1 дәріс тақырыбы. Білімнің ерекшеліктері мен оның қазіргі әлеуметтік –мәдени жағдайдағы рөлі. ҚР-дағы оқыту-тәрбиелеу процесі. Жоспар


Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуы



бет16/40
Дата03.09.2022
өлшемі1,23 Mb.
#38389
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40
Байланысты:
лекции (1)

1. Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуыбастапқыда оқу зерттеу қызметі болып, кейініректе, кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке айналады.
Мұғалімдік тұлғаның қалыптасуының бастапқы кезеңі студентті зерттеуші орнына қою, олай болса, студент кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәнін іздеудегі мүше болып табылады. Ал, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәні, тек орынды тәсіл арқылы анықталады. Бұл кезеңде кәсіби-педагогикалық іс- әрекеттің негізге алынатын көп салалы қызметтерін табу жүзеге асырылады. Дәл осы тұста іс-әрекеттің қалыптасу кәсібилігі көрініс береді. Кейініректе кәсібилік нақты кәсіби-педагогикалық қызметке айналу тәсілін іздестіру барысында қалыптасады. Бұл нақты кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің, яғни ең маңызды қызметтің мазмұнын жобалауда, қызметтің мазмұнын оның операциялық құрылымын ерекшелеу арқылы жете түсіну барысында жүзеге асыруға болады. Ең маңызды деп, іс-әрекеттің мақсаттылығына қарай есептеуге болады. Сонымен қатар, іс-әрекеттің мәнін ашу механизмін ерекшелеу үшін қажет. Ол операцияның, мазмұнның негізделген сараптамасымен қоса, ал кейініректе оның пайымдалған құрылымын құрастыруымен бірге ескерліуі тиіс.
Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің кәсіби-педагогикалық іс- әрекетті меңгеруінің қажеттілігі бүтінді мүшеленбейтін ретінде тану, ал оның шешілуі әр түрлі болып жүзеге асатынындығында.
Педагогикалық шеберліктің нақты түрлерінің ауқымды түрлілігін педагогикалық теория ерекшелейді. Көптеген ғалымдардың әр түрлі негіздер бойынша жасалған классификациялары бар. Дегенмен, бұл жұмыстарды бағалауда тек қана бір қорытынды жасалады, ол: мұғалімді даярлау нақты педагогикалық іскерлікті қалыптастыру арқылы болады. Аталмыш идея педагогика теориясында түбегейлі қарастырылған. Нақты педагогикалық шеберлік белгілі жағдаяттарда қалыптасады. Бұл жерде ескере кететін бір жайт, бұл іс-әрекеттің ұтымды қалыптасу жүйесі әр ғалымда әр түрлі мазмұнда беріледі. Сондықтан, көрсетілген педагогикалық шарттар жүйесіне негіздеме жоқ. Ал педагогикалық зерттеулер ережеге сәйкес, ерекшелінген педагогикалық шарттарының тиімділігін зерттеуге құрылады. Дегенмен, белгіленген педагогикалық шарттардың жиынтығын таңдау, зерттеу көлемінде қалып отыр.
Соңғы жылдардағы зерттеулерде пайымдалған, жалпыланған тәсілді табу, метаұстанымдарды, метабілімдерді т.б. белгілеу жасалынған. Бірақ, осындай талпыныс, тек мәселе қою деңгейінде қалып отыр және қиын байқалады.
Іс - әрекеттің құрылымын құрастыруда аналитикалық-синтетикалық тәсілді қолдану арқылы жоғарыда көрсетілген мәселені шешуге болады деп есептейміз.
Кәсіби-педагогикалық іс- әрекеттің қалыптасу теориясын тұжырымдауға сәйкестік принципі мүмкіндік береді. Осы жерде іс-әрекеттік тәсіл іске асырылады, онсыз болмайды, өйткені кәсіби іс-әрекет қалыптасады. Жүйелі-құрылымдық сараптау мен сараптамалы-синтетикалық тәсіл зерттеудің құралы болып табылады.
Болашақ мұғалімдердің қалыптасу барысында іс-әрекеттік тәсіл кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті бізге келесі мүмкіндіктерді береді:

  • кәсіби-педагогикалық іс- әрекетті, оның негізгі қызметін, мазмұнын және құрылымын белгілеу тұрғысынан қарастыру.

Іс- әрекет психологиялық категория ретінде оның мотивін құрайды. Олай болса, әр қызмет белгілі мақсаттарға сәйкес келеді, ал операция белгілі орындау тәсілі арқылы жүзеге асады.
Кәсіби-педагогикалық іс- әрекетті қалыптастыру үрдісі алдымен оқу-зерттеу, содан соң кәсіби-педагогикалық іс- әрекетке айнала отырып, жүзеге асырылады. Мұғалім тұлғасының қалыптасуының бастапқы кезеңі студентті зерттеуші позициясына қояды, соған байланысты, студент кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәнін іздеуге қатысушы болады да, оның мәні тұтас әдіс тұрғысынан ғана анықталады. Осы кезеңде педагогикалық қызметтің мәнін қабылдай отырып, педагогикалық іс-әрекеттің алуан түрлі негізгі функцияларын бөліп көрсету жүзеге асырылады. Кәсібилік оның нақты түрлерінде жалпыланған кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің өзгеру әдістерін іздеу үрдісінде одан әрі қалыптасады. Бұл құбылысты оның операциялық құрылымын бөліп көрсету арқылы, ең маңызды қызмет, нақты кәсіби-педагогикалық іс-әрекет мазмұнын түсінуді жобалауда жүзеге асыруға болады. Ең маңыздысы мақсатқа сай болуға байланысты қызметті жатқызуға болады. Бұл жағдайда іс-әрекет мәнінің ашылу механизмін түбегейлі мазмұндық сараптамасымен, операциялармен, содан соң оның жалпы құрылымын жаңа деңгейде құруды бөліп көрсету қажет.
Білімді меңгеру және дамуды сөз еткенде біз «әрекет», «операция» түсініктеріне, яғни іс-әрекетті сипаттайтын категорияларға сүйенеміз. Қазіргі психология мен педагогика адам өзінің белсенді іс-әрекеті барысында дамиды деген ой нық орын алған. Ал белсенді іс-әрекеттің мақсаты және түрткілері болуы керек, алайда іс-әрекеттің дамуы үшін тағы бір шарт қажет. Ол қандай да бір қиындықтар туғызатын күрделі болуы керек, ал ол қиындықтарды жеңу үшін танымдық күш пен тәжірибе іске қосылулары қажет. Басқаша айтқанда, игерілетін жаңа әрекеттер мен операциялар адамның «дамуының ең жақын аймағында» болуы керек. Сонда ғана іс-әрекетті орындау арқылы жеке тұлға жаңа білімді, бейнелерді, түсініктерді меңгереді, немесе өзіндегі барды жақсартады, осылайша жеке тұлғаның дамуы орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет