1-дәріс Ведение. Квантование энергии и строение атома (3 часа)


Атом құрылымының алғашқы модельдері



бет3/9
Дата27.11.2023
өлшемі306,5 Kb.
#129922
түріИсторический очерк
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Атом құрылымының алғашқы модельдері:






Микроәлем заңдарының спецификасы.
Специфика законов микромира

Макро- және микроәлем — материяның құрылымдық ұйымдастыру деңгейімен ерекшеленетін объективті шындықтың спецификалық екі облысы. Макроқұбылыстардың аумағы —бұл адам (планеталар, жер денелері, кристаллдар, үлкен молекулалар және т.б.) өмір сүретін және әрекет ететін кәдімгі әлем (дүние). Ал сапалы басқа облысын микроәлем (атомдар, ядролар, элементар бөлшектер және т.б.) құрайды, мұндағы объектілердің мөлшерлері сантиметрдің миллиард бөлігінен де аз, ал уақыт аралықтары секундтың миллиардыншы бөлігіндей болады, яғни тікелей бақылауға болмайды. Осы дүниелердің әр қайсысы материя құрылымының, қозғалыстың заңдылықтары, кеңістіктік – уақыттық және себептік қатынастардың өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады. Сонымен, макроәлемде материалық объектілерде өзінің айқын көрінетін үздікті, корпускулалық немесе үздіксіз, толқындық табиғаты бар, және олардың қозғалысы классикалық механиканың динамикалық заңдарына бағынады. Микроәлемнің құбылыстары үшін, керісінше, кванттық механиканың статикалық заңдарында өрнектелетін корпускалық және толқындық қасиеттермен тығыз байлыныс арқылы сипатталады. Макро- және микроәлемді бөлетін өзіндік шекара Планктың әрекет ету кванттының ашылуына байланысты орнатылды. Бұл жаңа тұрақтының (константа) елеулі аспектісі болып «өзара әрекет етудің шектілігі» табылады, яғни микроәлемдегі объектілер арасындағы кез келген әрекеттесу (құрал мен микробөлшек арасындағы) әрекет ету квантының мәнінен кіші болуы мүмкін емес. Макро- и микроәлемнің спецификасы танымдылықта өзінің орны бар, ескі физикалық теорияның қолдану облысын шектеп, жаңалықтың (салыстырмалы теория, кванттық механика, элементар бөлшектер физикасы) пайда болуына әкеледі. «Физикалық идеалдықты» жақтаушылар макро- и микроәлемнің айырмашылығын және оның танымдық қасиеттерін абсолюттеу кезінде микроәлемнің объективтілігі мен танымдылығын теріске шығарады. Шындығына келсек, ғылым макро- и микроәлем арасындағы тығыз байланысты көрсетеді, жеке жағдайларда, жоғары энергиялы микробөлшектердің соқтығысуы кезіндегі макроскопиялық объектілердің пайда болу мүмкіндіктерін табады. Физиканың атом әлеміне, содан соң ядро мен элементар бөлшектер әлеміне енуі, олардың күрделі құрылымдары мен арасындағы өзара айналулар жаңалықтары Лениннің «материяның терең шексіздігі» туралы қорытындысының дұрыстығын, және т.б.диалектикалық материализмнің принциптерін растайды.


Микроәлемдегі объектілердің қозғалысы кванттық механика заңдарына бағынады. Микроәлемді зерттеу кезінде алдымен макроскопиялық денелер үшін енгізілген және орнатылған ұғымдар мен заңдарды қолданылды. Электрон, мысалы, көлемі бойынша электрлік заряд таралған қатты немесе деформацияланатын шар деп қарастырылған. Электронның қозғалысы электрлік зарядталған макроскопиялық денелер үшін экспериментті түрде орнатылған механика мен электродинамика заңдарымен басқарылады; макроскопиялық физиканың барлық ұғымдары мен заңдары аз өлшемді денелер үшін де, аз уақыт аралықтары үшін де қолданымды; микроәлемдегі құбылыстарды түсіну үшін жаңа ұғымдар мен заңдар қажет емес деп есептелген, яғни микроәлем макроәлемнің кішірейілген көшірмесі деп қарастырылған. Осыған байланысты негізделген табиғат құбылыстары мен теорияларын зерттеу тұрғыдағы мұндай көзқарас классикалық деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет