Теруге: Редактор Д. Ақышев



жүктеу 0.73 Mb.

бет1/7
Дата06.03.2017
өлшемі0.73 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

Теруге: 

Редактор 

 

 

 

Д.Ақышев 

 

 

«Экономикалық шолу» шығарылымының мазмұны №2,3 2009 

 

№ 

Мақаланың атауы 

Автор 

Бөлімше 

Көлемі, 

бет 

Ақша-кредит саясатының дамуы 

1. 


Ақша-кредит саясатын 

модельдеу: пайыздық ереже 

Қоңырбаева Б. М. 

Зерттеу жəне статистика 

департаменті 

12 


Экономика жəне қаржы нарығы: аймақтық аспектілер 

2. 


Батыс Қазақстан облысының 

пластикалық карталар 

нарығы, проблемалары жəне 

даму жолдары 

Ізбасаров Б.И. 

Батыс Қазақстан 

филиалы 

3. 



Қазақстан Республикасының 

валюталық жəне банктік 

заңнама нормаларын 

бұзғаны үшін əкімшілік 

жауапкершілік 

Белобородова О.Э. 

Маңғыстау филиалы 2 

4. 


Дағдарыс эволюция элементі 

ретінде 


Ибраева А. 

Атырау филиалы 2 

5. 

Пластикалық карточкалар 



нарығының жетістіктері 

Мурзагалиева Г.А. 

Маңғыстау филиалы 2 

6. 


Қолма-қол шетел 

валютасына дүрлікпе 

сұранысқа – тосқауыл 

 жəне валюталық 

заңнаманың кейбір 

мəселелері туралы 

Сатыбалдина Г.К. 

Батыс Қазақстан  

филиалы 

7. 



Дағдарыс кезеңінде 

Павлодар облысы 

экономикасының жай-күйі 

Ескендірова А.Р. 

Павлодар филиалы 5 

Проблемалар мен пайымдаулар 

8. 


Электрондық ақша ұғымы 

жəне қызмет атқару 

модельдерін талдау 

Ашықбеков Е.Т. 

Төлем жүйелері 

департаменті 

9. REIT 


жылжымайтын мүлік 

қорлары 


Осипов И.В. 

Зерттеу жəне статистика 

департаменті 

10. 



Мемлекеттік тілде іс 

қағаздарын жүргізу – бүгінгі 

күн талабы 

 

Құланбаева А.Қ. 



Павлодар филиалы 4 

11. 


Салымдарды кепілдендіру 

Оразбаев Е.К. 

Жамбыл филиалы 2 

Шет елдердің тəжірибесі 

12. 


Сингапурлық «Темасек» 

холдингі – мемлекетті тиімді 

басқарудың  

бірегей  үлгісі 

Нұрқанова А. М. 

Ақмола филиалы 5 



 

Заңнамаға түсіндірме 

13. 


Қазақстан Республикасының 

кейбір заңнамалық 

актілеріне валюталық реттеу 

жəне валюталық бақылау 

мəселелері бойынша 

енгізілген өзгерістер мен 

толықтырулар туралы  

Шауашеков А.Т. 

Қарағанды филиалы 3 

Тарихи анықтама 

14. 


Ежелгі тангадан - теңгеге 

дейін 


Данченко Е.А. 

Орталық филиалы 2 



Всего   

 

 

56 


 

 


 

АҚША-КРЕДИТ САЯСАТЫНЫҢ ДАМУЫ  



 

Ақша-кредит саясатын модельдеу: пайыздық ереже  

Б. М. Қоңырбаева, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Зерттеу жəне 

статистика департаменті экономикалық зерттеулер басқармасының сарапшысы 

 

Танымал американдық экономист Дж. Тейлор (1993 жылы) АҚШ-тың Федералды 

Резервтік  жүйесі  үшін  монетарлық  саясат  ережесін  жасаған  кезден  бері      көптеген 

орталық  банктер  өз  елдері  үшін  осындай  ережелер  дайындауға  талпынысты  жүзеге 

асыруда.  

Бұл  жұмыста  монетарлық  ережелерді  ретроспективті  жасау  мақсатында 

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің  (бұдан  əрі – Ұлттық  Банк)  ақша-кредит 

саясатына талдау жүргізіледі.  

 

Ақша-кредит саясатын жүргізудің ескі тəсілі «дискрециялық» («еркін») деп аталатын 

тəсіл.  Дискрециялық  тəсіл  бойынша  шешімді  қабылдаған  тұлғаның  шешім  қабылдауға 

формальды  критерийлері  жоқ  жəне  шешімді  таза  түйсінумен  қабылдайды.  Əсерлеп  айтар 

болсақ,  ол  терезеге  қарайды  да  экономиканың  «аса  ыстық»  немесе  «аса  салқын»  болуына 

тəуелді саясатты икемдейді. Дискрециялық тəсілдің ұтымды жағына экономиканың жай-күйі 

күрт  нашарлаған  кезде  жауап  қатудың  шапшаңдығын  жəне  кез  келген  сəтте  жүргізіліп 

отырған саясатты неғұрлым бара-бар саясатқа ауыстыруға қабілеттілігі. 

Дискрециялық  тəсілге  балама  ретінде  монетарлық  саясатты  жүргізу  үшін  нұсқама 

басшылық  ретінде  айқындалған  монетарлық  саясат  ережесін  пайдалану  болып  табылады. 

Монетарлық  ережелерді  пайдалану  айқындылық  жəне  шешім  қабылдаудың  болжамдылығы 

талаптарына сəйкес келеді.   

Ақша-кредит  саясатының  мақсатына  байланысты,  монетарлық  ережелер  пайыздық 

ставкалар ережесіне, айырбастау бағамы ережесіне жəне т.б. болып бөлінуі  мүмкін. 

Монетарлық ережелердің неғұрлым пысықталған сыныптарына зерттеу бастамасы /1/ 

жұмысқа алып келетін пайыздық ставка ережесі жатқызылады. Онда  АҚШ-тың монетарлық 

саясатын  талдау  негізінде 1987 – 1992 жылдар  аралығындағы  кезеңде  АҚШ-тың  пайыздық 

саясаты  монетарлық  ережемен (Тейлор ережесі) сипатталуы мүмкін екендігі анықталды:  

i

t

 = 



⎯i + π

t

 + 1.5(



π

t

 - 2) + 0.5y



t

,  


мұндағы  i

t

 – t тоқсанындағы  федералдық  қорлардың  ставкасы, 



⎯ i – федералдық 

қорлардың  орташа  ставкасы  (Тейлорда 4% (1993)), 

π

t

- 4-тоқсан  инфляция, y



шығарылым 

ауытқуы. Мұнда федералдық қорлардың ставкасы 2% деңгейінен ауытқуына жəне тиісінше 

шығарылым ауытқуына 1,5 жəне 0,5 коэффициенттерімен жауап береді. 

Бұл ереже федералдық қорлардың ставкаларын оның инфляцияға, инфляцияның тепе-

теңдік  деңгейінен  ауытқуына  жəне  шығарылымның  тепе-теңдік  мəннен  ауытқуына 

түзетілген орташа мəні деңгейінде белгілеуді «нұсқайды». Осы ережеге сəйкес инфляцияның 

тепе-теңдік мəннен ауытқуы шығарылымның тепе-теңдік мəннен ауытқуына қарағанда үлкен 

түзетуге алып келді.   

Монетарлық ереже орталық банктің алдына қойылған негізгі мақсатпен айқындалады. 

Егер,  мысалы,  орталық  банктің  мақсаты  инфляцияны  бақылау  болып  табылса,  онда  

монетарлық  саясат  ережесі  ретінде  пайыздық  саясат  ережесі  қолданылуы  мүмкін. 

Басқарылатын  айырбастау  бағамы  режимі  жағдайында  монетарлық  саясат  ережесі  ретінде 

айырбастау бағамы ережесі таңдап алынуы мүмкін.   

Монетарлық  ереже  рұқсат  етілетін  көптеген  шешімдердің  ішінен  алға  қойылған 

мақсатқа  неғұрлым  жауап  беретін  шешімді  таңдап  алуға  мүмкіндік  береді.  Рұқсат  етілетін 

көптеген  шешімдерге  не  экономиканың  жалпы  жағдайын  сипаттайтын,  не  ақша-кредит 

саясатының  макроэкономикалық  көрсеткіштерге  трансмиссиясын  ғана  сипаттайтын 

шектеулер қойылады.  


 

Қазіргі  кезде  Ұлттық  Банк  ешқандай  монетарлық  ережені  нақты  түрде 

пайдаланбайды.  Сонымен  бірге  шешім  қабылдау  кезінде  Ұлттық  Банкте  əзірленген 

Қазақстанның  макроэкономикалық  моделі  (ҚМОД)  жəне  монетарлық  саясаттың 

макроэкономикалық  көрсеткіштерге  ықпалын  модельдейтін  трансмиссиялық  механизм 

моделі (ТМ моделі) пайдаланылады. 

Алайда,  декрециялық  монетарлық  саясатты,  ФРЖ  монетарлық  саясатын 

декларациялауға қарамастан белгілі бір кезеңдерде Тейлордың монетарлық ережесі түрінде 

сипаттауға  болатыны  сияқты  Ұлттық  Банктің  ақша-кредит  саясатын  қолайлы  дəлдік 

деңгейінде сипаттайтын ережені табуға  тырысуға болады.  

Бұл  үшін  Ұлттық  Банктің    монетарлық  саясаты  белгілі  бір  кезеңде  белгілі  бір 

монетарлық ережеге сəйкес келгені туралы жорамалды тексеру қажет. Мұндай зерттеулердің 

2006  жылдың  өзінде-ақ  Қазақ  Ұлттық  университетінде  жүргізілді (/5/). Бұл  жұмыста 

экономиканың əр түрлі даму кезеңдеріндегі Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының белгілі 

бір ережелері бар екендігі расталады. Бұл ретте талданып отырған уақыт аралығында Ұлттық 

Банктің  пайыздық  ставкалары  үшін  белгілі  бір  ережелерді  анықтау  мүмкін  болған  жоқ, 

алайда олар банкаралық кредиттер ставкасы үшін табылды.  

Бұл талдау жүргізілгеннен бері 3 жылдан астам уақыт өтті жəне біз Ұлттық Банктегі 

пайыздық ставка жүзеге асырылатын пайыздық ставка ережесі түріндегі монетарлық ережені 

табуға əрекеттенуді қайталаймыз.  



Ұлттық  Банктің  монетарлық  саясатының  кейбір  монетарлық  ережеге  сəйкес 

келуіне ретроспективтік талдау.  

Негізгі  жорамал  Ұлттық  Банктің  пайыздық  ставкасының  кейбір  пайыздық  ережеге 

сəйкестігінің болуы. 

Жалпы жағдайдағы пайыздық ереже мынадай түрде болады (3): 

(

)

(



)

⎥⎦



⎢⎣





+



+

+



+

+



=

+

t



e

gap

e

t

gap

y

t

t

t

y

i

i

γ

γ



π

π

γ



π

ρ

ρ



1

1

1



1

*

 , (2) 



мұндағы 

t – уақытша көрсеткіш, 

i – орталық банктің таргеттелетін пайыздық ставкасы, 

π

t



 – инфляцияның ағымдағы мəні, 

π

*



 – инфляцияның мақсатты мəні, 

e – номиналды айырбастау бағамы, 

gapy

t+1


 - жалпы ішкі өнімнің  (ЖІӨ) оның тепе-теңдік мəнінен ауытқуы, 

t

e

gap - айырбастау бағамының оның тепе-теңдік мəнінен ауытқуы, 

γ

π



 , γ

y

 , γ



e

 – коэффициенттер, 

ρ – деңгейлестіру коэффициенті. 

Бұл  ереже    былайша  түсіндіріледі.  Орталық  банк  алдағы  уақытта  мынадай  үш 

жағдайда өзінің 

i

1

+  пайыздық ставкасын өзгертуге шешім қабылдайды:  

(1)  егер  алдағы  уақытта  инфляцияның  болжамды  мəні  оның  мақсатты  мəнінен 

ауытқыса (π

t+1

 – π* ≠ 0);  



(2)  егер  алдағы  уақытта  шығарылым  оның  тепе-тең  мəнінен  ауытқуы  болжанса (gap 

y

t+1



 ≠ 0);  

(3) егер айырбастау бағамы оның тепе-теңдік деңгейінен ауытқуы болжанса (gap e

t

 ≠ 


0). 

Орталық  банктің  жаңадан  енгізулерге  тікелей  жауап  қатуы  квадрат  жақшалардағы 

түсіндірулермен  беріледі.  Қалған  бөлігі  ρ  деңгейлестіру  коэффициентін  енгізу  арқылы 

монетарлық  саясаттағы  күрт  секірістерді  болдырмауға  мүмкіндік  беретін  ішінара  түзету 

тетігін  модельдейді.  Бұл  тетік  орталық  банктің  пайыздық  ставканың  нақты  мəнін  белгілеу 

үшін ставканың алдыңғы мəні мен монетарлық ереже бойынша алынған ставка арасындағы 

салыстырмалы  түрде  алынған  орташа  салмақпен  ρ  пайдаланатынын  болжамдайды.  ρ 

коэффициенті [0,1] аралығындағы  мəнді  қабылдайды.  ρ = 0 болған  кезде  орталық  банк  өз 



 

саясатында ешқандай сабақтастықты ұстанбай, экономикадағы өзгерісті барынша сезінеді. ρ 

= 1 болған  кезде  орталық  банк  экономикадағы  кез  келген  өзгеріске  жауап  ретінде  өзінің 

пайыздық ставкасын ауыстырады.  

 (2) теңдеуін пайдалану кезінде көрсеткіштердің болжамдық мəнінің болуы белгілі бір 

күрделілікті туғызады.  

Шешімін  талап  ететін  бірінші  проблема  модельдеу  мақсаттары  үшін  пайыздық 

ставканы таңдау болып табылады.  

Ресми қайта қаржыландыру ставкасы Ұлттық Банктің басқа ставкаларын айқындайды: 

Ұлттық Банктің кредиттері жəне депозиттері бойынша ставкалар ашық нарық операциялары 

үшін, оның ішінде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарымен операциялар үшін ставкалар 

дəлізін  айқындайды.  Сондықтан  ол  негізгі  ставка  роліне  негізгі  үміткер  болып  табылады. 

Оның  негізгі  бəсекелестері  болып  көлемі  жағынан  барынша  үлкен  ашық  нарықтың 

операциялары  бойынша  ставкалар  болып  табылады.  Банкаралық  қысқа  мерзімді TONIA 

ставкаларын  пайдалану  мүмкіндігі  атап  айтқанда  сол  арқылы  Ұлттық  Банк  экономика 

кредиттері бойынша банктік ставкаларға ықпал етеді. 

Көрсетілген 3 ставка  бойынша  монетарлық  ережені  модельдеу  нəтижелері 1-

қосымшада көрсетілді (1-3 ереже). Оны сондай-ақ мынадай түрде жазуға болады

1



 



1-ереже (қайта қаржыландыру ставкасы үшін): 

 

D(REF_RATE) = 

0.22*D(REF_RATE(-1)) 

+ (1-0.22)*(0.09*D(INF4(0)-INF4_TARG(0)) 

 (0,066) 

 

(0,060) 



 

 

 



 

+ 0.07*D(EXRATE(3)-EXRATE_HP(3)) 

+ 0,00028*D((GDP(0))-(GDP_HP(0)))) 

 

 (0,028) 



 (0,0007) 

 

 



 

- 10.16*D1997Q2  

+ 4.62*D1998Q4  

-0.31 


 (1,000) 

 (0,993) 

(0.145) 

 

2-ереже (ноталар бойынша ставкалар үшін): 



 

D(NOTERATE) = 

0.14*D(NOTERATE(-1)) 

+ (1-0.14)*(0.12*D(INF4(4) - INF4_TARG(4)) 

 

(0,057)  



(0,061) 

 

 



 

- 5,55 


+ 0.06*D(EXRATE(3) - EXRATE_HP(3)) 

+ 0,00002*D((GDP(2))-(GDP_HP(2)))) 

 1,094 

 (0,028) 



 (0,0007) 

 

 



 

- 10,94*D1997Q2 

+ 4.46*D1998Q1 

+ 6,32*D1998Q4 

 (1,070) 

 (1,068) 

 (1,104) 

 

 



3-ереже (TONIA ставкасы үшін): 

 

D(TONIA) = 



0.059*D(TONIA(-3)) 

+ (1-0.059)*(0.14*D(INF4(2)-INF4_TARG(2)) 

 

(0,077)  



(0,071) 

 

 



 

 

+ 0.13*D(EXRATE(3)-EXRATE_HP(3)) 



+ 0,001*D((GDP(4)) - (GDP_HP(4)))) 

 

 (0,037) 



 (0,0008) 

 

 



 

 - 


7.33*D1997Q2 

[AR(1)=-0.24] 



 

 (2,386) 

 (0,0139) 

 

1-ші  жəне 2-ережелердің  сипаттамалары  жуық.  Бұл  ережелердің  екеуі  үшін  де 



айырбастау  бағамының  тепе-тең  мəннен  ауытқуы  елеулі  түрде,  ЖІӨ-нің  тепе-тең  ахуалдан 

                                                 

1

 Жақша ішіндегі коэффициенттер ретінде стандарттық қателер келтірілді 



 

ауытқуы  елеусіз  деңгейде  болды.  Инфляцияның  тепе-тең  мəннен ауытқуының  мəнділігі  екі 

ереже үшін де жол берілетін шекте болады: 0,06 –  2-ереженің ставкасы үшін жəне 0,14 – 1-

ереже үшін. Детерминация коэффициенті 1-ереже үшін 0,80, 2-ереже үшін – 0,84 құрайды. 

Екі ереже де пайыздық ставканы таңдау кезінде айтарлықтай пəрменділіктің болуын 

көрсетеді. Мысалы, 1-ережеде қайта қаржыландыру ставкасы лагы кезінде коэффициент (бұл 

деңгейлестіру коэффициенті де) 0,22-ге тең, ал 2-ережеде 2 – 0,14.  

Сонымен  қатар  жекелеген  ауыспалы  көрсеткіштер  кезінде  қорытындылаушы 

коэффициенттер  (сандық  коэффициенттерді  көбейтуден  алынған)  біршама  аз  болады. 

Мəселен, 1-ережеде  «инфляцияның  ауытқуы»  ауыспалы  мəні  кезінде  қорытындылаушы 

коэффициент – 0,07 тең, «айырбастау бағамының ауытқуы» ауыспалы мəні кезінде  – 0,05, 

«ЖІӨ-нің  ауытқуы»  ауыспалы  мəні  кезінде  – 0,0002. 2-ереже  үшін  осы  коэффициенттер 

тиісінше: 0,016, 0,008 жəне 0,000003 болады.  

Екі  ережеде  де  ставкалардың  пəрменділік  деңгейі  жоғары  болған  кезде  пайыздық 

ставканың болашақтағы өзгерістерінің жоғары болжамды болуына алып келеді

1

.  



3-ереженің  сипаттамасы (TONIA банкаралық  ставкасы)  бастапқы  екі  ереженің 

сипаттамаларынан  айтарлықтай  айырмасы  болады. 3-ереженің  детерминация  коэффициенті 

төмен (0,47) болады,  өзінің  бастапқы  мəндерінен  айтарлықтай  сабақтастықты  көрсетпейді. 

Сонымен  бірге  ол  инфляциядан  жəне  айырбастау  бағамынан  да  жəне  ЖІӨ-ден  де 

статистикалық айтарлықтай тəуелділігін көрсетеді.  

Мұндай  айырмашылық TONIA ставкасының  нарықтық  ставка,  ал  қалған  екеуі 

басқарылатын болып табылу фактісімен толық келісіледі. 

Баяндалғандарға  сүйене  отырып, 1-ереже  жəне 2-ереже  іс  жүзінде  қолдану  үшін 

неғұрлым сəйкес келетін сияқты. 

Векторлық  авторегрессия  модельдерін (VAR – модельдерді)  пайдалана  отырып 

монетарлық саясат ережелерін талдау. 

Векторлық авторегрессия модельдері (VAR) бірнеше қатарды бір мезгілде модельдеу 

үшін қолайлы құралды білдіреді. Алайда бізді қызықтыратыны бір мезгілде модельдеу емес,  

инфляцияның,  ЖІӨ-нің  жəне  айырбастау  бағамының  олардың  тепе-теңдік  мəндерінен 

ауытқу  күйзелістеріне  пайыздық  ставкалардың  жауап  қату  (əсерін  сезіну)  диаграммасы 

түрінде  көрнекі  түрде  ұсынуға  мүмкіндік  беретін VAR модельдерінің  құралдары  көбірек 

қызықтырады.  

Бұл  үшін 1 жəне 2-ережелердің  əрқайсысы  бойынша  аналогтарын  векторлық 

авторегрессия  моделі  түрінде  құрайық.  Өзінің  прототипіне  сəйкес  келуі  бірдей  ерекше 

нұсқамаларды таңдаумен қамтамасыз етіледі (яғни регрессорлар ретінде сол лагпен бастапқы 

модельдің  ауыспалы  мəні  таңдап  алынады).  Осы  модельдердің  негізгі  айырмашылықтары 

VAR-аналогында деңгейлестіру коэффициенттерінің болмауынан құралады

2

 (2-қосымша).  



Прототиптер  модельдерінің  жəне  олардың VAR-аналогтарын  детерминация 

коэффициенттерін қосарлап салыстыру монетарлық ережелер ретінде бастапқы модельдерді 

(Least Squared əдісімен  құрылған)  пайдаланудың  пайдасын  білдіреді.  Мəселен,  қайта 

қаржыландыру  ставкалары  үшін  детерминация  коэффициенттері  прототипі  жəне  аналогы 

үшін  тиісінше 0,80 жəне 0,51 құрайды,  ноталар  бойынша  ставкалар  үшін – 0,84 жəне 0,76. 

Осылайша,  бастапқы  модельдердің  детерминация  коэффициенттері 1-ші  жəне 2-ережелер 

үшін олардың VAR-аналогтарының тиісті коэффициенттерінен жоғары.  

Бұл нəтижелер 1997- 2008 жылдардағы кезеңде монетарлық ережелерді сипаттау үшін 

олардың VAR-аналогтарына қарағанда неғұрлым аз квадраттар əдісі бойынша құрылған 1-ші 

жəне 2-ережелер неғұрлым сəйкес келетінін баяндайды.  

                                                 

1

 Осы себепті Rudebusch (/4/) Тейлор ережесін монетарлық ереженің қате ерекше нұсқамасы ретінде таниды. 



Алайда басқа талдаушылар /5,6/ пайыздық ставкалар лагы кезінде үлкен коэффициенттер монетарлық 

саясаттардың объективті сипаттамалары болып табылатынын растайды. 

2

 ҚРҰБ-де бар VAR-модельдерінің бағдарламалық қамтамасыз етуі оларды тікелей енгізуге мүмкіндік бермейді 



 

Алайда,  бастапқы  модельдер  мен  олардың VAR-аналогтары  коэффициенттерінің 

белгілі  бір  деңгейдегі  жуықтығы (4-кесте)  бастапқы  ережелердің  сапалық  сипаттамаларын 

айқындау үшін VAR-аналогтарын пайдалануға мүмкіндік береді.  

4-кестеде 2 – 4 бағандар    бастапқы  модельдің  коэффициенттерін  көрсетеді. 6 – 7 

бағандар – VAR-модельдің  коэффициентерін  көрсетеді.  Салыстырылып  отырған 

коэффициенттерді  құру  үшін (5-баған)  бірінші  модельден  деңгейлестіру  коэффициенттерін 

алып  тастау  қажет  (деңгейлестіру  коэффициентін  С(1),  ауыспалының  меншікті 

коэффициентіне көбейту С(i), i =2,3, …).  

5 жəне 6-бағандардың элементтерін салыстыру қайта қаржыландыру ставкалары үшін 

VAR-аналогының  белгілі  бір  қателік  үлестерімен 1-ережені  талдау  үшін  пайдалануға 

болатынын  көрсетеді.  Осылайша,  сол  нəтиженің 2-ереже  жəне  оның  аналогы  үшін  дұрыс 

екенін көрсетуге болады. 

VAR-модельдері құралдарының ішінде монетарлық ережелерін талдау үшін  əртүрлі 

күйзелістер  мен  вариациялардың  декомпозициясына  жауап  қату  функциялары  неғұрлым 

сəйкес келеді.   



 1-кесте 

Коэффициенттерді қайта қаржыландыру ставкаларының модельдері үшін салыстыру 

 

  



Least 

Squared 


 

VAR 


 

  

  



Coefficient Std. Error 

Coef_adj 

  

Coefficient Std. Error 



 1  2 3  4  5 

 

6  7 



1 REFRATE 

(-1) 


C(1) 

0,226 


0,066 

0,226 


 

0,160 


0,105 

2 D(INF4(0)-

INF4_TARG(0))  

C(2) 0,090  0,061  0,070   0,084  0,076 

3 EXRATE(3)-

EXRATE_HP(3)) 

C(3) 0,070  0,028  0,054   0,053  0,038 

4 D(GDP(0))-

(GDP_HP(0)) 

C(4) 0,000  0,001  0,000  

 

 

5 D1997Q2 



 

C(5) 


-10,163 

1,000 


-7,871 

 

-10,525 



1,717 

6 D1998Q4 

 

C(7) 


4,616 

0,993 


3,575 

 

0,262 



1,688 

7 c 


C(8) 

-0,310 


0,145 

-0,240 


 

-0,201 


1,249 

 

Белгілі  бір  ауыспалының  күйзелісі  осы  ауыспалыны  тікелей  қозғап  қана  қоймайды, 



сондай-ақ  белгілі  бір  лагпен  басқа  эндогендік  ауыспалыларға  беріледі.  Импульстің  жауап 

беру  функциясы  эндогендік  ауыспалының  біржолғы  күйзелісінің  басқа  эндогендік 

ауыспалылардың ағымдағы жəне болашақтағы мəндеріне əсерін бақылайды.   

1  жəне 2-суреттерде  қайта  қаржыландыру  ставкаларының  жəне  ноталар  бойынша 

ставкалардың 1-ші  жəне 2-ережелер  бойынша  векторлық  авторегрессия  модельдерінің 

көмегімен  инфляцияның,  айырбастау  бағамының  күйзелістеріне  жауап  қатуы  көрсетілді. 

Түсіндіріліп  отырған  ауыспалының  түсіндіретін  ауыспалының  күйзелісіне  қатысты  жауап 

қатуы  деп  бірінші  ауыспалының  екінші  ауыспалы  бір  стандартты  қатеге  өзгеру  кезіндегі 

динамикалық өзгеруі түсініледі. 

Тұтастай алғанда екі ставканың жауап қатулары бір-біріне жақын. Айырма тек қана əр 

түрлі күйзеліске жауап қатудың  «күшінде» байқалады.  

Мəселен, 1-ереже  үшін  жауап  қатуды  қарастырайық (1-сурет).  Сонымен, 

ретроспективті  деректер  бойынша  инфляцияның  тепе-тең  мəннен  бір  стандарттық  қатеге 

ауытқуының  ұлғаюына  жауап  ретінде  (күйзеліс),  Ұлттық  Банк  келесі  кезеңде  қайта 

қаржыландыру ставкасын 0,2-ге ұлғайтқаны суреттен көрінеді. Айырбастау бағамының тепе-

теңдіктен  бір  стандарттық  қатеге  ауытқу  күйзелісі  келесі  кезеңде 0,3 стандарттық  қатеге 

қайта қаржыландыру ставкасының өзгеруін тудырды. Инфляция күйзелісіне жауап қатудың 

қысқа  мерзімділігі  өзінің  қолданылуын  келесі  кезеңде-ақ  тоқтататынын  атап  айту  көңіл 



 

бөлетін  жайт,  бұл  ретте  айырбастау  бағамының  күйзелісі  барынша  ұзақ  болып  табылады 

жəне іс жүзінде 4-ші кезеңге қарай ғана басылады.  

2-ереже бойынша (2-сурет)ноталар бойынша ставкалардың күйзелістерге жауап қатуы 

осыған  ұқсас  сипатта,  бірақ  күші  бойынша  айырмасы  болады.  Сонымен,  бір  стандарттық 

қатеге  инфляцияның  күйзелісі  қайта  қаржыландыру  ставкасына  жауап  қатуға  қарағанда 

ноталар бойынша ставканың 2 есе күшті жауап қатуын тудырады. Жауап қатудың ұзақтығы 

бұл  жағдайда  да  қысқа  мерзімді.  Ол  келесі  кезеңге  қарай  басылады.  Ноталар  бойынша 

ставканың  айырбастау  бағамының  күйзелісіне  жауап  қатуына  қатысты  айтатын  болсақ, 1-

ереже  бойынша  қайта  қаржыландыру  ставкасының  жауап  қатуы  сияқты,  бірақ  шамамен 

əлсіздеу, ықпал ету уақыты бойынша бұл да осындай ұзақтықта болады.  

Іс  жүзінде  бұл  тұжырым  нақты  іс  жағдайына  сəйкес  келісіледі.  Мысалы,  Ұлттық 

Банктің  инфляциялық  процестерге  ықпал  етуінің  негізгі  тəсілі  тарихи  тұрғыдан  алғанда, 

қайта қаржыландыру операциялары арқылы емес, ашық нарық операциялары арқылы  ықпал 

ету  болып  табылатыны  (бұл  жағдайда  ноталар  шығару  арқылы)  инфляцияның  күйзелісіне 

ноталар  бойынша  ставканың  жауап  қатуы  қайта  қаржыландыру  ставкаларының  жауап 

қатуымен салыстырған неғұрлым күшті екені түсіндіріледі. 

VAR-модельде «түрлендірме декомпозициясы» тəсілі ауыспалы күйзелісінің уақытша 

«салдарын»  есептеп  шығаруға  мүмкіндік  береді.  Жекелеген  ауыспалының  бастапқы  уақыт 

сəтіндегі  күйзелісі  келесі  сəтте  басқа  ауыспалыларға  беріледі  жəне  бастапқы  ауыспалыға 

«қайталама  күйзеліс» түрінде  қайтып  келеді.  Осылайша,  кейінгі уақыт  сəттерінде  бастапқы 

ауыспалыға бастапқы күйзеліс қана əсер етіп қоймайды, сонымен қатар  «кейіннен болған» 

күйзелістер де əсер етеді. «Түрлендірме декомпозициясы» тəсілі жаңа бастапқы күйзелістер 

болмаған  кезде  бастапқы  күйзелістен  кейінгі  уақыт  кезеңінде  зерделеніп  отырған 

ауыспалының жалпы күйзелісіндегі  əрбір ауыспалының күйзелісі үлесін есептеп шығаруға 

мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда түрлендірме декомпозициясы эндогендік ауыспалыдағы 

күйзелістің  құрамдас  бөліктеріне  өзгерістерді  бөлуге  мүмкіндік  береді,  яғни  түсіндіріліп 

отырған  ауыспалыда  жекелеген  өзгерістердегі  түсіндіріліп  отырған  ауыспалылардың 

əрқайсысының күйзеліс үлесі қандай екенін белгілеуге мүмкіндік береді. 

Мəселен,  бастапқы  уақыт  сəтіндегі  қайта  қаржыландыру  ставкасының  күйзелісі  

инфляцияның  жəне  айырбастау  бағамының  күйзелісін  тудырады,  ол  өз  кезегінде  қайта 

қаржыландыру ставкасының қайталама күйзелісін тудырады. Сонымен қатар, қарастырылып 

отырған  уақыт  кезеңінде  (t) қайта  қаржыландыру  ставкасының  мəніне  оның  өткен  уақыт 

кезіндегі  мəні  ықпал  етеді.  Егер t уақыт  кезеңінде  қайта  қаржыландыру  ставкасының 

өзгеруін  қайта  қарайтын  болсақ,  онда  осы  өзгерістің  құрамдас  бөліктері  басқаша  болады. 

Инфляцияның  жəне  айырбастау  бағамының  күйзелістері  ықпалынан  индуцирленген  оның 

құрамдас  бөліктері  нөлдік  болмайды.  Тиісінше,  алдыңғы  уақыт  сəтіндегі  қайта 

қаржыландыру ставкалары күйзелісі мəнінің үлесі азаяды. 

3-суретте қайта қаржыландыру ставкасы үшін декомпозицияны көрнекі түрде көруге 

болады.  Қандай  да  болмасын  уақыт  кезеңінде  (нөлдік)  қайта  қаржыландыру  ставкасы 

өзгерді,  ал  басқа  барлық  ауыспалылар  өзгеріссіз  қалды.  Бұл  қайта  қаржыландыру 

ставкасының  өзгерісін 100% деп  қабылдаймыз.  Мұндай  жағдайда  қайта  қаржыландыру 

ставкасының  күйзелісі  уақытының  бастапқы  сəтіне  бөлу  мынадай  болады.  Күйзелістің 

құрамдас  бөлігі  инфляцияның  жəне  айырбастау  бағамының  өзгеру  себебі  бойынша 

күйзелістің құрамдас бөлігі =100%,  құрамдас бөлігі – 0%-дан.  

1-ші  уақыт  сəтінде  ешқандай  жаңа  сыртқы  күйзелістер  болмайды  деп  болжайық. 

Есептеулер  уақыттың  осы  сəтіндегі  қайта  қаржыландыру  ставкаларының  толық  өзгеруін 

100% деп қабылдасақ, онда оған алдыңғы қайта қаржыландыру ставкасының «қосқан үлесі» 

94,7%,  инфляцияның  өзгеруімен  индуцирленген  «қайталама»  үлесі 1,4%тең  болады, 

айырбастау бағамы үшін осындай үлес – 3,9%.  

Бұдан  əрі,  егер  жаңа  сыртқы  күйзелістер  болмаса,  қайта  қаржыландыру  ставкасына 

бастапқы  күйзелістің  жиынтық  «салдары»  басылады,  күйзелістердің  құрамдас  бөліктерінің 

бөлу барынша ұзақ уақытқа сақталады.  


 

-0.4


-0.2

0.0


0.2

0.4


0.6

0.8


1.0

1

2



3

4

5



6

7

8



9

10

Response of D(REF_RATE) to D(INF4(3)-INF4_TARG(3))



-0.4

-0.2


0.0

0.2


0.4

0.6


0.8

1.0


1

2

3



4

5

6



7

8

9



10

Response of D(REF_RATE) to D(EXRATE(4)-EXRATE_HP(4))

Response to Cholesky One S.D. Innovations ± 2 S.E.

Ноталар бойынша ставкалар үшін де осындай картина байқалады (4-сурет) 

 

1-сурет. Қайта қаржыландыру 



ставкаларының инфляцияның, айырбастау 

бағамының жəне ЖІӨ күйзелістеріне 

жауап қатуы 

2-сурет. Ноталар бойынша ставкалардың 

инфляцияның, айырбастау бағамының 

жəне ЖІӨ күйзелістеріне жауап қатуы

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



3-сурет 

 

 



 

 

 



 

4-сурет  

 

 

 



-0.2

0.0


0.2

0.4


0.6

0.8


1.0

1

2



3

4

5



6

7

8



9

10

Response of D(NOTERATE) to D(INF4(4)-INF4_TARG(4))



-0.2

0.0


0.2

0.4


0.6

0.8


1.0

1

2



3

4

5



6

7

8



9

10

Response of D(NOTERATE) to D(EXRATE(4)-EXRATE_HP(4))



Response to Cholesky One S.D. Innovations ± 2 S.E.

0

20



40

60

80



100

1

2



3

4

5



6

7

8



9

10

D(REF_RATE)



D(INF4(3)-INF4_TARG(3))

D(EXRATE(4)-EXRATE_HP(4))

Variance Decomposition of D(REF_RATE)

0

20



40

60

80



100

1

2



3

4

5



6

7

8



9

10

D(NOTERATE)



D(INF4(4)-INF4_TARG(4))

D(EXRATE(4)-EXRATE_HP(4))

Variance Decomposition of D(NOTERATE)


 

Қорытынды.  



Жұмыста  Ұлттық  Банктің  монетарлық  саясатына  кейбір  монетарлық  ережеге 

сəйкес  келуіне  ретроспективті  талдау  жүргізілді.  Үміткерлер  ставкалары  ретінде  қайта 

қаржыландыру  ставкасы,  қысқа  мерзімді  ноталар  бойынша  ставка  жəне  қысқа  мерзімді 

банкаралық ставка қаралды.  

Қайта  қаржыландыру  ставкасы  жəне  қысқа  мерзімді  ноталар  бойынша 

эконометриялық  модельдеу  нəтижесінде  монетарлық  ереже  ретінде  түсіндірілуі  мүмкін 

белгілі  бір  қателер  үлесімен  модельдер  жасалды (1-ереже  жəне 2-ереже).  Бұл  модельдер 

тиісті  ставканың  инфляцияның,  айырбастау  бағамының  ауытқуларынан  тəуелділігін 

белгілейді.  Шығарылымның  осы  теңдеулерге  арналған  тепе-тең  мəндерінен  ауытқуы  аз 

ғана болды.  

Бұдан  əрі  векторлық  авторегрессия  модельдерін  пайдалана  отырып (VAR-

модельдері)  осы  модельдердің  сапалық  қасиеттері  зерттелді.  Бұл  үшін 1-ші  жəне 2-

ережелердің  əрқайсысы  бойынша  векторлық  авторегрессия  моделі  нысанында  оның 

аналогы  жасалды.  Бұл  аналогтар  пайыздық  ставкалардың  экзогендік  ауыспалылардың 

күйзелісіне жауап қатуын зерделеу үшін пайдаланылды (эндогендік ауыспалының біржолғы 

күйзелісінің  эндогендік  ауыспалылардың  ағымдағы  жəне  болашақтағы  мəндеріне  əсері). 

Сонымен  қатар VAR-моделінде  «түрлендірме  декомпозициясы»  əдісін  пайдалана  отырып, 

эндогендік ауыспалылар күйзелісінің уақытша «салдарлары» бағаланды.  

 



  1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал