11 Дәріс тақырыбы. Болат өндірісі және металургиясы Қазіргі кезде болат өндірудің келесі тәсілдері қолданылады:
1 Болат өндірудің конвертерлік тәсіл (бессемер, томас, оттегі-конвертерлік);
2 Мартен тәсілі (негізді және қышқылды үрдістері);
3 Электрлік тәсілі (доғалы және индукциялық пештерде жүргізілетін үрдістер).
Конвертерлік тәсіл Болат өндірудің конвертерлік тәсілінің басқа тәсілдермен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Артықшылықтары:
Өнімділігі жоғары. Конвертерде көміртектің тотығу жылдамдығы мартен пешімен салыстырғанда 10 – 100 есе, ал өнімділігі 5 7 есе артық болады;
Конвертер үрдісі кезінде отынның қажеттілігі жоқ. Үрдістің жүруіне қажетті жылу шойынның құрамындағы Si, Mn, P және т.б. қоспалардың тотықтану реакцияларының нәтижесінде бөлініп, пештің температурасы 1700ºС – қа дейін көтеріледі;
- Конвертер үрдісінің жүру жылдамдығы өте жоғары боғандықтан, үрдіс барысын реттеу өте қиынға соғады, негізінде реттеуге де келмейді.
Оттегілі-конвертерлік тәсілі Конвертер болатының сапасын төмендететін негізгі зияндысы N. Ауа құрамындағы N конвертер жылуының біразын өзімен бірге атмосфераға алып кетіп, оның t-сын төмендетіледі және оған қоса, азот шойында ериді. Сондықтан ауаның орнына таза оттегі үрленеді. Үрленетін ауаны құрамында азот болмағандықтан алғашқы кездеэлементтердің тотығу процестері жылдам жүреді де конвертердің t-сы тез көтеріліп S 2-3 синутта, Мn, C 16-18 минутта тотығып бетеді. Процесс нәтижесінде Р тотығының темір тұздары түзіліп, ізвесть шлак күйінде балқыған металдың бетіне шығады болаттағы Р; S элементерінің мөлшері азайды. Процестің тағы бір ерекшелігі сол мартен шойыны мен темір сынықтарын өңдеу арқылы сапа жағынан мартен болатынан кем түспейтін құрамында 0,004-0,006% N бар болат алуға мүмкіндік береді.