1-дәріс. Тақырыбы: Экономика және кәсіпкерлік негіздері пәні, әдістері мен атқаратын қызметтері


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



бет21/22
Дата22.04.2023
өлшемі116,58 Kb.
#85612
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Дәрістер қаз 2022-2023 Экономика және кәсіпкерлік негіздерінен

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

1

Жалақының негізгі нысандары:

A

мерзімдік және келісімдік

B

аккордық-сыйақы

C

табыс пен пайда

D

бюджеттік және кәсіпкерлік

E

минималды және максималды

2

Жердің табиғи сапасындағы өзгешелікке байланысты рентаның түрі:

A

абсолютті рента

B

рентаның барлық түрлері

C

1 дифференциалды рента

D

монополиялық рента

E

2 дифференциалды рента

3

Ұлттық банк қызметтері мыналар:

A

мемлекеттің алтын валюталық резервтерін сақтау

B

есеп айырысу мен аударым операцияларын жүргізу

C

мемлекеттік мекемелерге кассалық қызмет көрсету

D

жеке тұлғаларға кассалық қызмет көрсету

E

депозит бойынша қызмет көрсету

4

Егер ақшаның номиналдық құны өзгермесе, ал тауарлар мен қызметтер бағасы 2-есе өсіп кетсе, онда ақшаның төлем құны:

A

1,5-есе өседі

B

2-есе өседі

C

4-есе төмендейді

D

2 есе төмендейді

E

өзгермейді

5

Тоқырау фазасында мемлекеттің экономиканы дамыту үшін қолданатын құралдарға жатпайтыны:

A

мемлекеттік инвестициялар саясаты

B

шаруашылық белсенділігін ынталандыру саясаты

C

ақша-несие саясаты

D

жалақы мен тарифтер саясаты

E

фискалдық және монетарлық саясат




1

15
апта№ 15
дәріс

15-дәріс. Тақырыбы: Халықаралық экономикалық қатынастар. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу.

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


1.Халықаралық еңбек бөлінісі және елдің бәсекелестік қабілеттілігі. 2.Салыстырмалы артықшылықтар теориясы.
3.Халықаралық еңбек бөлінісіндегі Қазақстанның орны. Жаһанданудың қазіргі тенденциялары.
4.Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің мақсаттары мен құралдары. 5.Әлемдік интеграциялық процестер мен халықаралық экономикалық ұйымдарға Қазақстанның қатысуы.


Дәрістің қысқаша мазмұны:
Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз - ұлттық шаруашылықтардың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады.
Дүниежүзілік шаруашылық өзара байланысты 2 жүйеден - ұлттық шаруашылықтардың жиынтығы мен халықаралық экономикалық байланыстардан тұрады. Оның дүниежүзілік шаруашылықты байланыстыратын бірнеше элементтері бар. Мысалы, егер бұл категорияға техникалық-экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы жалпы бір заңдылыққа бағынады. Сондай-ақ, қоғамдық құрылымның сипаты мен жекелеген елдердің ұлттық шаруашылығы, әр мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты - оның басқа елдермен экономикалық байланыстарының бағытын, дүниежүзілік шаруашылықтың әлеуметтік-экономикалық сипатын көрсетеді.
Әлемдік экономика- экономикадағы жалпы заңдылықтармен бірге, нақтылы болып жатқан құбылыстарды да зерттейді.
Ұлттықэкономиканың дүниежүзілік шаруашылықпен қосылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Кез келген мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыс жүйесіндегі ең сезімтал тұсы- оның экономикалық саясаттағы, яғни халықаралық байланыстар жүйесінде атқарып отырған қызметінде.
Қазіргі кезде кез келген мемлекеттің сыртқы экономикалық байланысы, оның көлемі, құрылымы, ол байланыстардың бейнесі барлығы- ұлттық шаруашылықтың дүниежүзілік байланыстағы деңгейін көрсетеді.
Әлемдік шаруашылық және оның бір бөлігі болып халықаралық экономикалық қатынастар саналады.
ХЭҚ-тың негізгі формаларына жататындар: халықаралық сауда; капитал қозғалысы; жұмысшы күші миграциясы; халықаралық жұмысшы күші миграциясы; халықаралық өндірісті кооперациялау; ғылыми-техникалық айырбас; валюта-несие айырбасы.
Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы және әлемдік экономикалық қатынастар – елдер арасындағы өндірістік күш пен өндірістік қатынастардың деңгейімен анықталады. Әлем әртүрлі әлеуметтік-экономикалық жүйеге бөлінген. Олар халықаралық топтарға бірігеді.
Халықаралық тәжірибеде елдерді топтастырғанда негізгі үш топқа бөлеміз: 1) нарық экономикасы дамыған елдер; 2) экономикасы-нарық жүйесіне өту барысындағы елдер; 3) дамушы елдер.
І топқа нарық экономикасы дамыған 24 мемлекет кіреді. а) “Үлкен жетілік”; ә) Еуропалық одаққа кіретін елдер; б) Еуропалық еркін сауда ассоциациясына кіретін елдер.
ІІ топқа шығыс Еуропаның бұрыңғы социалистік жүйедегі елдері, бұрыңғы ССРО елдері жатады.
ІІІ топқа Азия, Латын Америкасы, Африка елдерінің 141 елі кіреді.
Халықаралық еңбек бөлінісі – мемлекет ішінде және мемлекетаралық еңбектің даму қортындысы болып табылады. Еңбек бөлінісі – ол нақты еңбектің бөлінуі. Еңбекті бөлудің түпкі мақсаты – өнім шығарудың әдісі, яғни халықаралық еңбек өнімін өсіруге саяды.
Қоғамдық еңбек бөлінісі өзінің кәсіптік қызметіне байланысты мынадай формаларға бөлінеді: а) жалпы, ә) меншіктік; б) бірыңғай кәсіпорындар.
Халықаралық еңбек бөлінісін дамытуға ықпал ететін бірнеше факторлар бар: 1. Елдердің табиғи-географиялық орны; 2. Ғылыми-техникалық прогресс; 3. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар.
Халықаралық еңбек бөлінісі қоғамдық еңбек бөлінісінің ең жоғарғы көрінісі, мемлекетаралық экономикалық байланыстардың негізі және жалпы экономикалық өзара тәуелділіктің объективтік бастамасы.
Еңбек бөлінісінің 4 формасы бар:

    1. адамдардың жасы мен жынысы арасындағы еңбек бөлінісі;

    2. қоғам ішіндегі;

    3. территориялық еңбек бөлінісі;

халықаралық еңбек бөлінісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет