1-дәріс Ведение. Квантование энергии и строение атома (3 часа)



бет2/9
Дата27.11.2023
өлшемі306,5 Kb.
#129922
түріИсторический очерк
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 дәріс атом.физ от24.10.13

Атом құрылымының моделі.
Модели строения атома.

Атом құрылымының алғашқы модельдері XX ғасырдың басында пайда болған. 1901 ж. Жан Перрен атомның ядролық –планетарлық құрылымы туралы болжам айтқан. Осыған ұқсас модельді 1904 ж. жапон физигі Хантаро Нагаока ұсынған. Нагаока моделінде атом Сатурн планетасына ұқсатылған, яғни планетаның рөлін - атом көлемінің негізгі бөлімін оң зарядталған шар атқарды, ал электрондар Сатурнның серіктері сияқты оның айналасында сақина түрінде орналасты.


Бірақ ең кең таралған атомның моделі - кекстік модель (кексовая модель атома). Бұл модель бойынша 1902 ж. Уильям Томсон (лорд Кельвин) атом оң зарядталған ұйыған материя болып табылады, оның ішінде электрондар біртекті таралған.
Ең қарапайым атом – сутегі атомы - У. Томсонның көзқараасы бойынша, центрінде электрон орналасқан оң зарядталған шар болып табылады. Атомның бөлшектік моделін Дж. Дж. Томсон жасап шығарған, оның ойынша, оң зарядталған шардың ішінде бір жазықтықта орналасады және концентрлік сақиналар құрайды деп есептеген. Дж. Дж. Томсон атомдардағы электрондардың санын анықтау әдісін ұсынды, бұл әдіс рентгендік сәулелердің таралуына негізделген, яғни электрондар таралу центрлері болуы тиіс деген болжамға негізделген. Жүргізілген тәжірибелер элементтер атомдарындағы электрондардың саны шамамен атомдық массасының жартысына тең екенін көрсеткен. Дж. Дж. Томсон атомдағы электрондардың саны элементтен элементке өткен кезінде үздіксіз артатынын болжап, алғаш рет атом құрылымы элементтер қасиеттерінің периодтылығы байланысты екенін көрсеткен.
Неміс ғалымы Филипп фон Ленард атомдағы қарама қарсы зарядтар жеке болуын қарастырмайтын модель жасауға тырысқан. Ленард моделіне сәйкес, атом нейтрал бөлшектерден тұрады, олардың әрқайсысы электрлік дуплет болып табылады. Ленардтың жүргізген есептеулері бұл бөлшектердің мөлшері өте аз болатынын көрсетті, соған байланысты атомның көлемінің басым бөлігі бос кеңістікті құрайды. Атом массасының шоғырлануы оның көлемінінің аздаған бөлігінде болатыны 1903ж. Ленард жүргізген тәжірибе жүзінде дәләлденді, сол тәжірибе бойынша электрондардың жылдам шоғыры жұқа металл фольгасы арқылы өткен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет