№1 дәріс Тақырыбы: Экскурсияның негізгі функциялары мен белгілері Дәріс мақсаты



Pdf көрінісі
бет57/57
Дата21.12.2023
өлшемі1,22 Mb.
#141920
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Халқымыздың бізге жеткен ою-өрнек үлгілері – бай мұра, сарқылмас қазына.Ою-өрнек – 
тұрмыста бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыш, өрнек. Заттың бетін 
өрнектеу үшін ісмерлер әртүрлі тәсілді қолданады. Олар: оймыштау, бедерлеу, шеку, қашау, тісеу, 
құрау тәрізді әрекеттер арқылы жүзеге асады. Әр өрнек белгілі бір бөлшектен (элемент) 
құралады. 
Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ, 
әсемдеу, әшекейлеудің негізі болып келді.
Үлгі. Халықтың ою-өрнектерді қарап, онымен айналысатын халық шеберлері өздері көріп, 
көңілдеріне не ұнағандарын не қағазға, не тақыр теріге, не матаға түсіріп ойып алатын болды. 
Оюдың осындай қиындысын «үлгі» деп атады. Үлгі қиюмен көп айналысқан және сол үлгі бойынша 
ою ойып, іс істеуді сүйген шеберлер қолындағы ою үлгілеріне өз бетінше жаңа түр, жаңа буын 
қосып, оны өзінше жөндеп, дамытып отырды. 
Оюшы. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою үлгілерін жатқа 
жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп 
атады. Оюшылықты өз дәуірінде суретшілік өнердей, күрделі өнер деп санады. Әрбір елдің, әрбір 
рудың өз ішінде атағы шыққан, таңдаулы оюшылар болды. 
Тамаша өнерін танытқан оюшылар үлгісін өзінің руына, маңайындағы елдерге таратып отырды. 
Осыдан келіп әр түрлі ою-өрнектерде, киімдер мен кілемдерде, сырмақтарда және т.с.с. «арғын 


үлгісі», «керей үлгісі» немесе «ұлы жүздің», «орта жүздің үлгісі», «кіші жүздің үлгісі» деген 
мәнерлер (стиль) пайда болды. Мұндай ою-өрнектердің, үлгілердің негізінде туған әңгіме, ертегі, 
аңыздардың әр алуан қызықты сюжеттерін қазақ ауылдарының қарт шеберлерінің аузынан жиі 
естіуге болады. Соған қарағанда кейбір оюлардың шығуында да бір тарихи оқиғаға байланыстылық 
бар тәрізді.[20] 
Мүйіз. Мүйіз оюы ертеден бізге дейін сақталып жеткен басты өрнектердің бірі. Оның шығуына 
жүздеген жылдар болса керек. Бұл арада халқымыздың қоғамдық құрылысы, кәсібі мен күн көрісі, 
ою-ұғымы үнемі өзгеріп, үнемі даму болғаны анық. Олай болса, халықтың ою-өрнегі де үнемі 
өзгеріп, дамып отырады. Демек қошқардың екі мүйізін межелеп бейнелеген жеке нобай оюлар 
бірте-бірте малдың немесе аңның төбесін, құлағын, тұмсығын қоса елестетерлік көп тармақты 
күрделі түрге айналды. Шеберлер ою-өрнекке өзінің білетін оюларының әр түрлі бейнелерін бір 
үлгіге құрап, ой-өрісін кеңейте отырып, тұтас бір компазиция жасады. Шебер жайлауда, орман-
тоғайлы, өзен-сулы, кең өрісте жайылып жүрген төрт түлік малды бейнелемек болса, жасап отырған 
үлгісінде осы ойын білдіруге тырысты. Ал «мүйіз оюы» бейнеленіп салынған ою-өрнектердің бәріне 
тән. Мүйіз кейіптес өрнектердің барлығын қосып «мүйіз оюы» деп атайды.[1] 
«Қошқар мүйіз». Мұндай оюлардың формасы қойдың төбесі мен екі жақтағы иірлене түскен мүйізі 
тәрізденіп келеді де кейде осы мүйіздің қолтығында қойдың құлағын долбарлаған шолақ мүйіз 
тәрізді тағы екі буын болады. Байқап қарағанда қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады.
«Арқар мүйіз». Бұл қошқар мүйізге жақын бейнелес ою. Бірақ одан айырмашылығы «арқар мүйіз» 
өте шиыршықтанып келеді. Кейде тармағы да көбейе түседі.
«Қырық мүйіз». Мұндай ою бірімен бірі қосылған, бірнеше тармақты көп мүйізді оюлардан 
құралады. «Қырық мүйіз» оюы кейде дөңгелек немесе квадрат ішінде, кейде бұтақты ағаш тәрізді 
болып көсіле бейнеленеді. 
«Қос мүйіз». Яғни қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейтін, кейде ырғақ, кейде ілмек 
деп аталатын, онша күрделі емес оюлар. 
«Сыңар мүйіз». «Сыңар мүйіз» бен «Сыңар өкше» деген оюлар бір-біріне өте ұқсас. Көбінесе 
жоғарыда айтылған қошқар мүйіз, қосмүйіз деп аталатын өрнектердің тек бір жақ сыңарын ғана 
келтіріп, оюлайды. Бірақ оюшының шебер композициясы бұл мүйіздің сыңар екнін мүлдем 
байқатпай тұрады. 
«Сынық мүйіз». Қазақтың «мүйіз» оюы әдетте тік бұрыш жасамай ылғи дөңгелене иіріліп келеді. 
Кейде оюшының ұнасымды жаңа композиция жасауымен байланысты, не төрткүл, не үшкүл, 
шеңберлердің ішіндегі мүйіздер морт сынық жасайды. Көбінесе сынық жасалып барып қайта 
тармақтанған оюлар күрделене түседі. Мұндай оюларды ши орауға, терме бауға, алашаға қолданып 
келді. 
«Төрт құлақ». «Қошқар мүйіз» оюының 4 тармақтан құралып, ортасы крест бейнесін жасап келген 
түрі. 
«Түйе табан». Түйенің ізін бейнелеген жүрекше оюы.
«Өркеш». Түйенің қос өркешіне ұқсас ою. Көбінесе басқа бір күрделі оюлармен бірге жасалынады.
«Сыңар өкше». Жоғарыдағы «Сыңар мүйіз» оюында айтылғандай, мүйіздің бір сыңары етіктің 
басына ұқсап, жетесінен өкше шығады. 
Шығыс Қазақстан облысының, Таврия ауданында тұратын Сертпен деген қарт етікшінің айтуы 
бойынша бір үйде отырған шебер қыз, екінші үйде отырған етікшенің балға ұрған дыбысын естітіп 
отырып: «Пәлі-ай, ана жігіт ертең сыңар өкше жүретін болды-ау»-депті. «Оны қайдан білдің?»-деп 


сұрағандарға, «бір өкшесіне ылғи жаңа былғары қақты, екінші өкшесіне ылғи шіріген қақсаң 
қақты»-дейді. Ісмер адам алыстан-ақ балғаның бірде нық, бірде босаң ұрылғанын аңғарып отырған 
екен. Қыздың әлгі сөзі рас болады да, кесте тігіп, отырған қыздар тігіп келе жатқан қошқар мүйіздің 
бір тармағын тастап кетіп, оны «Сыңар өкше оюы»-деп атайды. 
«Қосалқа». Кейде алқа, сырға, жүзіктің көзі сияқты заттарда қосарлана келіп, жүрек бейнесіндегі 
алқаны көрсетеді. 
«Құс қанаты». Мүйіз оюымен, не шахмат шақпақтарымен бейнеленген құстың қанаты тәрізді өрнек 
«Қазтабан».Құстардың ізіне ұқсас үш тағанды ою. 
«Таңдай». Малдың таңдайының ирегінен шыққан, диагональ тәрізді өрнектер көбінесе кестеде, 
сызық бедерлерінде жиі кездеседі. 
«Түйе мойын». Түйенің мойынына иіілген, мүйіз оюлардың бір түрі. 
«Тіс». Малдың, аңның тісіне ұқсас шақпақ өрнектер. 
«Жіліншік». Малдың жілік сүйектері негізінде туған атау. Бірақ ертеректе қазақ тілінде «жіліншік» 
деген сөз бір буын, бір бөлек, бір түйін деген ұғымдарды да білдірген. Мысалы, домалақтамай, 
ұзыннан шумақталып жиналған кесте жіпті «бір жіліншік кесте жіп әкелдім» деп те айтатын. Сол 
сияқты ұзынша келіп, қағаз қапқа салған, жемістен істеген шайды да бұрын «жіліншік шай» десе, 
кейде «бір жіліншік сабын ала кел» деп те сәлем айтатын. Осыған қарағанда «Жілінішік» өрнегі 
ұзынша келіп, кейде ирек бейнесінде, кейде қатар екі сызық бейнесінен құралатын буынды 
өрнектер. 
Семей облысы, Абай ауданының Теміррақым деген сүйек шеберінің айтуы боынша қазақтың 
«жіліншік» өрнегі: ашаршылық жылдарының бірінде өзегі талып, өлім халіне жеткен адмдар сүйек 
төсек жасайтын шебердің үйіндегі түйенің жіліншектерін қайнатып, майын алып жеп күн көрген. 
Тарихи ауыр күндерде тіршілік етуге себепші болғандықтан, осы күнгі «Жіліншік» өрнегі сол 
кезден қалыпты дейд 
«Жапырақ». Бұл ағашты, шөпті, гүлді, жапырақты бейнелейтін оюлар мен өрнектер. 
«Гүл». Көбінесе кестелеп тігу өрнегіне қолданылады. 
«Су». «Су» деп әрбір өрнекті бөліп тұрған ұзын жолақты айтады. Су өрнегі кейде екі қатар сызық 
аралығында ирек сызық жасай отырып, дөңгелек, төрт бұрышты бейнелер де жасайды. Ерте уақытта 
судан өту қиын болған. Көбінесе шекара сондай бір судың бойымен межеленген. Еңбекші қазақ 
ауылында тұратын Бурақан деген қарт шебер «су өрнегі өрнек пен өренктің арасындағы шекараны 
білдіреді»-дейді. 
Ағаш шебері, әрі етікші Жаппар деген қарт «Су», «Бес саусақ» оюлары туралы ертегісінде былай 
дейді: Бар байлығына көзі тоймаған сұмырайхан жер бетіндегі су біткенді «өзімдікі» деп жар салып, 
малды, жанды сусыздықтан қырғынға ұшыратады. Ұсақ хандықтарды жаулап алып, суды өзіне 
пайда түсіретін байлық көзіне айналдырады. Бірақ халық ханның әміріне ере алмады. Күшті 
қарсылқтар көрсетіп, күреске шығады. Уақытша жауланып алынған елдер ханның адамдарына сулы 
жерлерін көрсетпеген. Қазақ халқының «Сұмырай келсе, су құриды» дейтін сөзі осыдан қалса 
керек.Су үшін болған күресте Сұмырайхан Райхан деген шебер қыздың оң қолының бес саусағын 
шауып тастайды. Алайда халық жеңіп, Сұмырайханды өлтіреді. Суды пайдалану еркіндігін күшпен 
алған халық осы оқиғаға байланысты ою-өрнегіне «Су» деген өрнек ескерткіш өрнек қосқан. Жер 
ана Райханның бес саусағын бес тармақты гүл етіп, жер бетіне жайқалтып өсіреді. Бес жапырақты 
қызғалдақтың ою өю-өрнекке енуі Райханның бес саусағының ескерткіші ретінде қалған көрінеді. 


Тағы бір аңызда ертеде адам тәңірісі ай болыпты. Соған жалбарынып, табынған халық оның 
құрметіне «Ай мүйіз» деген өрнек жасаған екен деседі. 
Бұл жорамалдарға қарағанда өмірдегі оқиғалар мен аңыздардың, діни ұғымдардың ертеде кейбір 
өрнек, әшекей істерінің элементтеріне де әсер еткендігі байқалады. Өткен замандағы әдебиеттер 
мен халық аузындағы деректерге, қазіргі қарт шеберлердің айтуларына қарағанда, ою-өрнектердің 
қайсысы да болса бір бейнені бейнелеуден туғандығы анықтала түседі. 
«Түйе табан». Көгалды, сазды жерге шығатын көп жапырақты, тікенекті, ортасында үлпілдек
мамығы бар өсімдік. Бұрын, жоқшылық кездерінде түйе табанның тамырын қазып алып, сүтке 
жаншып жейтін блған«Қармақ». Кәдімгі балық аулайтын қармақ ұғымындағы ою-өрнектер. 
Қармақтар 2-3, кейде одан да көп тармақтар болып келеді. Оны кейде «Зәкір таңба» деп те 
атайды.Қазақтың ою-өренктерінің түрі де, атау да өте көп. 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет