Созу (сым тарту) Созу деп темірді, көлденең қимасының ауданы өңделінетін темірдің көлденең қимасы ауданынан кіші, арнаулы тесіктен өткізу арқылы өңдеуді айтады. Қара, түсті металдар мен қорытпаларды суық күйде созу арқылы көлденең қимасының ауданы мен қалыны әр түрлі бұйымдар жасалады.
Металды созу-оны созуға дайындау, созу тәртібін анықтау, өңделетін бұйымды жөнелтуге дайындау кезеңдерінен тұрады.
Жабдықтары. Созу процесінің негізгі жабдықтары шынжырлы және даңғаралы созу стандары болып табылады. Шынжырлы созу стандарында ұзындығы 6-10 м және одан да артық темір шыбықтары, құбыр сияқты бұйымдар өңделеді. Шынжырлы созу станында электр қозғалтқыш және созу шынжырының жәрдемімен темір жабдықтар түзу бағытта қозғалтылып, созу арбасына беріледі. Қозғалмайтын станинаға орнатылған созғыш арқылы өнделетін металдың ұшы сүйірленіп, түзу бағытта қозғалатын арбанын қысқышына (клеть) бекітіледі.
Данғаралы созу стандарында ұзын сым сияқты бұйымдар өңделеді. Өңделіп шыққан сым станның даңғарасында оралады. Жасалатын бұйымының бүйір бетінің тазалығына байланысты даңғаралы станда металл бір немесе бірнеше рет тартылуы мүмкін.
Еркін соғу Кейбір детальдар (бөлшектер) тек еркін соғу әдісімен жасалады. Мысалы, 223 тонналық турбинаның білігі (осі).
Еркін соғу процесінде өңделетін металдың беті тегіс, жылжымайтын төске қойылып, жоғарғы жағынан жылжымалы үлкен болғанмен соғылады немесе преспен қысылады. Нәтижеде металлдеформацияланып, жан-жаққа жайылып, өз қалыбын өзгертеді.
Еркін соғу арқылы салмағы 300-350 тонналық прокат өнімдері мен темір кесектерін және салмағы бірнеше грамнан 150-200 тоннаға дейін жететін шыңдалған темір кесектерін өңдеуге болады. Еркін соғу процесінде өңделген темірдің структурадағы кристалл түйіршіктері араласып, сызаттары мен бос кеңістіктері жойылады, механикалық қасиеттері өзгеріп, нығайады.
Еркін соғу үрдісінің негізгі түрлері Отырғызу (осадка); шеңбер бойлау созу (раскатка); тесу (прошивка); созу (протяжка); кесу (рубка); ию.
Отырғызу деп металдың көлденең қимасының ауданын артыруды атайды. Отырғызу арқылы өңделінетін металдың биіктігі оның диаметрінен немесе енінен 1,5-2,8 еседен артық болмауы шарт. Бұл шарт орындалмай биіктігі енінен тым артық болса, өңделу процесінде метал майысып кетеді.
Шеңбер бойлай созу дегеніміз темір тесігінің диаметрін ұлғайту. Темірдің тесігін ұлғайту үшін оны цилиндр тәрізді валға кигізіп, шеңбер бойлай үстіңгі жағынан балғамен соғады. Нәтижеде металл созылып, тесіктің диаметрі кениді.
Тесу дегеніміз пуансон деп аталатын тескіш құралдың жәрдемімен металды тесу. Тесу үшін металдың астына, тесігінің диаметрі тесілетін металдың диаметрімен шамалас, астарлық сақина қойылады.
Созу дегеніміз металдың көлденең қимасының ауданын азайтып, ұзындығын арттыру. Созу процесі жалпақ немесе фигуралы соққыштардың жәрдемімен орындалады.
Кесу дегеніміз металды арнаулы кескіш құралдың жәрдемімен бірден көп біліктерге бөлу. Кесу процесінде кескіш құрал ретінде тура, радиалды балғалар қолданылады.
Штамптау Ағуы штамптың қабырғаларымен шектелген металға динамикалық күшпен әсер ету арқылы бөлшектер жасау процесін штамптау деп атайды. Артықшылықтары: жұмыс өнімділігі өте жоғары, өндірілген бұйымның дәлділігі жоғары металл шығыны аз болады. Кемшілігі: штамптың өзіндік құнының қымбаттылығы.
Өнделінетін металдың күйіне байланысты: ыстық күйде көлемділік штамптау, суық күйде көлемділік штамптау; темір табақтарын штамптау болып үш түрге бөлінеді.