1. Ақын неге өкініш етті?
2. Ақын баласын қандай оқуға берді?
3. Ондағы мақсаты не?
4. Сол кездегі оқу туралы шектеулі түсінік қандай еді?
5. Аңынның оқуға насихаттағандағы мақсаты не?
6. Ақынның өзі туралы ойы қандай?
Өлең мәтініндегі «махрұм», «қызмет қылу», «шен алу», «қарасөзге дес бермеу»,
«басқа шауып төске өрлеу» деген сөздерге түсінік беріледі, мағынасы айқындалады.
Жазушы М.Әуезовтің: «Көркемөнер - біздің ішкі дүниемізге, жан жүйемізге әсер етіп,
адамдық қалпымызды тәрбиелейді» дегені еске түсіріледі. Әрбір көркем мөтін оқушының
танымдық біліктілігін қалыптасты-рып, эстетикалық деңгейіне қозғау салады. Осы өлең
арқылы жастар оқу-білімге деген көзқарасын, ғылымның мәнін, қоғамға, адамзатқа
пайдалы болып, игілікті істер атқаратындай, азамат болу керектігін түйсінеді.
Осы ой Абайдың басқа да өлеңдерінде жалғасатындығы айтылады. Қазіргі кездегі
«ғылым», «білім» сөздерінің мағынасы ашылып, оқу-білімнің пайдасы ұғындырылады.
Абай өлеңдерін оқытудың өз ерекшелігі бар. Олар шағын лирика ғана емес,
көбісінде эпикалық сипат ба-сым. Сондыңтан Абай өлеңдерін оқуға үлкен дайындық-пен
кіріскен жөн. Ол үшін Абайдың өмірі, өскен ортасы туралы мәліметтерді кірістіріп, Абай
жасаған заманның ерекшелігін түсіндіре кету керек. Осы тұста М.Әуезовтің «Абай
жолынан» үзінділер келтіріп, оқушыларды көлемді шығарма оқуға дайындай беру керек.
Мәселен, Абайдың шығармасына үлкен жаңалың қосатын өлеңі -«Интернатта оқып жүр».
Бүл өлеңде сыншылдың та көп, қоғамы үшін жаны ашушылық та байңалады. Жаңа буынға
басшы болған Абай патшаның билік жүйесіне терең сын айтады. Қазақ баласының ендігі
талаптанатыны тек орыс оқуы болу керектігін Абай бұрын да айтқан. Алайда екі түрлі оқу
бар: бірі патшаға қызмет қылатын шала оқу; екіншісі толық адам болуға бастайтын терең
оқу. Ақын бірінші оқуға баратын баланың халңы үшін залалды адам болып шығатынын
дәлелдейді. Абай жастарға «Сен арман еткен чиновник пен адвокаттарды Толстой,
Салтыков Щедриндер қаншалыңты әшкерелегенін, сорақы кескіндерін әйгілеп
бергендерін ойлаңдар!» дейді. Сөйтіп, Абай адам бойындағы қазынаның үлкені -білім
екенін ескертіп, соған жетуге насихаттайды. Бүл тұста «Абай жолы» романындағы Абай
мен орыс чинов-нигінің кітапханадағы кездесуін айтып кетуге болады.
Поэзия қай дәуірде де адамның көңіл күйін, буырқанған, шабыттанған, күш жігерге
шақырып, қайраттанған, рухтанған, өмірлік мұраттарға ұмтылған сәттерін бейнелі, көркем
суретпен бере алған. Халқымыздың азаттықты аңсауы тек найзамен келе бермеген. Елдің
намысын қайрап, рухын көтеруге өлең жырдың да себі тиген. Алаштың қайраткер түлғасы
М.Шоқай: « Ұлттың төуелсіздік - отаршыл озбырлардың езгісінен, талан-таржысынан
атамекеніміз бен халқымызды құтқару болып табылады», - деген. Өткен дәуірдің
тоқсаныншы жылдарының орта тұсынан былайғы жыр өлеңдер не-гізінен, тәуелсіздікті
жырлап, еркіндік деген үғым жаңа идеялық көркемдік сапада жырлана бастады. Мысалы,
ел мен жер, атамекен, тіл мен дін, мемлекеттік рәміздер секілді таңырыптар желі тартып,
өзіне дейінгі поэзия-да орныңқан дөстүрлерді жалғастырды. Мәселен, Иран-Ғайып,
С.Тұрғынбеков, К.Ахметова, Е.Раушанов, Ғ.Қайырбеков, И.Сапарбай жырларында елдің
егемендікке қол жеткізген сәті тебірене жырланып, оның баянды болуына деген тілек
аңсарлары көрінеді. Ақындар төуелсіздікті жырлаудың ғасырларға кеткен жалғастығын
дәнекерлеп, жаңа көркемдік ізденістерге, тың тақырыптың арналарға, биік күрескерлік
рухқа қадам жасайды
Достарыңызбен бөлісу: