксізбілім беруде пайдаланудың маңызы бар.
Кәсіби мамандыққа көзқарас. Педагогтардың білім жетілдіру сапасы. Мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің психологиялық критерийлері.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығыжоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», – деп атап көрсетті. Сондықтан білім берудің мазмұнын жетілдіре отырып, үздіксіз білім беру арқылы оларды кәсіби тұрғыдан жан-жақты жетілдіру мәселесі бүгіндекүн тәртібіне қойылып отырғанын көріп отырмыз.Бүгінгі күні«құзыреттілік»ұғымы оқыту үдерісінде білімді қолданудың негізгі нәтижесі ретінде қарастырылуда.«Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасында»қазіргі заманғы жоғары білімнің мақсаты мен басты стратегиялық бағдары айтылған,ондабілімге бағытталған мазмұнды құзыретттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілігі көрсетілген.«Құзыреттілік» ұғымыбүгінгі күні оқыту үрдісінде білімді қолданудыңақырғы нәтижесі ретінде қарастырылуда. Оқыту үрдісінде «құзыреттілік» ұғымы студенттердің білімі мен тәжірибесін, дағдылары мен біліктерін белгілі бір мәселені шешуде қолдануы болып табылады.«Құзыреттілік» терминін ХХ ғасырдың ортасында американдық ғалымН.Хомский енгізген болатын, бастапқыда ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет қабілеттіктер деген түсінік берді.Құзыреттілік – студенттердің іс-әрекетінмеңгеруден көрінетін білім нәтижесі. Білім мазмұнын жаңалау – негізгі мақсат болып табылады. Басты мақсаттың бірі – білім игеру кезінде күтілетін нәтижеге қол жеткізу. Негізгі бағыт оқытушы жеке тұлғаға ауысады, яғни, жеке тұлға бұрын білімді қабылдаушы рөлін атқарса, алжаңа талап бойынша өздігінен білім алушы, үйренуші ретінде танылады. Сондықтан жеке тұлғаның бейнесін бүгінгі заман талабына сай дайындауымыз керек. Бүгінде білім беру стратегиясын «құзыретті білім беру» деп те атап жүр. Құзыреттілік жеке тұлғаның танымы мен тәжірибесіне қатысты нәрсе.Студенттердің кәсіби құзыреттілік мәселелері туралы пікірлер отандық және шетелдік ғалымдар, педагогтар, психологтар еңбектерінде көрініс табуда. Оқыту үрдісіндегі құзыреттіліктерге ғалымдар әртүрлі анықтамалар берген. Айталық, ғалым С.М.Вешниякованың «Кәсіптік білім беру» сөздігінде: «Құзыреттілік (латын сөзі) competenens – қабілетті, қатысты деген мағынада. Белгілі бір саланың тұлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері» деген анықтама берілген болса, А.В.Баранниковтің айтуынша: «Құзыреттілік дегеніміз өз бетінше іске асырылатын қабілеттілік, ол оқушының алған білімдеріне, өмірдегі тәжірибелеріне, құндылықтарына негізделеді». Ал ғалым Дж. Равен «құзыреттілік» терминіне жеке тұлғаның көп қасиеттерін топтайтын ұғым деген анықтама береді. Ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, біз «құзыреттілік» ұғымына – оқушылардың жеке тұлғалық психологиялық ерекшеліктеріне байланысты меңгерген білімдерін, дағдылары мен біліктерін, танымдық және тәжірибелік іскерлігінөмірде дұрыс қолдануы деген анықтама бере аламыз.
Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігін айтады. Сонымен, оқытудағы құзыреттіліктәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын педагогикалық үдеріске енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.Аталған «құзыреттілік», «құзыр» ұғымдарының қолданыстағы білім, білік, дағдыдан айырмасы бар. Айталық білімнен айырмасы – қызмет жөніндегі ақпараттық сипатта емес, өнімді қызмет формасы түрінде байқалады;дағдыдан айырмасы – оқыған материалды топтастыра, құбылыстарды, заңдылықтарды шығармашылықпен пайдалана отырып өзгерте алатын саналы қызмет;біліктіліктен айырмасы – бірнеше пән дағдыларын кіріктіру, жалпы қызмет негіздерін сезіну.Қоғам талабына қарай оқытушының білім берудегі міндеті нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру. Қазіргі уақытта оқытушымен бірге,студенттердіңалдына қойылатын талаптар да өсуде. Талап студенттердің бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға:нақты құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде;қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде;практикалық өмірде мамандық таңдау кезінде өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда;еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда өмірден өз орнын анықтауға;өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шешу біліктілігін шығарады.Құзыреттілік ең алдымен студенттердіңақпараттық сауаттылығы мен кез-келген мәселені дұрыс шеше білу қасиетінен көрініс табады.Сыртқы ортадан ақпарат алу, оны өңдеу оқушы мінезін қалыптастырудың қайнар көзі болып табылады.
Ақпараттарды өз бетімен алуға, талдауға, қайта өңдеуге үйрету ақпаратық құзыреттілікті қалыптастыруға негіз болады. Мұнда студенттердің өз бетімен жұмысына көп мән беріледі. Студенттер өз беттерінше жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен ғаламтордан, түсіндірме сөздіктерден, түрлі тарихи ақпараттар алып, сабақ барысында пайдаланады. Бұл құзыреттілік студенттің оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын қамтамасыз етсе, ал оқытушының мақсаты – студентке білімді өздігінен игеру амалдары мен тәсілдерін үйретіп,оның өзіндік дүниетанымын қалыптастыруына жағдай жасау, кеңестер және бағыт-бағдар беру.Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер:студенттерді өз бетінше талдауға;өз қызметіне мақсат қоюға;жоспарлауға, жинақтауға; қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге;өзін-өзі бағалауға;өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге;нені меңгергенін, нені меңгермегенін анықтауға.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.Сондықтан, қазіргі даму кезеңінде білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытушыларбілім беру жүйесінде жаңа оқу технологияларын және интерактивті әдістерін қолдануарқылы оқушының қазіргі заман талабына сай білім алуынамүмкіндік береді. Ол оқытушының ізденісі, жан-жақтылығы құзыреттілік арқылы айқындалады.Даналы қытайлықтар осыған орай бұны келесі мақалда ажыратқан: «мың ұстаздар–әр қайсысы мың әдістерімен» қолданылады,яғни мұғалім өзінің әдістемелік шеберлік қасиеттері негізінде өзіне лайықты педагогикалық технологиялық әдісін тандауға құқылы.
Құзыретті студент даярлау мақсатында ғылыми міндеттердішешудіңтиімдіжолы –модульдік технологияны қолдану негізінде тарих, қазақ тілі пәндерін проблемалық оқыту арқылы студенттердің ой-өрісін, өз бетімен іздену, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық әрекеті мен икемділіктерін дамыту, білетіні және білмейтінінің арасындағы қайшылықтарды ашу әрі проблемалық міндеттерді шешу жолдарын жүзеге асыруға болады. Олай болса, модульдік технология арқылы тарих, қазақ тілі сабақтарын проблемалық оқытудағы басты міндет – студенттердіңойлау жүйесін өздерінің шығармашылық қабілеттері арқылы игерген білім қорын одан әрі тереңдету және түрлі проблемаларды шеше білетін білімді студент тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Студентке нәтижеге бағытталған білім беруде күтілетін тұлға құзыретілігін төмендегіше сипаттауға болады: өзінің даралығын сезініп, өзін-өзі дамыта білуі;өзінің қызметін бағалай білуі;негізгі мәселені шешудің ең тиімді жолдарын таба білуі;өз алдына мақсат коя білуі және оны жүзеге асыра білуі;өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білуі;өз бетінше алынған ақпаратты таңдай білуі;түрлі өмірлік жағдайларындатиімді шешім қабылдай білуі;
Жаңа тұрпаттағы кәсіби мамандардыоқытуда нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру – негізгі міндет болса,құзырлылық – студент іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі болып табылады.Қазіргі заманғы білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау. Өйткені қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашыл» адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір дәлелдеп отыр. Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Ұлы ақын Абай атамыздың мына дана сөзі ойға оралады: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар». Бұл жерде студенттің өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қабілетін іздете білу, өмірде өз орнын тапқыза білу қаншалықты қиын екенін түсіндіру. Шығармашылыққа баулу оқушыбойындағы талант көзін ашып, тілдік қорын байытып, ойлау, іздену сияқты психологиялық категорияларын қалыптастырып, оқушының дамуына өзіндік әсерін тигізеді.
Адам кәсібилігінің қажетті құрамдас бөлігі кәсіби құзыреттілік болып табылады. Кәсіби құзыреттілік мәселесі отандық және шетел ғалымдарының жұмыстарында қарастырылады. Кәсіби құзыреттіліктің заманауи бағыттары және түсіндірмелері тіптен әртүрлі. Қазіргі кезде шетел әдебиеттерінде бар кәсіби құзыреттілік анықтамалары, яғни «терең білім», «тапсырманы адекватты орындау күйі», «қызметті актуальды орындау қабілеттері» және басқалары бұл ұғымның мазмұнын толық нақты түсіндіре алмайды. Және де отандық ғалымдармен кәсіби құзыреттілік мәселесі белсенді зерттелуде. Көп жағдайда бұл ұғым біліктіліктің жоғары деңгейін және кәсібилікті айқындау үшін ішкі оймен пайдаланылады. Кәсіби құзыреттілік маманның дайындық сапасының сипаттамасы, еңбек қызметінің тиімділік әлеуеті ретінде қарастырылады. Педагогикада бұл категория «жалпы мәдени құзыреттіліктен» туындаған өнімді компонент ретінде немесе «маманның білімділік деңгейі» ретінде қарастырылады. Егер кәсіби шеберлік деңгейлер жүйесінде құзыреттілік орнын анықтайтын болсақ, онда ол орындаушылық пен кемелдену арасында орналасқан. Төменде біз педагогикалық зерттеулерде педагогтің кәсіби құзыреттіліктің тұлғалық қасиеттерге, кәсіби іс-әрекеттің мазмұндық және процессуалдық компоненттерден тұратынын айқындайды.
Кәсібилік дегенде біздер әр түрлі жағдайларда күрделі қызметті адамдардың жүйелі, тиімді және сенімді орындауының ерекше өзгешелігі деп түсінеміз. «Кәсібилік» ұғымында қоғамда бар стандарттар мен объективті талаптарға сәйкес кәсіби қызметте адамның психологиялық құрылымын игеру деңгейі бейнеленеді. Кәсібилікті игеру үшін сәйкес келетін қабілеттер, ниет және мінездеме, үнемі оқуға және өз шеберлігін жетілдіруге дайын болуы керек. Кәсібилік ұғымы жоғары білікті еңбек сипаттамасымен шектелмейді, бұл және адамның ерекше дүниетанымы.
Кәсібилікті маманның дамуының әртүрлі бағыттарымен қатыстырып, кәсіби құзыреттіліктің төрт түрі анықталады: арнайы, әлеуметтік, жеке, дара.
1.Арнайы, немесе қызметтік кәсіби құзыреттілік жоғары кәсіби деңгейде қызметті меңгерумен және тек арнайы білімді игеріп қоймай, сонымен бірге оны тәжірибеде қолдануды білумен сипатталады.
2.Әлеуметтіккәсіби құзыреттілік кәсіби қоғамдастықта қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін, біріккен кәсіби қызмет және серіктестік әдістерін игерумен сипатталады.
3.Жекекәсіби құзыреттілік өзін-өзі көрсету және өзін-өзі дамыту әдістерін, кәсіби деформацияға қарсы тұру құралдарын меңгерумен сипатталады. Және осыған маманның өз кәсіби қызметін жоспарлауды, өз бетімен шешім қабылдауды, проблеманы көруді енгізеді.
4.Дара (индивидуальды)кәсіби құзыреттілік өз-өзін басқара білу тәсілдерін, кәсіби өсуге дайындық, кәсіби қартаюға берілмеу, кәсіби мотивацияның табанды болуы қасиеттерін меңгерумен сипатталады.
Кәсіби құзыреттіліктің бір маңызды құрамдас бөлігі ретінде өз бетімен жаңа білім, білікті игеру және де оны тәжірибелік қызметте пайдалану қабілетін атайды. Кәсіби құзыреттіліктің келтірілген түрлерін педагогтың кәсібилігін бағалау міндеттеріне пайдалануға болады деп есептейміз.
Педагогикалық құзыреттіліктің иерархиялық моделі қызығушылық туындатып отыр, онда әр келесі блок келесі компоненттердің «өсуіне» арналған платформа» құра отырып, алдыңғысына сүйенеді. Блоктың құрамдас моделі педагогикалық құзыреттіліктің алты түрін ұсынады: білімдік, қызметтік, қарым-қатынастық, эмоционалдық, жеке, шығармашылық. Педагогты оқыту процесінде оның құзыреттілігінің қалыптасуына тікелей қатысы бар бірізділік ұстанымының ерекше мәні атап көрсетіледі. Мәтіннен алынған бөлек бір блок педагогқа қажетті кәсіби құзыреттілікті қамтамасыз етпейді. Кәсіби құзыреттілік мәселесі бойынша зерттеулерді талдауды ескере отырып, педагогикалық бейіндегі мамандарға қатысты қарастырылатын ұғымды нақтылаймыз. Жоғарыда айтылғандарға сай педагогтың кәсіби құзыреттілігі маманның тұлғалық сапалы сипаттамасын ұсынады, оған пәндік сала және педагогика психология саласы бойынша да ғылыми-теориялық білім жүйесі енгізіледі.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – бұл өзіне мұғалімнің теориялық білім жүйесін және нақты педагогикалық жағдаяттарда оны қолдану әдістерін, педагогтың құндылық бағдарын, және де оның мәдениетінің аралас көрсеткіштерін (сөйлеу, қарым-қатынас стилі, өзіне және өз қызметіне, аралас білім салаларына және т.б. қарым-қатынасын) енгізген көп факторлы құбылыс.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің келесі компоненттерін бөлеміз: мотивациялық-еріктік, функционалдық, қарым-қатынастық және рефлексиялық.
Мотивациялық-еріктік (мотивация – себептер жүйесі)компоненткемотивтер (себептер, дәлелдер), мақсаттар, қажеттіліктер, құнды тіректер енеді, мамандықта тұлғаның шығармашылық көрінуіне ықпал етеді, кәсіби қызметке қызығушылықтың болуын білдіреді.
Функционалдық(лат.functio– орындау) қандай да бір педагогикалық технологияны жобалап жүзеге асыру үшін мұғалімге қажетті, жалпы жағдайда педагогикалық қызмет әдістері туралы білім түрінде көрінетін компонент.
Қарым-қатынастық (коммуникативтік)(лат.communico– байланыстырамын, қарым-қатынас жасаймын) құзыреттілік компонентіне ойын анық, нақты жеткізе білу, көз жеткізе білу, дәлелдеу, дәлел құра білу, талдау, ойын айта білу, рационалды және эмоционалды ақпаратты жеткізе білуі, өзара қарым-қатынас орната білуі, әріптестер әрекеттерімен өз әрекетін келістіруі, әртүрлі іскерлік жағдаяттарда қарым-қатынастың озық стилін таңдау, диалог ұйымдастыру және қолдау көрсету енгізіледі.
Рефлексиялық(лат.reflexio– артына назар аудару) компоненті өз қызметінің және өз дамуының, жеке жетістіктерінің деңгейінің нәтижесін саналы бақылай білумен; креативтілік, алға ұмтылушылық, серіктестікке бағытталу, шығармашылық, өзіндік талдауға бейімділік сияқты қасиеттер мен ерекшеліктерді қалыптастырумен анықталады. Рефлексиялық компонент жеке жетістіктердің бағыттаушысы, адамдармен қарым-қатынаста жеке мағынаны іздеу, өз-өзін басқару, және де өз-өзін тануды, кәсіби өсуді, шеберлікті жетілдіруді, мағыналы шығармашылықты қызметті оятушы және жұмыстың дара стилін қалыптастыру болып табылады
Құзыретті педагог қалыптастырудың педагогикалық міндетінің таралу деңгейіне қарамастан оның шешімінің аяқталу айналымы «ойлау – әрекет жасау – ойлау» үштігіне тоқталады және педагогикалық қызметтің компоненттерімен және соларға сай білімдермен сәйкес келеді. Нәтижесінде мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің моделі оның теориялық және практикалық дайындығының бірлігі ретінде орындалады. Бұл жерде педагогикалық біліктер төрт топқа біріктірілген.
1. Тәрбиенің объективті процесінің мазмұнын нақты педагогикалық міндеттерге «аудара» білуі: жеке тұлғаны және ұжымды олардың жаңа білімді белсенді игеруге дайындығының деңгейін анықтау үшін зерттеу және осы негізде ұжымның және жеке оқушылардың дамуын жобалау; білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттері кешендерін анықтау, оларды нақтылау және басым міндеттерді анықтау.
2. Логикалық аяқталған педагогикалық жүйені құра білу және қозғалысқа келтіру: білім-тәрбие міндеттерін кешенді жоспарлау; білім процесі мазмұнының негізделген таңдауы; оны ұйымдастыру түрі, әдістері және құралдарының дұрыс таңдауы.
3. Тәрбие компоненттері мен факторлары арасында өзара байланыстарды анықтай білу және орнату, оларды әрекетке келтіру: қажетті жағдайларды тудыру (материалдық, моральдық-психологиялық, ұйымдастырушылық, гигиеналық және т.б.); оқушы тұлғасын белсендендіру, оны объектіден тәрбие субъектісіне айналдыратын іс-әрекетін дамыту; біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру және дамыту; мектептің ортамен байланысын қамтамасыз ету, бағдарлауға келмейтін сыртқы әсерлерді жүйеге келтіру.
4. Педагогикалық қызметтің нәтижесін есепке ала білу және бағалау: мұғалім қызметінің нәтижесін және білім процесін талдау және өзін-өзі талдау, басым және бағынышты педагогикалық міндеттердің жаңа кешенін анықтау.
Қорыта келе, жоғарыда келтірілген кәсіби құзыреттіліктер құрылымдық компоненттерін жоғары деңгейде қалыптасуы үшін білім беру ортасы және қызмет мазмұны мен бағыты оның дамуын қамтамасыз ету керек, сонымен бірге әр педагог өз әрекеті мен кәсіби жетілуін саралап, бағалау керек.
Білім беру құзіреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субъектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық педагогикалық және әлеуметтік психологиялық негіздерін қолдана білу қаблеті.
Әрине, мұғалімдікке кздейсоқ адамдар келмеуі керек. Мұғалімдік маман атына лайық болуы керек. Мұғалім оқушыға қай жағынан болсын өзін-өзі ұстауы, сөйлеуі, жүріс-тұрысы, киім-киісі жағынан болсын үлгі. Бұл жағдайда оқушының жеке адам ретінде қалыптасуына жанама әсер етеді. Оқушыларды сайлау, олардың құқығын ар- намысын сыйлау. Оқушының ар-намысын сыйламаған, құқығын аяққа таптайтын мұғалімді оқушы да сыйламайды, ұстаз оқушыларына тәлім- тәрбие алмайды. Мұғалімнің өз жұмысына ықылассыздығы, жүрдім- бардым қарауы оқушыға тікелей әсер етеді. Талап қоя білмейтін, оқу процесін ұйымдастыра алмаған мұғалім ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмақ- емес.
Қазіргі аса қарқынды өзгерістерге толы әлеуметтік- экономикалық жағдайда білім беру жүйесінде педагогке қойылатын талап та ерекше екендігі түсінікті.
Бұл мынандай фактілерге байланысты.
оқытудың әр алуан түрлері мен әдістерін қолдану
топтық жұмыс дағдыларын дамыту
әрекеттерге үйрету нақты ситуацияларды талдау.
Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқырысы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек.
Кез келген ұстаз «Балалар құқығы туралы заңды» және Конвенцияны әрқашан басшылыққа ала отыруы шарт. Бала құқығын сыйлау баланың құқықтық санасын көтеруге, құқықтық тәрбие беруде маңызы зор. Құқықтық мемлекет құруды мақсат еткен Қазақстан жағдайында баланың құқықтық түсінігін ерте қалыптастыру қоғамның болашақ тәртіпті, тәрбиелі азаматтардан тұратындығына кепіл болады.
Қазіргі және бұрыннан қалыптасып кеткен көзқарас бойынша мұғалім тек өз пәнінің төңірегінде ғана қалып қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерістерге құлағы түрік, көзі ашық, жан-жақты талдау жасай білетін маман болуы шарт.
Қоғамдағы саяси-экономикалық, құқықтық жағдайларды, әлеуметтік мәселелерді талдай білетін, оны оқушылар игергенде бір саты алда бола білуі керек. Яғни өз пәнінің айналасында ғана қалып қойса, балаға білім мен тәрбие беруде биік мақсаттарға жете алмайды.
Өз ісінің кәсіби маманы болу қай мамандықтың иесіне болсын қойылатын талап. Дәстүрлі мұғалім «Жеткізуші» ал оқушы «Қабылдап алушы» қазіргі нарықтық бәсеке заманында тиімсіз..
Мұғалім жалпы стандарттық талаптармен бірге, нағыз сыншы алдындағы оқушылардың талабы мен сынына төтеп бере алуы керек. Кәсіптік білім төмен мұғалімді балалардың білімі төмен мұғалімді балалардың өткір сынының өзі-ақ, оның кәсіби шеберлігін үнемі қажетті деңгейде ұстануына әсер етеді.
Кәсіби құзырлылық- мұғалімнің біліктілігін арттыру, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну, жоғарғы деңгейге үнемі ұмтылу мен үнемі ізденіс, жаңашылдығы мен жаңалықты қабылдай білуі мен қолдана білу, адами құндылықтарға сай бола отырып, сол құндылықтарды балаға сіңіре білу.
Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты: білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда. Өйткені, келешек қоғамыздың басты тұлғасы- бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор болып табылады.Кәсіби бағдар беру - жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді.Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты - жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. Ол үшін мына нәрселер қажет:- оқушылардың бойында ішкі психологиялық - әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу;- түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу;- кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып орындау бағытын жетілдіріп, тәрбиелеу.Республикамыздың Конституциясында еліміздің азаматына еңбек етуге құқық берілген, оның ішінде біліміне, қабілетіне, кәсіптік даярлығына сәйкес, 24-бап бойынша «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар». Бұл құқық толығымен жүзеге асырылуы үшін еңбек барлық азаматтардың табиғи қажеттілігіне айналуы тиіс Қазақстан 2015 жылғы білім беру бағдарламасында: Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын бәсекеге қабілетті тұлға дайындау деп атап көрсетілген, сондықтан оқу тәрбие үрдісінің алдынды тұрған негізгі міндет табысты және тиімді әрекетке дайын өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс- әрекетін өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті отбасындағы, қоғамдағы, ұжымдағы әлеуметтік ролін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың бойында шығармашылық іс-әрекетті, ізденіпаздықты қалыптастыру, жүйелі қорытынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, оқу материалдарын сараптау, талдап салыстыру іскерліктерін үйрету қажеттілігі туындайды.Бүгінгі таңдағы ең өзекті міндеттің бірі –еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатын, бәсекелестікке қабілетті кәсіби мамандар дайындау. Жеке тұлғаның әлемдік өркениетке ұмтылып, дүниеге Қазақстан Республикасының іргелі ел ретінде танылуына үлес қосатын білімді, білікті, саналы азаматтар тәрбиелеу. Өздігінше еркін ойлау қабілеті бар, тәрбие – білім беру үрдісін модельдей алатын, білім берудің жаңа технологиялары мен жаңа идеяларын өздігінше іске асыра алатын жеке тұлғаның кәсіби құзіреттілігінің деңгейін арттыру – өзекті мәселе, себебі, біріншіден, кәсіби құзіреттілік тәрбие – білім беру процесінде шығармашыл оқушылардың қалыптасуына дұрыс әсер етеді; екіншіден, өзінің кәсіби қызметінде жақсы нәтижелерге қол жеткізе алады; үшіншіден, кәсіби мүмкіндіктердің іске асуына ықпал жасайды.
Мұғалімдердің қиындық көретін мәселелерін зерттеу мен талдау барысында оның басты себебі оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, оқу үрдісінің ырғағын айқындау мен есепке алуға байланысты болды. Бұл қиындықтар олардың кәсіби – педагогикалық даярлықтарының жетіспеуінде жатыр. Кіші мектеп оқушыларының оқуға деген қызығушылықтары мен ынтасын қалыптастыру жұмысына бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау деңгейі педагогикалық оқу орындарының оқу құралдарында, оқыту үдерісінде жатыр деп ойлаймыз.
Болашақ мұғалімдерді даярлау мәселесі Н.В.Кузьмина, И.К.Журавлев, М.Н.Скаткин, А.А. Вербицкий, А.С. Границкая т.б. ғалымдардың еңбектерінде талданған. Соған қарамастан көптеген авторлар болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың мазмұны мен әдістері проблемасындағы кіші мектеп оқушыларының өз бетімен оқу әрекеті біліктерін қалыптастыру мәселесіне аз көңіл аударған.
Білім – адам сапаларының өзгеруін басқаратын үрдіс болғандықтан, ол педагогикалық мамандықтың кәсіби біліктілік қабілеттерін дамытуға бағытталады. Сондықтан «адамды» өмір сүру барысында өзгеруге әлеуеті жететін ашық жүйе деп қарастырғанымыз жөн. Ол белгілі бір саладағы маман болғандықтан, «адамды» - маман тұрғысынан қарау «біліктілік» ұғымына шығарады. Біліктілік – бұл білімді меңгерудегі, тәжірбиедегі білімділікті, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік. Бүгінгі күн мұғалімнің біліктілігін арттыруды жалпықоғамдық мәселе ретінде қарастыру қажеттігі туған кезең. Себебі білімді тереңдету, молайту, жетілдіру, арттыру жеке басы үшін ғана емес, қазіргі қоғамға қажет әрекет деп қабылдауымыз керек. Бұл мұғалімнің өз қызметінде табысқа жетуін ғана көздемейді, оның аясын одан әлдеқайда кеңірек қарастырған жөн.
Мұғалім – бүгінгі оқушы – ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы. Мұғалім мамандығының құндылығы да осында деп түсінгеніміз дұрыс.
Біліктілікті арттыру курстары арқылы мұғалімдерді оқытуда оқытушы жетекшілік, бағыт берушілік, ұйымдастырушылық, түзетушілік әрекеттерді атқаруы керек. Оқытушының осындай әрекетіне білім алушы мұғалімнің өзі де бойындағы бар білімін көрсете байланыс жасағанда ғана сапалы нәтижеге жетуге болады деп ойлаймыз. Мұғалімдердің өз білімдерін жүйелі көтеріп отырулары – олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі фактор. Еліміздің білім беру саясатындағы көкейтесті мәселелердің бірі де осы мұғалімдердің біліктіліктерін жүйелі арттыру болып табылады.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселесін зерттеген ғалымдар бұл саланың даму тенденциясын жан-жақты көрсеткен.
Б.А.Әлмұхамбетов өз зерттеулерінде біліктілікті арттыру жүйесінің тарихы мен даму болашағын еліміздің біліктілікті арттыру мәселесін шетелдік тәжірибелермен салыстыра көрсеткен. Республикада біліктілікті арттырудың сапасын арттыру, деңгейін көтеруге ықпал ететін жолдарды ұсынады.
А.Ә.Жайтапова біліктілікті арттыру жүйесіне ғылыми талдау жасай отырып, жаңа инновациялық бағыттарда ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесін зерттеген.
Сондай-ақ қазақстандық ғалым Я.С.Бенцион әдістемелік жұмыстардың тиімді жолдарын ұсынса, Ш.Таубаева мұғалімнің зерттеушілік қызметін, озық тәжірибені жинақтау, инновациялық әрекетті үздіксіз жүргізуді ғылыми тұрғыда негіздеген. М.С.Керімбаеваның зерттеулері жас маманды қалыптастырудағы жоғарғы оқу орындары мен біліктілікті арттыру институттарындағы сабақтастыққа, Б.Қ.Төлбасова мұғалімдердің қазіргі ақпараттық технологияларды қолдануға әзірлігіне арналса, ал К.С.Құдайбергенова мұғалімнің өзін өзі жүзеге асыруына мектептегі инновациялық жұмыстың жүйелі жүргізілуінің ықпалын айқындаған.
В.Н.Белослюдцева өз зерттеуінде біліктілікті арттыру институттары әдіскерлерін даярлау мәселесін көтере отырып, мұғалімдер мен әдіскерлердің өзара ынтымақтаса әрекет етулері жалпы біліктілікті арттыру сапасына әсер ететіндігін талдаған.
Б.А.Тұрғынбаева осы саладағы ғылыми - зерттеулерінде шығармашылық әлеует адамды кәсіби әрекеттің биігіне шығаратын сапа деп тұжырымдайды.
Ұстаздың акме жағдайға жетуі оның өз бетінше білім алуына, өзін-өзі тәрбиелеуіне, өзін-өзі жетілдіруіне және осының бәрін шығармашылықпен қолдана алуына байланысты екендігін ғылыми негіздеген.
Іс-тәжірибе барысындағы қиындық мұғалімнің кәсіби-педагогикалық қызметі мен даярлық деңгейіне қойылатын талаптар арасындағы сәйкессіздік салдарынан туындайтыны сөзсіз. Жас мұғалімдер оқушылардың өзбетімен әрекет ете білу дағдыларын қалыптастыру, оның қарқынын зерттеу, оқушылардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру мәселелерінде қиындық көреді. Бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың пән мазмұны бойынша білімді меңгеруінен емес, сол бойынша жұмыс істету әдістерінен қиындық көреді. Сонымен бірге мұғалімдер оқу мақсаттарын қою, міндеттерін белгілеу және оның нәтижесін жоспарлау, қиындықты жеңу әдістерін іздестіру т.б. бойынша да қиындықтар көретіндігі байқалады. Көпшілік мұғалімдер оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыруда олардың даму деңгейлеріне жете мән бермейді, мысалы, белгілі бір тапсырманы орындатуда 1-сынып пен 4-сыныпқа бірдей әдіс қолданады. Мұндай жағдайлар болашақ мұғалімді кәсіби даярлаудағы проблемамен байланысты деп ойлаймыз.
Ұлттық білім берудің негізгі бағыты – адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде танып, оның рухани баюына, саяси көзқарасы мен шығармашылық белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына толық мүмкіндік беру, жағдай жасау. Сондықтан жас маманның бойында үш түрлі біліктілік қалыптасуы қажет: а)пәндік біліктілік. Пән бойынша алған теориялық білімі мен іскерлігі жатады. Теориялық білім пән арқылы беріледі. ә)педагогтік біліктілік.Педагогиканың негізін, ұстанымдарын, әдіс –тәсілдерін, сабақты ұйымдастырудың негізгі нысандарын білуі тиіс. б)технологиялық біліктілік.Білім берудің сапасын көтеру, өз бетімен іздену қабілетін қалыптастыру.
Білімді де білікті маман даярлаудың мақсаты – маманның бойында іргелі де жүйелі білім, кәсіби іскерлік пен дағды, шығармашылық белсенділік пен еркіндік, мәдени ойлай білу қабілеттерін қалыптастыру болса, білім ғасырындағы білім берудің жаңа жүйесі нені оқыту (білім мазмұны), қандай жүйеде оқыту (құрылымы), қалай оқыту (педагогикалық технология) мәселелерін шешуге бағытталуда.
Оқытушының қызметін өз дәрежесінде атқара алуы оның біліктілігіне байланысты. Атап айтқанда: гностикалық, педагогтік, қоғамдық –экономикалық, коммуникативтік. Білікті маманның тәрбиелеген шәкірті білімді болары сөзсіз. Ал білім – қоғам дамуының шешуші факторы.
Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары өзбетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыны шығармашылыққа жетелеу. Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді. Себебі шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады. Бүгінгі қазақстандық мектептерге қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын, заман талабына сай ойлайтын, ғылыми-әдістемелік білімі жеткілікті, педагогика мен психологияны терең меңгерген ізденімпаз мұғалім қажет. Бұл мұғалімнің кәсіби шеберлігінен көрінеді. Басқаша айтқанда, білім беру үдерісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және өздігінен шығармашылық түрде қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта мұғалім білім беру жүйесіндегі кез келген қайта құрулардағы педагогикалық үдерістің негізгі субъектісіне айналып отыр. Сондықтан мұғалімдерді жаңа заманға бейім болуға жағдай жасайтындай, мүмкіндік туғызатындай кәсіби білімдерін көтеру және қайта даярлау курстарының мазмұнын өзгертіп, жасақтау қажеттілігі туындауы заңдылық. Яғни, педагог мамандар өзін-өзі дамытуына және өздігінен білім алуына мүмкіндік алады. Мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру курстарында, курсаралық кезеңдерде жоғарыдағы сапаларға жету үшін төмендегідей міндеттерді белгілеуге болады:
Мұғалімнің шығармашылықпен еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызу.
Заман талабы, қоғам сұранысына, қажеттігіне сәйкес әлемдегі және отандық озық іс-тәжірибелер, жаңа технологиялар, инновациялық әдістермен ұдайы қаруландырып отыру.
Шығармашылық ізденісі мен еңбегіне толық еркіндік бере отырып, оқытуды ізгілендіру мақсатындағы талап, тілектерінің орындалуына, өзіндік іс-тәжірибесін таратуға мүмкіндік туғызу.
Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы үшін қажетті бағыт-бағдар беру.
Кәсіптік шеберлігін арттырып отыруға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіп тұру.
Мұғалімнің қоғамдағы белсенділігінің артуы үшін кәсіптік мәртебесі мен әлеуметтік беделіне үнемі көңіл бөлу.
«Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер–білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» – деп, шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби ұстаз болмысын айқындаған екен. Олай болса, жауапкершілігі шексіз, қадірі мол мамандық иесінің ұрпаққа білім ментәрбие берудегі алар орнын әр мұғалім бар болмысымен сезінгені абзал. Өйткені, бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – білімді ұстаз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Б.А.Альмухамбетов. Тенденции развития системы повышения квалификации педагогических кадров в Казахстане. – Алматы: «Ғылым», 2001. – 290с.
2. Выготский Л. С. Педагогическая психология. / Под ред. В. В. Давыдова. – М.: Педагогика, 1991. – 480с.
3. Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту Алматы – 2005, 208б.
4.Қазақстан мектебі № 8 2010 жыл
5.Игошев Б.М. Системно-интегративная организация подготовки профессионально мобильных педагогов: Дисс...д-ра пед. наук - М., 2008.-394 с.
6.Соколова Н.В. Оценка социальных последствий педагогических инноваци
/ Н.В.Соколова // Инновации и образование: сб. материалов конф. Серия «Symposium» - СПб.: Санкт-Петербургское философское общество, Вып. 29 - 2003. - С. 437-443.
№7 Дәріс тақырыбы. Педагогикалық мамандықтың қоғамның рухани құндылықтарына әсері
Жоспар
1. Құндылық, рухани құндылық туралы түсініктер.
2. Педагогикалық мамандық қоғамның рухани құндылықты бағыт-бағдары.
Достарыңызбен бөлісу: |