Электрпешінде болат өндіру әдісі Электр пешінде өндірілген болаттың өзіндік құны басқа пештерде өндірілген болаттың өзіндік құны жоғары. Өйткені электр энергиясын көбірек жұмсайды. Болат пен қорытпалар қорытуға арналған электр пештері доғалы, индукциялы, кедергілі пештер болып үш топқа бөлінеді. Құрылысы қарапайым болат қорытуға қолайлы және пайдалы әсер коэффициенті жоғары болғандықтан аталған пештердің ішінде электрометаллургияда сыйымдылығы 0,5-180 тонналық доғалы пештер жиі қолданылады.
Қазіргі кезде электрометаллургия әдісімен болаттың жоғары сапалы түрлері өндіріледі. Болат өндірудің басқа әдістеріне қарағанда осы әдісінің келесі артықшылықтары бар:
1.Пештің кеңістігінде 2000 0С-тан жоғары t-ра алуға болады.
2.Пеш t-сының жоғары болуы құрамында СаО мөлшері молырақ шлак қолданып, Р мен S сияқты зиянды элементтерден болатты толығырақ тазартуға мүмкіндік береді.
3.Мартен пешінде қорытуға болмайтын балқу t-сы жоғары қорытпалар қорытылады.
4.Мартен пештерімен салыстырғанда электр пештерінің конструкциясы қарапайым келеді.
Түбі ток өткізбейтін доғалы пешінде электр тоғы электрод-доға-шлак-металл-шлак-доға-электрод, ал түбі ток өткізетін пештерінде электрод-доға-шлак-металл-түп тізбегі бойынша жүреді. Электр пешінде қорыту шихтаның құрамына байланысты қоспа элементтердің толық тотығу немесе тотықпау процестері бойынша жүзеге асырылады. Шихтаның құрамындағы қоспалардың тотығуы бойынша жүретін процесс келесі кезеңдерге бөлінеді: пешті дайындау, шихта салу, тотықсыздану, қорытпаны шығару.
Қорытудың тотығу кезеңінде алғашқы шлакты металдан болу, металды Р-дан тазарту, қайнату, қыздыру операциялары орындалады. S1, Mn, P, C элементтерінің тотығу реакциялары мартен пешінде тотығу реакцияларына ұқсас.
Тотығы кезеңінің бірінші жартысында пештің шихта түсеретін тесігін белгілі бұрышқа бұрып ол арқылы Р-лы шлактың 60-70%-і төгіледі. Сосын жаңа шлак түзілуі үшін электр пешіне күйдірілген ізбес тасы, темір кені, боксит, шпат салынады. Соңғы операциядан кейін металдың t-сы жоғарылап, астаудағы метал қайнайды (көміртегі жанады СО) Астаудағы металдың қайнауын тездету мақсатымен, тотықтандырғыш ретінде пешке қажетті мөлшерде темір кені салынады. Металдың тотығу кезеңі аяқталысымен тотықсыздану кезеңі басталады. Металл құрамындағы оттегі мен күкірт бөлініп оның t-сы құю t-сына дейін көтеріледі де, химиялық құрамы мемлекеттік стандарт бойынша анықталған мөлшерге дейін жеткізіледі.
Қойытылған болаттың құрамындағы көміртегінің процестік мөлшеріне байланысты тотықсыздандыру кезеңінде металды ақ немесе карбид шлағының астында қорытады. Пешке 80% ізбес тасы 20% шлак қоспасын пеш сыйымдалығының 4%-тей жерін алып тұратындай етіп салып металды ақ шлак астында қорыту арқылы құрамында көміртегінің мөлшері төмен болат түрлері алынады.
Шлактың құрамындағы С, Мn тотықтарының мөлшерін кеміту үшін, жоғарыдағы қоспа балқыған соң пешке екінші шлак қоспа салынады. 10-нан 4-5 бөлігі ізбестасы, l-бөлігі шлак, 2-3 бөлігі майдаланған ағаш көмірі мен кокс. Қоспа астауда балқи ерігішпен кейін шлак құрамындағы Fe мен MnO-ның мөлшері келіп, шлактың түсі ағарып, FeO металдан шлакқа өтеді.
Металдағы құрамындағы FeO-ның мөлшерін 1-1,5%-ке дейін азайту үшін ФС-салынады.
Металды карбид шлагының астында қорыту процесі кезінде шлактың ұстіне 1:3:1 қатынасында болатындай етіп кокс, ізбестасы және шпат қоспасы тасталады.
СаО+3С+СаС2+СО2 реакция жүреді.
Кальций карбиды шлактың тотықсыздандырғыштық қасиетін атқарады. Электрометаллургияда құрамында Р, S мөлшері төмен лейрленген болат қорыту үшін доғада қайта қорыту әдісі қолданылады. Бұл әдіс бойынша құрамында Р, S элементтері аз лейрленген болат қалдықтары шихта ретінде қолданылады.