Қоғамның тарихи тәжірибесі – бұл өткенді рационалды ұтымды ұғыну , сондай-ақ оның интуитивті және эмоциялық қабылдауының нәтижесі.
Курстың дидактикалық және педагогикалық мақсаты бірқатар факторлармен анықталған.
Бірінші фактор - бұрын зерттелген материалды өзектендіретін арнайы гуманитарлық білім беру курсын
практикаға енгізу қажеттілігі. Бұл материалды өзекті ету факторы тарихи білім жүйесіне оның қозғаушы
механизмі — өткенді зерттеу әдісін ендіреді. Тарихи таным техникамен танысу ондағы объективтілік пен
шарттылықтың қарама-қайшы үйлесімінің табиғатын түсінуге практикалық мүмкіндік береді.
Екінші фактор – «тарихи өткеннің ғылыми келбетін» десакрализациялауының (құдайландырудан
айыру) қажеттілігі. Аталмыш оқу курсында тарихи зерттеудің шекарасы, оның әлеуметтік функциялары
мен қоғамдық санаға ықпал ету мүмкіндіктері көрсетілген.
Бұл курстың басты педагогикалық мақсаты - салауатты скептицизм (объективті шындықты дұрыс тану
мүмкіндігіне күдікпен қарайтын философиялық бағыт), және өткен тарихқа берілген бағаларға, әлеуметтік
даму заңдылықтарына берілген анықтамаларға сыни көзқарасты қалыптастыру.
Курстың құрылымы тарихи білімнің тарихи дамуының логикасы — архаикалық ежелгі дәуірден бүгінгі
күнге дейін, қоғам мен мәдениет контекстіне негізделген.
Курста тарихи білімнің негізгі формалары мен деңгейлері қарастырылады. Оған: миф, өткенді жаппай
қабылдау, рационалды білім (тарих философиясы), академиялық тарих, тарихи әлеуметтану, мәдениеттану,
тарихи зерттеулердің қәзіргі заманға сай жаңа бағыттары кіреді.
Курстың міндеті: тарихи және өркениеттік келешегінде өткенді тану формаларының әртүрлілігі мен
өзгергіштігін көрсету болып табылады. Тарихи сананың еуропалық және шығыс өркениеттерінің мәдени
дәстүрлерінен айтарлықтай айырмашылығы бар. Орта ғасырлық Еуропаның тұрғындары, ежелгі Римдегі
адамдарда, және индустриялық қоғам өкілдерінде өткенді қабылдау және тану, оның шын мәніндегі
маңыздылығын бағалау әртүрлі болды.
Курстың маңызды бөлігі Ресейдің тарихи білімінің қалыптасуын талдауға, Ресей және еуропалық
дәстүрлердің даму жолдары мен өзара іс-қимыл механизмдерін салыстыруға арналған.
Бұл курс «тарих», «тарихи уақыт», «тарихи дереккөз», «тарихи шындық» және «тарихи заңдылық»
сияқты тарихи білімнің негізгі категорияларына бас назарын аударады.
Курста тарихи білімнің күрделі құрылымы көрсетілген. Бұл - ғылыми рационалды дәстүр мен өткенді
жаппай иррационалды қабылдауды саралау, сондай-ақ олардың өзара іс-қимылы. Тарихи мифтер мен
жорамалдарды қалыптастыру, олардың жаппай санадағы тамыры және саяси идеологияға әсері маңызды
тақырыптардың бірі болып табылады.