1-сюжет жоспары:
1.
Тоқтарбайдың байлығы, зары, перзент көруі.
2.
Жас Қобыландының ермегі, жылқыға келуі.
3.
Қобыландының Етемістен бата сұрауы.
4.
Қобыландының Көктем Аймақ еліндегі өнері мен ерлігі.
5.
Құртқаның көкала бині көруі және тілегі.
2-сюжет жоспары:
1.
Қараманның Қобыландыға тілегі.
2.
Қобыландының жауабы.
3.
Құртқаның Тайбурылды алып шығуы.
4.
Қобыландының Қазанға аттануы.
5.
Қобыландының сырлы қаланы алуы.
6.
Қобыландының Қазанмен жекпе-жегі.
7.
Қобыландының жау тобын талқандауы.
3-сюжет жоспары:
1.
Қараман мен Қобыландының Көбікті жылқысына тиюі.
2.
Екеуінің Көбіктіге тұтқын болуы.
3.
Қарлығаның қос батырды сынауы.
4.
Қарлығаның Қобыландыға көмегі.
5.
Қобыландының Көбіктіні жеңуі.
4-сюжет жоспары:
1.
Қобыландының елін азат етуге аттануы.
2.
Тоқтарбайдың баласын жоқтауы.
3.
Қобыландыға көмекке келгендер.
4.
Қобыландының Алшағырды жеңуі.
5.
Қобыландының елін азат етуі.
Сабақта мұғалім жырдың оқырманды қызықтырып, еліктіріп отыру себебін
анықтау үшін композициялық құрылысындағы компонентерге назар аудартады.Жырдағы
көлемді монологтар : Естемістің Қобыландыға, Құртқаның Естеміске, Қобыландының
Қараманға, Қарманның Қобыландыға, Қарлығаның Қараманға айтқандары жатады.
Қалғандары шағын монологтар. Тайбурылдың шабысын суреттеуде ұлы даламыздың аң-
құстарынан құлан, құлжа, көкқұтан, дуадақ, ақсұңқар атаулары да туған жеріміздің
табиғатын еске салады. Аллаға, пірге, әулиеге сиынудың мәнінде жырда елеулі маңыз
беріледі.Жыр мәтініндегі бейнелі сөздерден де ұлттық сананы қалыптасатыруға болады.
Жырдағы теңеу, эпитет, ауыстыру (метафора) сияқты көркемдіктер төрт түлік малға
қатысты болып, ұлттық табиғат аясының жан-жануарына, аң-құстарына теңеліп көркем
бейне жасайды. «Тобылғы торы меңді ат, қылшық жүнді қара, қозы жауырын қу жебе,
ақмоншақ ат, бөрі құлақ ен жылқы» сияқты эпитеттер, батырды «сұңқарға, жолбарысқа,
арыстанға, көкжалға» балаған ауыстырулар,бейнелі теңеу сөздер ерлікті жан-жақты
сипаттау, үдете суреттеу үшін қолданылады.
«Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырын оқыту.
Академик М.Әуезов: «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырында ғибрат беру сарыны
күшті қаһарманының бір парасы жамандықтың үлгісі болса, екінші жақсылықтың үлгісі
болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: