Белок — молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі организмдерге тән азотты күрделі органикалық қосылыс.
Ферменттер — барлық тірі организмдер құрамына кіретін арнайы ақуыздар. Химиялық реакцияларды жеделдетеді.
Ас қорыту ферменттері – тағамдық күрделі компоненттерді одан әрі абсорбциялануы үшін қарапайым заттарға дейін ыдырататын ферменттер.
Негізгі бөлім
Белоктар
Белоктардың классификациясы
Белоктар туралы жалпы түсінік
Жер жүзіндегі тірі ағзалардың негізгі құрамды бөлігі – белок. Ф. Энгельс өзінің «Табиғат диалектикасы» еңбегінде: «Өмір дегеніміз – белокты денелердің тіршілік ету тəсілі» деген. Демек белок барлық тірінің негізі, ал олардың тіршілік ету тəсілі – өмір болып табылады.
Тірі ағзаның құрамына кіретін белоктар немесе протеиндер (protos – бірінші, алғашқы, маңызды деген грек сөзі) органикалық қосылыстардың 50-85% құрайды.
1871 ж. орыс химигі Н. Н. Любавин белоктар амин қыш қылдарынан тұратынын анықтады.
1871 ж. орыс химигі Н. Н. Любавин белоктар амин қыш қылдарынан тұратынын анықтады.
Белоктар цитоплазма мен ядроның негізін құрайды. Олар табиғатта кездесетін органикалық заттардың ішіндегі ең күрделісі.
Белоктардың элементтік құрамы (К. Сағатов бойынша):