1-дәріс Ведение. Квантование энергии и строение атома (3 часа)


Ритцтің комбинациялық принципі (Комбинационный принцип Ритца)



бет6/9
Дата27.11.2023
өлшемі306,5 Kb.
#129922
түріИсторический очерк
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ритцтің комбинациялық принципі (Комбинационный принцип Ритца)


Ритцтің* комбинациялық принципі — 1908 жылы Вальтер Ритц орнатқан спектроскопияның эмпирикалық түрдегі негізгі заңы. Бұл принципке сәйкес кандай да бір элементтің спектрлік сызықтарының әртүрлілігі термдер деп аталатын қандай да бір шамалардың комбинациялары арқылы берілуі мүмкін.

Спектрлік термдер немесе атом, молеула немесе ионның электрондық термі — энергетикалық деңгейді анықтайтын электрондық жүйенің конфигурациясы (күйі). Кейде терм деген сөзді берілген деңгейдің өзіндік энергиясы деп түсіндіруге болады. Термдер арасындағы ауысулар электрмагниттік сәулеленудің сәуле шығаруы және жұтылуын анықтайды.

Әр спектрлік сызықтың спектроскопиялық толқындық санын (k толқындық векторы емес) екі терм арқылы былай өрнектеуге болады:

;

Егер мүмкін болатын барлық мәндерді тіркесек, онда спектрлік сериялар деп аталатын сызықтар жиыны пайда болады. Комбинациялық принцип бойынша, атомның бір сериясының екі спектрлік сызығының толқындық сандарының айырымы осы атомның басқа сериясының спектрлік сызығының толқындық санын береді.

Дәлелдеу: бір серияның екі спектрлік сызығын қарастырайық:

,

болсын , онда . Бірінші теңдеуден екіншісін алсақ, шығатыны: .

Элементтің кез келген спектрлік сызығын сипаттайтын формуланы 1890 жылы И. Ридберг берді. Осы жерден оның атауы «Ридберг— Ритц принципі» немесе «Ридберг — Ритцтің комбинациялық принципі» деп аталды.

*Ритц Вальтер (22.II 1878 — 7.VII 1909) — швейцар физик-теоретигі және математигі. Физика бойынша оның еңбектері спектроскопия, жылулық сәулеленудің теориясы, электр динамикасына арналған.




Бор постулаттары (Постулаты Бора)



Атомның жаңа сапалық кванттық теорясын жасаудың алғашқы мүмкіндігіне 1913 жылы дат ғалымы Нильс Бор (1885—1962) ие болды. Ол сызықтық спектрлердің эмпирикалық заңдылықтарын, Резерфорд атомның ядролық моделін және жарықтың сәуле шығару мен жұтылуының кванттық сипаттамасын біртұтас бүтін қылып біріктіруді алдына мақсат етіп қойды. Бордың теориясының негізінде екі постулаты бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет