№1 дәріс Тақырыбы: Экскурсияның негізгі функциялары мен белгілері Дәріс мақсаты



Pdf көрінісі
бет55/57
Дата21.12.2023
өлшемі1,22 Mb.
#141920
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Кесеқап 
- дөңгелек формалы, жоғарғы жағы шашақталған какпағы, қабырғасында өріп жасалған 
бауы бар, күнделікті түрмыста, кошіп - қонуда ыдыс - аяк сақтауға арналған бүйым. Кесе қаптың 
биіктігі 30 - 35 сантиметр, түбінің диаметрі 10-15 сантиметр болады. Көлік үстінде алып жүругс 
ыңғайлы. Кейде бүл былғарыдан да жасалған, бірақ көбіне оны шеберлер ак киізден өрнек салып, 
кейде қүрақтан күрап өрнектеп жасаған. Осыпдай шебердің қолынан шыққан түрмыс қажетінен 
туған бүйымдар әсемдігімен көз тартып, киіз үй ішіне айрыкша сәндік әкеледі. 
Шәйнекқап
- шай кайнататын шәугімнің қабы. Кесеқаптан кішілеу, төбесінде шашағы, кестелеген 
екі бауы болады. Бүл бүйымдар ыдыстарды сындырмай сақтауға арналған. Кесеқап пен 
шәйнекқаптар кіші гірім жүпнен басылған ак киіздің бөлшектеріне ою - өриек салынып жасалған. 
Тұтқыш
ас пісіретін казанды оттан көтеріп түсіргеңде колды күйдірмеу, қазанның күйесін колға 
жүқтырмау үшін киізден жасалган екі қолғап, үзын, есіп жасалған бауы болады. 
Піспек
- кымыз, іркіт пісу үшін пайдаланатын үй күралы. Піспск кепкеп ағаштан жасалады. Піспек 
негізғі екі бөліктеы қүралады. Олар піспектің басы 
және сабы. Піспектің басы көбінесе дөңгелек және төрт бүрыш (крест пішінді) болып келеді. 
Сүйретпе 
- кымыз, шүбат, айран, іркіт сияқты сүт тағамдарын қүюға арналған, мал терісінен 
тіғілетін ыдыс. Сүйретпе ірі караның терісінен де, ешкінің терісінен де тігіледі. Оны тігетін тсрінің 
көк еті мен шел майын тазалап, түгін қырады. Содан кейін түтінге үстап ыстайды. Ыс әбден сіцген 
соң су бүркіп жібітіп, белгілі бір пішінге келтіріп пішеді. Сүйретпенің пішіні негізінен саба жәие 
дөңгелек торсық тәрізді больш келеді. Оны шуда жіппен сыртынан жөрмеп тігеді. Тігілген 
сүйретпенің ішіне қүм не қүрғақ топырақ салып кереді. Ол әбден қалыпка түсіп, кепкеннен кейін 
ішін тазалап жуады да, қайта ыстайды. Одан соң ішін тағы бір рет тазалап жуып, іші - сыртын 
қойдың күйрық майымен не жылқының майымен майлайды. Ол әрі местің, әрі сабаның міндетін 
атқара алады. 
Торсық 
- қымыз, шүбат, іркіт сияқты сүт тағамдарын қүюға арналған, мал терісінен тігілетін ыдыс. 
Торсықтың түрлері көп. Олар - шимай торсык, өркешторсық, жанторсық, мүйізторсық, т.б. торсык 
тігілетін терінің шел майы мен көк етін тазартып, түгін тақырлап қырады. Одан соң түтіпге үстап 
ыстайды ды, ыс әбден сіңгеннен кейіы теріні белгілі пішінге келтіріп пішеді, шуда жіппен жөрмеп 
тігеді. Торсықтын бүйірі дөңгелек, мойыны жіңішке әрі үзын болып келеді. Оның аузына ағаш 
тығын тығады. Тығын жоғалып калмау үшін кайыстан бау өткізіп, оның бір үшын торсықтың 
мойнына бекітіп қояды. Торсықтын ішіндеғі ең сәндісі шимай торсық пен мүйіз торсык. Бүл 
торсықтарды ірі қараның қалың терісінеы тігеді, оны түтінге ыстап, күрымға салып әбден пісіреді. 
Шимай торсықтың бетіне арнаулы 
мүйіз шапқымен (кейде ысқыш деп те атайды) әр түрлі өрнек салады. Шимай торсықтың бүйірі 
табақ сияқты дөп - дөңгелек сиякты болады. 


Мүйіз торсықтың да беті ши май торсык сияқты шауып өрнектеледі, күміс шытырлармен 
әшекейленеді. Мүйіз торсықтың түп жағы дөңгелек болғанымен, екі иіні қошкар мүйіз секілді 
сәндеп шығарылады. Содықтан мүндай торсықты "Мүйіз торсык" деп атаған. Өркеш торсык - 
түйенің өркешінің терісінен тігіледі. Терінің жалпақ жағы торсыктың түбіне, жіңішке жағы аузына 
сәйкес келеді. Оның пішініде өркештің пішіні тәрізді сопақша болады. Өркеш торсык сәнді 
болмағандықтан, оған көбінссе айран, іркіт қүйылады. Торсықтың тағы бір карапайым түрі - 
жанторсык. Оның сыртында ою - өрнегі де, шытырасы да болмайды. Бүл малшылпр мен 
жолаушылар сусын қүйып, қанжығасына байлап жүруге арналған. Мүндай торсыкқа сүт 
тағамдарымен қатар сусын көже қүйуға да болады. Жанторсықтың терісі шимай торсык пен мүйіз 
торсықтың сірісі сияқты қатты болмайды. 
Шимай торсық пен мүйіз торсыкты да кымыз күйып, қанжығаға байлайды. Бірак, бүл торсықтар аса 
сәнді және оңайлықпен жасалмайтын болғандықтан, оларды көшіп - қонғанда, не болмаса той 
жиында ғана пайдаланады. Торсықтың осы екі түрі жай ыдыс қана емес, үйдің сәнді лшһазының 
бірі есебінде саналады. 
Келі.
Отбасы дастарқанының сәнін келтіретін тағамдар - ақталған тары, қуырған бидай, түйілген 
жарма, жүгері қүрт, ірімшік, май, жент т. б. үлттық тағамдарды түйетін ертеден келе жатқан үй мүлкі 
- келі. Ел арасында келінің мыыандай түрі кездеседі: ағаш келі - жуан ағаштардан ойылып жасалғағі 
келі; мүныц бірнеше түрлері бар, бәйбіше келі (тек науат, шекер, қүрт, ірімшік түйюге 
пайдаланылатын шағын жасалған келі. Бүл келінің табанын темір қаңылтыр мен қаптайды. Екі 
иініне мүйізден түтқа орнатып, ернеуін сүйектейді. Келінің бірнеше түрлері болады, мысалы, жер 
келі (келі орнына уақытша пайдаланылатын шүңкыр); нар келі (келінің ішіндегі ең үлкеыі. Оны 
тары сөгін, жарма жасау үшін жасатады. Нар келінің ішіне бірден 4-5 шелек дән қүюға болады. 
Оның келсабын екі жағынан екі жігіт түйеді), тас келі (келісін тастан, келсабын ағаштан жасаған 
келі), темір келі (шойыннан күйылған), токал келі (қуырған бидай, жүгері, тары түюге арналған 
орташа келі). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет