1 Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Цитология ғылымының дамуы



Pdf көрінісі
бет8/13
Дата29.09.2023
өлшемі0,5 Mb.
#111560
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Цитология лекция (1)

Негізгі сұрақтар:
1. Цитоплазмада кездесетін пигментті, секреторлық, майлы, гликогенді қосылыстар
2. Клетканың тұрақсыз қосылыстарының атқаратын қызметі
Әдебиеттер: 
1. А.Нұрышева, М.Нұрышев. “Цитология” Алматы. “Қарасай” 2008. 
2. Қ.Ә.Сапаров “Цитология және гистология” Алматы: Қазақ университеті. 2009. 
3
edu.semgu.kz/.../a3251c71-3282-11e3-9d7d-f6d299da70ee... 
stud.kz/referat/show/42717 


5 Дәріс 
Тақырыбы: Клетканың мембраналы органоидтары
Мақсаты: 
Клетканың мембраналы органоидтарының құрылысы, қызметі туралы 
түсінік беру.

Негізгі ұғымдар:
мембраналы органоидтар, эндоплазмалық тор, 
 
Клетка органоидтары мембраналы және мембранасыз болып бөлінеді.
Мембраналы органоидтар бірмембраналық және қосмембраналық болады.
Бірмембраналық органоидтарға: Эндоплазмалық тор, Гольджи комплексі, 
лизосомалар және вакуольдер жатады.
Қосмембраналық органоидтарға: митохондриялар және пластидтер жатады. 
Мембранасыз жасуша органоидтарына: рибосомалар, жасуша орталығы, 
микротүтікшелер және микрофиламенттер жатады. 
Клетка органоидтары - клеткалардың тұрақты арнаулы бөлігі. Клетканың қызметі 
тек органоидтардың көмегімен ғана орындалады. 
Эндоплазмалық тор
Эндоплазмалық торды 1945 жылы К. Портер электронды микроскоптың көмегімен 
тауық балапандарының фибробластарынан тапты. Фибробластарды бекітіп және бояп 
барып жарық микроскопымен қарағанда оның цитоплазмасындағы эндоплазма аумағы 
эктоплазма аумағына қарағанда бояуды жақсы қабылдайтыны анықталды. Ал эндоплазма 
аумағының қуыстар мен каналдардан тұратынын және олар бір-бірімен байланысып 
барып, күрделі тор түзетіні байқалды, 1950 жылдары өте жұқа кесіндіні жасау әдісі 
жетілгеннен кейін эндоплазманың құрылысы толық анықталды. Эндоплазмалық тор 
негізінде барлық эукариотты клеткаларда жақсы жетілген. 
Эндоплазмалық тор (эндоплазматическая сеть); (reti-culum endoplasmaticum, лат. 
reticulum — тор, лат. endoplasmaticum — эндоплазмалық) — ұзынша келген қуысты 
түтікшелер мен өзекшелерден тұратын, қабырғасы биологиялық жарғақтармен шектелген 
жасуша цитоплазмасының органелласы. Ядроның айналасын қоршап орналасқан торлы 
каналдардан тұратын органоид, диаметрі 250-300 А0 болады. Эндоплазмалық тордың 
формасы, көлемі клетканың типіне оның физиологиялық, биохимиялық жағдайына, даму 
стадиясына байланысты болады. 
Эндоплазмалық тор (цитоплазмалық тор): кедір-бұдырлы (гранулалы) және тегіс 
(агранулалы) эндоплазмалық тор болып екіге бөлінеді. Гранулалы эндоплазмалық тор 
жарғақтарының қабырғаларында рибосомалар орналасады, ал агранулалы эндоплазмалық 
тор 
қабырғаларында 
рибосомалар 
болмайды. 
Эндоплазмалық 
тор 
жасуша 
цитоплазмасында жеке не топтаса орналасады. Бауыр гепатоциттерінде және кейбір 
нейроциттерде агранулалы эндоплазмалық тор жеке аймақтарға жинақталып жатады. 
Гранулалы эндоплазмалық торда ас қорыту ферменттері, жарғақтық интегральды 
протеиндер түзіледі.
Агранулалы эндоплазмалық торда полисахаридтер (гликогеннің түзілуі мен 
ыдырауы), жасуша жарғағы құрамына кіретін липидтер мен стероидты гормондардың 
түзілу процестері жүреді. Бұнымен қатар, органелла әртүрлі иондар мен қоректік заттарды 
тасымалдайды, зиянды заттарды бейтараптандырып, сыртқа шығарады (гепатоциттерде), 
ядро қабықшасы — кариолемманы плазмолеммамен байланыстырады. 
Жалпы эндоплазмалық тор өзінің мембраналы каналдары арқылы заттарды 
тасымалдайтын транспорттық жүйе. 
Эндоплазмалық 
тордың 
мембранасындағы 
рибосомдардың 
көп 
болуы 
синтетикалық процестің күшті жүретінін көрсетеді. Мысалға сүтқоректілердің 
желіндемеген кезінде клеткада болатын рибосомдардың 25%-і ғана эндоплазмалық 
тордың мембранасымен тығыз байланыста болады, ал желіндеген мезгілінде 


цитоплазмадағы рибосомдардың 70%-і эндоплазмалық тормен байланыста болады. 
Клеткада дифференциалдану процестері жүргенде және патологиялық жағдайда 
эндоплазмалық тормен байланысқан рибосомдардың саны күрт азаяды. Өсіп келе жатқан 
клеткада немесе клетканың бөлінер алдында ақуыз молекулалары күшті синтезделеді, 
мұндай клеткаларды негіздік бояғыш заттармен бояғанда цитоплазма базофильді болады. 
Бұл құбылыс клеткада РНҚ-молекуласының көптігін және ақуыз синтезіне қатынасатын 
рибосомдардың молдығын көрсетеді. Сонымен рибосомдар ақуыз синтездеуде үлкен рөл 
атқарады. Эндоплазмалық тордың мембранасында орналасқан рибосомдар (түйіршікті 
эндоплазмалық тор) сыртқа (экспортка) шығатын ақуыздарды синтездеуде басты қызмет 
атқарады. Мысалы, қарын асты безінің, ацинус бөлігінің клеткалары көп мөлшерде 
ішектердегі астарды ыдырататын ақуыз-ферменттерді шығарады (протеиназа, липаза, 
нуклеаза т. б.). Бауыр клеткалары — қанның альбуминін, плазмоциттер - глобулиндерді, 
сүт бездері - казеинді, сілекей бездерін - ас қорыту ферменттерін - амилазаны және РНҚ-
азаны және т. б. бөледі. Былайша айтқанда, көп клеткалы организмдердің клеткалары 
организмнің зат алмасу процесіне кажетті ақуыздарды синтездейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет