Әдеби жанр (французша - тек, түр) термин ретінде шартты түрде екі мағынада
қолданылады. Біріншісі -әдебиеттердің қалыптасқан тектері - эпос, лирика, драма;
екіншісі - әдеби туындылардың түрлері - әңгіме, повесть, роман, поэма, комедия т.б. Жанр
- даму үстіндегі құбылыс. Әрбір тарихи дәуірде белгілі бір жан-рдың түп негізі сақтала
отырып, өзгеріске ұшырайды. Жанрлар туады, дамиды,
өзгереді, жаңадан пайда болады.
Поэзия - әдебиеттің көне саласы. Поэзиялық шығармада сезім басты орында түрады.
Лириканы оңыту әдебиетті оқытудың басты талабынан туындайды.
Дәстүрлі түрде алғанда әдеби тек үшке жіктеліп, әрңайсысының белгілі бір қызметі
ңалыптасады.
Эпос - болмысты белгілі бір уақыт пен кеңістік аясында, оқиғалар шеңберінде,
сюжеттік желі негізінде су-реттейді.
Лирика - адамның ішкі сезім күйін, әр түрлі эмоцио-налдың жағдайын бейнелейді.
Драма - кейіпкерлердің тікелей қатысуымен олардың арасындағы тартыс,
қақтығыстарды әлеуметтік-психологиялық сипатта беруімен ерекшеленеді.
Осылардың ішінде лирика өмірдің алуан түрлі құбылыстарына аңынның
көзқарасын, күйініш-сүйініш сезімін, толғаныс тебіренісін көрсетеді.
Лириканы тал-дау
оңырманды өнерді эмоциялың эстетикалық жағы-нан түсінуге баулиды. Лириканы
оңытуда мынадай мәселелер ескерілу керек:
- алдымен, лириканы оқуда эмоциялық, логикалық бірлікті сақтау керек;
- оқушының лирикалық шығармаға деген көзқарасы болуы шарт;
- өлеңнің әрбір бөліктерін өзара тұтастыру керек. Сол арқылы ақынның айтайын
деген ойы
аныңталуы керек;
- ақын шығармасында ңандай көркемдік құралдарды пайдаланғаны талдану керек;
- лирика мен ақынның бірлігі танылуы шарт. Лириканы терең түсіну үшін қайталап
оқып, басқа ақынның соған ұқсас өлеңдерімен салыстыру керек. Одан соң, мәнерлеп
оқудың мәні үлкен. Академик З.Қабдолов:« Лириканы тақырыбына қарай топтап талдау
оны жазған ақынның творчестволық бітімін пайымдау үшін айырықша мәні бар нәрсе:
оның әр түрінен ақынның бір қырын тануға болады» - десе, ғалым Ж.Дәдебаев:
«Лирикалық шығармада ақын өмірден, айналасынан көргені
мен білгендерін ғана жазып
қоймай, сол құбылыстардан лирикаға арқау боларлықтай ең басты асыл қасиеттерін тани
білу керек», - деген нақты ой түйеді.
«Өлең» үғымы ХІХ-ХХ ғасырларда нақты мазмұн иеленді. Өлең - өлең сөзбен
жазылған, лирикалық сипаты басым шағын әдеби туынды. Өлең белгілі бір ырғаққа
бағындырыла оңылады. Өлең шумақтан, тармақтан, бунақтан, буыннан, ұйқастан тұрады.
Барлық тілдегі өлең тармағының негізгі өлшем бірлігі - буын. Буынның фонетикалық
сипатына әуез, екпін секілді белгілер тән. Соған орай, өлең жүйесі метрикалың,
силлабикалық,
то-никалық, силлабо-тоникалың болып жіктеледі.
Көркем әдебиет өзінің бар болмысымен сол халықтың танымын, өткендегісі мен
болашағын бейнелейді. Әдебиеттің ұлттық ерекшелігі халықтың тарихи дамуымен тығыз
байланысты. Ал, оның қайнар бұлағы - фольклорлық мұра - көркемөнер дамуына ұдайы
елеулі ықпал жасап отыратын шығармашылық фактор.
Фольклор мұраларында кездесетін мифологиялық кейіпкерлер адам танымының әр
түрлі даму кезеңін көрсетеді.
Мыстан кемпір. Ол - айлакер әйел, қулықпен күн кешкен.
Алдап-арбаудың небір
түрлерін, амал-айласын білген. Өзімізге жақсы таныс «Алпамыс батыр» жырында
батырдың алдын орап, майда тілмен оны дегеніне көндіріп, шырмауына түсіретіні
белгілі.Мыстан бейнесінің жырларда берілуі жөнінде зерттеуші Ш.Ыбыраев мынадай
пікір айтады: «Мифтік ұғымдардан қазақтың көне эпостарында
көптеген белгілер
сақталған. Жалпы, көне эпостарда ерекше жинақталып, тұтас көрінетін жауыздық бейне -
мыстан кемпір. Ол бірде айлакер, барлық жағдайды күні бүрын болжагі отыратын, сөйтіп,
батырдың жолына алдын ала тор құратын жауыз кемпірдің кейпінде сурет-телсе, бірде
жеті басты жалмауыз, нағыз дүлей күштің иесі ретінде суреттеледі». Яғни, мүндай сырт
кейпі ұсқынсыз бейне жыр сюжетін ерекше қызықты, шытырманды ете түседі.
Албасты - мифологиялың көне кейіпкер. Бұл ретте ғалым С.Қасқабасов мынадай ой
айтады: «көне мифоло-гиядағы рух-иелер алғашқы қауым мифінде дүниені жаратушы өрі
күллі өлемнің иесі болып көрсетіледі. Мүндай кейіпкерлердің
қалдығы кейінгі заманда
қалыптасқан жанрларда да, мысалы ертегі, эпостарда да көрініс береді».
Пері - көбіне салқын жерде, көбіне су жағасын мекендейді. Ол сұлу қыз
түрінде көрінеді. Перінің мұсылман жөне кәпір перісі болады. Мұсылман перісі көбіне
адам үшін зиянсыз болады. Бұл бейне де ертегі-аңыздарда өйел бейнесінде беріледі. де
адамға тән. Міне, бұл кейіпкерлер адамның көне ойлаудағы
танымынан хабар бере
отырып, халықтың байырғы ұғымдардың менін ашады.
Достарыңызбен бөлісу: