Болатты индукциялы пештерде өндіру Сапасы жоғары маркалы болаттарды индукциялы пештерінде қорыту арқылы алады. Индукциялы пештің жұмыс істеу принципі, айнымалы ток трансформаторы сияқты, электромагниттің құбылыстың заңдарына негізделген.
Индукциялы пеш келесі негізгі бөліктерден тұрады:
1. индуктор, 2 тигель, 3. пеш қабы (кожух), 4. бұру механизмі мен электр жабдығы.
Индуктор мыс трубадан жасалған орам саны белгілі катушка.
Трансформатордың (пештің) бірінші тізбегі катушка арқылы жоғары жиілікті айнымалы ток жүргенде онда пайда болған айнымалы магнит ағыны трансформатордың (пештің) екінші тізбегінде (тигельдей металда) құйынды электр тоғын тұғызады. Құйынды тастар тигельдегі металда Джоуль-Ленз заңы бойынша жылу энергиясы бөлініп, металл қызады. Металдағы индукция тоғының мөлшері ток жиілігіне байланысты болғандықтан, пеш катушкасы жиілігі 500-2500 гц айнымалы ток пен қоректенеді. Арнаулы генератордың жәрдемімен жиілігі 50 гц өндірістік токтың жиілігі арттылады.
Жоғары жиілік сператоры қуаты қорытатын металдың 1 кг-на 1-0,4 квт электр энергиясы келетіндей етіп жасалады. Сыйымдылығы 50 кг – 10 тн. Қазір одан да артық болады.
Болат балқытудың комбинациялық әдісі Болат өндірудің түрлі жолдарында сан түрлі кемшіліктер де, жетістіктер де бар. Бессемер, электр пештер.
Жылу энергиясын аз жұмсап, жоғары сапалы болаттар алу үшін болат қорыту процесі бір немесе бірнеше кезеңдерге бөлініп, әрбір кезеңде болат әр түрлі жылу агрегаттарында қорытылады. Қорытудың мұндай жолын болат қорытудың комбинациялық әдісі деп атайды.
Болат қорытудың комбинациялық әдісінің дуплекс, триплекс т.б. процестер болады. Егер болат екі балқыту агрегатының жәрдемінен қорытылса процесс ... , ал үш қорыту агрегатының жәрдемімен қорытылса, триплекс-процесс деп аталады.
Дуплекс процесінде бірінші агрегатта қорытылған болат екінші агрегат үшін шикізат болып табылады.
Дуплекс процесінің келесі түрлері болуы мүмкін:
1.конвертер – электр пеші;
2.конвертер – мартен пеші;
3.Мартен пеші – электр пеші т.б.
Дуплекс процесінің бессемер конвертері негізді мартен пешінің мүмкіншілігін және бессемер конвертерінің жылдам болуын, отынды керек етпейтінің пайдаланады. Ал негізгі процеспен жұмыс істейтін мартен пеші Р, S, N элементтерін оңай ажыратып және жоғары сапалы болатты тез қорытуға мүмкіндік береді. Негізді мартен процесі негізді электр пешінде болат қорытудың комбинациялық әдісі шихтаны мартен пешінде балқытып, ал жетілдіру процесін электр пешінде жүргізіп, энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді.