1 Дәріс тақырыбы Кіріспе. Катты де ненің құрылысы



бет8/35
Дата04.05.2023
өлшемі1,19 Mb.
#89991
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
Феррит Fe ге көміртегі енгізілген қатты ерітінді. Оның көлемге орталықтанған кубтық торы болады да, көміртектің ерігіштігі төмен болып келеді. Ферриттің төменгі және жоғары температуралы түрлері бар. Төменгі температуралы ферритте көміртектің шекті концентрациясы 0,02%, ал жоғары температуралы ферритте 0,1% болады. Феррит – жұмсақ, пластикалық фаза.
Аустенит – –Fe көміртегі ендірілген қатты ерітінді. Оның атомаралық саңылаулары көлемге орталықтан кубтық торымен салыстырғанда 2 есе үлкен келеді, әрі қырға орталықтанған кубтық торы болады. –Fe–де көміртегінің ерігіштігі жоғары, ол 2,14% жетеді.
Цементит – темірдің көміртегімен химиялық қосылысы (Fe3C). Оның құрамында 6,67%C және атомдары тығыз орналасқан күрделі ромбылық торы болады. Қалыпты жағдайда цементит қатты және морт болады.
Графит – бұл темір–көміртекті қорытпаларында көміртегінің еркін күйде болуы. Оның гексагональдық кристалдық торы болады


Темір-цементит (метатұрақты тепе тең) күй диаграммасы
Темір–цементит күй диаграммасының жалпы сипаттамасы. Темір–цементит күй диаграммасы (сурет) қорытпа концентрациясының таза темірден цементитке дейінге түрленуі мен фазалық құрамын сипаттайды.



15 – сурет. Темір – цементит (Ғе - Ғе3С) күй диаграммасы
Аустенит пен цементиттің эвтектикалық қоспасы ледебурит (4,3%C), ал феррит пен цементиттің эвтектоидты қоспасы – перлит (0,8%C) деп аталады.
Құрамында 0,02 – ден 0,8 % С бар болаттарды эвтектоидқа дейінгі болаттар деп атайды. Онда жоғарыда айтылғандай кристалданудан кейін тек аустениттен тұратын құрылым түрленуге ұшырап, екі фазалы құрылымға ыдырайды, яғни феррит пен перлиттен тұрады (А → Ф + П).
Эвтектоидты түрлену тұрақты температурада жүреді (727°С). Құрамында 0,8 %С бар құрылым эвтектоидтық деп аталады. Мұнда 727°С температурада болаттағы барлық аустенит перлитке түрленеді.
Құрамында 0,8 – ден 2,14 % С болаттарды эвтектоидтан кейінгі деп атайды. SЕ сызығының жоғары бұл қорытпаларда тек аустенит болады.
Көміртекті темір қорытпалары екі топқа: құрамында 2,14% дейін көміртегі болуын болат деп , ал 2,14% астам көміртегінің болуын шойын деп атайды.
Teмip – графит жүйесiнде эвтек­тика 1153°С – да түзіледi Оның құрамында 4,26% С болады және аустенит пен графиттен тұрады. Бұл графитті эвтектика деп аталады.
Көміртегінің мөлшері 2,14% – ке дейін болатын көміртекті темір қорытпаларын болаттар деп атайды. Құрамында темір мен көміртегіден басқа да қоспалар кездеседі: Mn, Si, S, H, P, O, N – технологиясына байланысты болады, ал Cu, Cr, Ni және т.б. элементтер – кездейсоқ қоспалар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет