1-дәріс. Тақырыбы: Экономика және кәсіпкерлік негіздері пәні, әдістері мен атқаратын қызметтері


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



бет19/22
Дата22.04.2023
өлшемі116,58 Kb.
#85612
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Дәрістер қаз 2022-2023 Экономика және кәсіпкерлік негіздерінен

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

1

Әр кезде жұмыспен қамтылмаған жұмысшы күшінің үлесі







A

кезеңдік жұмыссыздық







B

жұмыссыздық деңгейі







C

жұмыссыздықтың табиғи деңгейі







D

жасырын жұмыссыздық







E

фрикциондық жұмыссыздық







2

Жұмысқа жарамды азаматтар категориясы

A

зейнеткерлер

B

жасы 16-ға толмаған жастар

C

3-ші топтағы мүгедектер

D

жұмыссыздар

E

жасөспірімдер

3

Жұмыссыздықтың жақсы жағы ... көрінеді:




A

біліктілікті жоғалту




B

жұмысбастылардың жұмыс тәртібінің жоғарылауы




C

экономикалық потенциалды толығымен пайдаланбау




D

ұлттың психикасының бұзылуы




E

отбасының, халықтың жұмыс деңгейінің төмендеуі




4

Жұмыссыздықтың жағымсыз жағы:




A

жұмысбастылардың жұмыс тәртібінің жоғарылауы




B

өндірістің ұлғаюының алғы шарттары ретіндегі жұмыс күшінің қоры




C

халықтың жұмыс деңгейінің төмендеуі




D

кәсіподақтың жалақыны көбейту жөніндегі талаптарды қалыптастырады




E

кәсіпкерлікке деген ынтаны жоғарылатады




5

Салалар мен аймақтардың біркелкі жетілмеуінен пайда болған жұмыссыздық түрі




A

фрикциондық




B

құрылымдық




C

институционалдық




D

циклдық




E

өз еркімен







1

13
апта№ 13
дәріс

13-дәріс. Тақырыбы: Мемлекеттік реттеу: маңызы, мақсаттары, құралдары.

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


1.Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі.
2.Экономиканы мемлекеттік реттеу: мақсаттары, атқаратын қызметтері, құралдары.
3.Ақша-несие жүйесі. Ақша-несие саясаты.
4.Мемлекеттік бюджет.
5.Қаржы жүйесі.


Дәрістің қысқаша мазмұны:
Экономиканы мемлекеттік реттеу – мемлекеттің ел экономикасына қатысу формаларын әлеуметтік-экономикалық процестерге әсер етуші әдістер мен тәсілдерді қарастырады, сөйтіп тиімді нарықтық қатынастар қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік реттеудің мақсаты – қазіргі заманғы нарықты қалыптастыру, яғни әр-түрлі тауарларға сұранысты қанағаттандыру, қызмет көрсету деңгейін арттыру, дефицитті жою болып табылады.
Нарық үшін әкімшіл-әміршіл жүйенің қажеті жоқ, оған ерекше инфрақұрылым қажет. Ал мемлекеттік реттеу – осы инфрақұрылымды жасап, оның тиімді іс-әрекет етуіне қол жеткізуі қажет, яғни мемлекеттік реттеу нарықтық экономиканың кемшіліктерінің орнын толтыруы қажет.
Мемлекеттің экономикаға тікелей әсер етуіне мыналар әсер етеді:

    • индикативті жоспарлар арқылы ел экономикасы дамуының стратегиялық мақсаттарын анықтау;

    • белгілі бір тауарды жеткізу үшін мемлекеттік тапсырыстар мен келісім-шарттар;

    • бағдарламалар, тапсырыстар және шарттарды мемлекеттік қолдау;

    • технология мен өнімнің сапасына нормативтік талаптар қою;

    • белгілі бір тауарларға құқықтық және әкімшілік шектеулер қою;

    • тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау.

Мемлекеттік реттеудің жанама әсер ету әдістері:

    • салық салу және салық деңгейі, жеңілдіктер жүйесі;

    • бағаны реттеу және оның деңгейімен арақатынасын анықтау;

    • ресурстар үшін төлемдер, кредиттеге, пайыздық ставкаға жеңілдіктер беру;

    • экспорт және импортты кедендік реттеу;

    • валюта курстары, оларды айырбастау шарттарын реттеу.

Көптеген экономистер салықтық реформаны тиімді деп санайды, сонымен бірге қатаң реттеушіліктердің босаңсуы экономикаға тиімдірек жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бірақ мұндай проблемалардың көпшілігі Паретто бойынша жақсы болып табылмайды. Жеңгендер немесе табысы жоғарлағандар саны көп болса, салықтық өзгерістерден кейін зардап шегетіндер табылады. Осы факт реформаны қиындатады. Ерекше мүдделі топтар сол салықтың режимді орнату үшін көптеген уақыт пен ақшаларын жұмсайды.
Барлық елдерде жүргізіліп отырған саясат елдің экономикасын дамытуға бағытталуы тиіс, яғни ол халықтың әл-ауқатын жоғарлатып, экономикалық тұрақтылыққа негізделуі тиіс. Сол себепті мемлекет әртүрлі экономикалық саясат жүргізеді, олар: қаржы-несие саясаты; фискальді саясат; еңбек ақы және тариф саясаты; мемлекеттік инвестиция саясаты; әлеуметтік саясат т.б.
Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байлаысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

  1. Рестрикциялық ақша-несие саясаты;

  2. Экспанциялық ақша-несие саясаты.

Рестрикциялық ақша-несие саясаты - екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты - несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты сипатталады.
Қаржылық саясат нақты шаруашылық өмірде қаржылық механизм арқылы пайда болады. Ол өзі мекеменің әдістерін және түрінің нысанын, қаржылық басқару және жоспарлауды айқындайды. Қаржы жалпы экономикалық категория болғандықтан, ол жекеленген субкатегориялардан тұрады. Онда белгілі бір дәрежеде салық саясатының, бюджеттік саясаттың және оларға сәйкес механизмдер – салықтық, бюджеттік, қаржылық жоспарлардың, қаржылық басқарудың, қаржылық-құқықтық өзбеттілігін бөліп көрсетуге болады.
Қаржылық механизм өз құрамына қоғамдық-экономикалық өмір деңгейіндегі және сферасындағы барлық қоғамдық өнім элементтерінің, материалдық емес игіліктер, қызметтердің құрамына кіретін кеңейтілген қаржылық ресурстар – нақты, адрестік, шын нәтижелер, яғни мемлекет арқылы белгіленген қаржылық шараларды жатқызады. Қаржылық саясат пен қаржылық механизм экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болғандықтан кеңейтілген өқндіріс процесінің дұрыс ағымы осларға тәуелді болып келеді.
Қазақстан жағдайында қаржылық саясаттың міндеті – қаржылық механизм арқылы экономиканы кризистен шығару және оның жолдарын табу, халық шаруашылығының құрамын қайта құру мақсатында, шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту, мемлекеттің үлесін азайтып, жекеменшік құру, ішкі экономикалық қызметті кеңейту және дамыту болып табылады. Республикада нарық экономикасына көшу бағдарламалары, қаржылық механизм және саясат жүргізілуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет