XIV ТАРАУ . МІНЕЗ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Мiнез туралы жалпы түсiнiк. Мiнез анықтамалары. Мiнез қалыптасуының
заңдылықтары. Мiнез қырлары туралы түсiнiк. Мiнез қырларын топтастыру.
Мiнездi зерттеуге теориялық жəне эксперименталды бағыттар. Эксперименталды
зерттеулер
мəселесiнiң
негiзi
ретiнде
мiнез.
К.Леонгард
жəне
А.Е.Личко
тұжырымдамалары. Темперамент пен мiнез арақатынасы.
Мiнездiң қалыптасу ерекшелiктерi. Мiнез қалыптасуының ерекшелiктерi. Мiнез
қалыптасуындағы сензитивтi кезең. Мiнез қалыптасуындағы үлкендер мен бала
өзараəрекетiнiң рөлi. Мiнездiң мектеп жасында қалыптасуы. Өзiндiк тəрбие. Мiнез
қалыптасуындағы еңбектiң рөлi.
Нақты адамды сипаттау немесе бағалау кезiнде оның мiнезi туралы айтады. Əрбiр
адам басқа адамдардан өзiнiң даралық өзгешелiктерiмен ерекшеленедi. Адамдар өзара
мiнез ерекшелiктерiне қарай ажыратылады. Мiнез деген психологиялық қасиеттiң төркiнi
гректiң ''charakter'' деген сөзiнен шыққан. Мəнiсi -iз қалдыру. Психологияда бұл
жеке,дербестiк мағынадағы адамдарға байланысты ұғым. Психологияда мiнез түсiнiгi
адам iс-əрекетi жəне мiнез-құлқы формасында көрiнетiн жеке-дара психикалық
қасиеттердiң жиынтығы.
Мiнез- əрбiр адамның жеке басына тəн өзiндiк психологиялық қасиеттер мен
ерекшелiктер жиынтығы. Мiнездiң қасиеттерi мен ерекшелiктерi əркiмде əр қилы
жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын бiлдiредi. Мiнез-бұл адамның
əлеуметтiк мiнез-құлқының ерекшелiгi, ол əлеуметтiк топтағы адамдардың жүктелген iсiн
орындауында, адам аралық қарым-қатынасында көрiнiп отырады. Мiнез ерекшелiктерi
адамның даралық өзiндiк психологиялық қасиеттерi. Дегенмен адам бойындағы
ерекшелiктердiң бəрi бiрдей. Мысалы, естудiң нəзiктiгi, көздiң көргiштiгi, есте сақтаудың
шапшаңдығы, ақыл ойдың тереңдiгi мiнез ерекшелiктерiне жатпайды. Адам мiнезiнiң
көрiнiстерi əрбiр жеке жағдайда оның оқиғаларға қатысуынан аңғарылады. Адамның iс-
əрекетi сол iске деген қатынасымен қатар, ерiк-жiгерiне, көңiл-күйiне, зеректiгiне, ақыл
ойына да байланысты болады. Соның нəтижесiнде адамның əр алуан психикалық
процесстерi, оның iс-əрекет түрлерiне ықпал етiп, адамның ақыл ойын, көңiл-күйiн,
эмоциясын, ерiк-жiгер қасиеттерiнiң ерекшелiктерiн айқын аңғартады. Мiнез өмiр бойы
қалыптасуы мүмкiн. Мiнез қалыптасуы адам ойымен, сезiмдерiмен жəне ынталарына да
байланысты болады. Сонымен адамның өмiр сүру ерекшелiгiмен қатар, оның мiнезi де
қалыптасады. Осыған орай, өмiр бейнесi, қоғамдық талаптар жəне нақты өмiрлiк
жағдайлар мiнез қалыптасуында мəндi рөлге ие.
Мiнездiң қалыптасуы даму деңгейлерiне жəне ерекшелiктерiне байланысты əр түрлi
топтарда өтедi(отбасы, достық орта, класс, спорт командалары, еңбек ұжымы т.б.). Əр
топтың құндылықты ерекшелiктерiне байланысты мiнез қырлары да дамиды. Мiнез қыры
дегенiмiз адамның белгiлi бiр жағдайдағы мiнез-құлқын анықтайтын психикалық қасиет
ретiнде түсiндiрiледi. Мiнез қырларының көптеген топтастырулары бар. Психологиялық
əдебиеттерде көбiнесе екi бағыт кездеседi. Бiрiншiсi, мiнез қырларын психикалық
процестермен байланыстырады жəне ерiктi, эмоционалды жəне интеллектуалды қырларды
бөлiп қарастырған. Мiнездiң ерiктi қырларына жататындар: табандылық, батылдылық,
қайсарлылық,
өжеттiк,
сабырлылық,
байсалдылық,
дербестiлiк,
белсендiлiк,
ұйымшылдық. Эмоционалды қырларына екпiндiлiк, əсерленгiштiк, қызбалық, инерттiлiк,
байыпсыздық, қайырымдылық. Ал, интеллектуалды қырларға терең ойшылдық,
тапқырлық, зеректiк, құмарлық, əуестiк жатады.
Екiншiсi, мiнез қырларын тұлға бағытына байланысты қарастырады. Тұлға бағдарының
мазмұны адамдарға, iс-əрекетке, қоршаған əлемге жəне өзiне - өзi қатынасы кезiнде
көрiнедi. Тұлғаның бағдары адамның өмiрлiк мақсатын, жоспарын, оның өмiрлiк
белсендiлiгiнiң деңгейiн анықтайды.
Адамның тұлғалық қырларын шартты түрде мотивациялық жəне инструменталды деп
екiге бөлемiз. Мотивациялық iс-əрекеттi оятады жəне бағыттайды, ал инструменталды
бұларға белгiлi бiр стиль бередi. Тұлғаның мотивациялық қырлары сияқты, мiнез де
əрекет мақсатын таңдау кезiнде көрiнедi. Бiрақ та мақсат анықталғаннан кейiн мiнез
инструменталды рөл ретiнде, қойылған мақсатқа жету құралдарын анықтайды.
Мiнез тұлғаның негiзгi көрiнулерiнiң бiрi болып табылады.
Мiнездi зерттеуге теориялық жəне эксперименталды бағыттар.
Мiнездi зерттеу бұдан бiрнеше жылдар бойы басталған болатын. Мiнездi зерттеу
дамуының ұзақ тарихы бар.
Адам мiнезiнiң даралық ерекшелiгi жайын ғылым тарихында тұңғыш рет сипатттап
жазған ертедегi грек философы Теофраст. Бiрақ ол мiнездi адамның адамгершiлiк
сапасына тəн қасиет дейдi. Лабрю йер де ''Теофраст мiнездерi''деген еңбегiнде мiнездi
адамның əлеуметтiк адамгершiлiк ерекшелiктерi жағынан қарастырған. Бұл бiрақ,
темпераментке керi анықтама. Өйткенi темперамент – адамда туа пайда болатын генотиптi
ағза қасиетi. Осы көзқарасқа орай, мiнез адамның туа пайда болатын фенотиптiк
ерекшелiгi.
19 ғасырда француз ғалымы А.Бен мiнездi тек психологиялық ерекшелiк, дара
адамның ақыл ойы мен сезiмiнiң жəне ерiк ерекшелiгiнiң қасиетi деп санады. Т.Рибо
мiнездi сезiм мен ерiк ерекшелiгi десе, ал орыс дəрiгерi жəне педагогы П.Ф.Лесгафт ерiк
қасиетi дедi. И.Кант мiнездi темпераментпен салыстыра отырып,оны адамның жүре пайда
болатын қасиетi деп анықтады. Сондай-ақ ол адамның даралық қасиеттерiндегi туа пайда
болатын ерекшелiктерi мен жүре пайда болатын ерекшелiктердi бөлiп көрсеттi. Ал
Малапер Фуле т.б. мiнездiң туа пайда болуымен қатар, жүре пайда болатын ерекшелiктерi
бар дедi.
Мiнез адамның басқа адамдармен жұмысына қатынасын бiлдiретiн жеке адамның
тұрақты ерекшелiктерiнiң жиынтығы. Мiнез iс-əрекет пен қарым-қатынаста айқындалып,
адам мiнез-құлқына тəн көрiнiс бередi. Мiнез адамның өзi таңдаған iс-əрекетiнен
байқалады. Кейбiр адамдар iс-əрекетiнiң аса күрделi қиын түрлерiмен айналасуды
қалайды, олар үшiн кедергiлердi жеңу жолдарын iздеу, амалдарын табу қызықты болады.
Ал, кейбiреулер iс-əрекеттiң ешбiр кедергiсiз оңай түрiн қалайды. Кейбiреулер үшiн
жұмыс нəтижесiне қандай жол арқылы жеткенiнен басқа адамдарды басып озу басты
мəселе болса, басқаларға əйтеуiр жұмысты бiтiрдiк деген ой өте маңызды. Адамдар мен
қарым-қатынастағы мiнез-құлықтың (үлгiсi) манерасы адамдар əрекеттерiне жауап
қайтаруларынан көрiнедi. Қарым-қатынас мəнерi сыпайы-анайы,биязы-дөрекi,əдептi-
əдепсiз т.б. бола алады. Мiнездердiң темпераменттен бiр айырмашылығы,олар тек жүйке
жүйесi қасиеттерiне ғана емес, адам мəдениетi мен тəрбиесiне де байланысты. Адам
мiнезi-əр түрлi стимулдар мен түрлi оқиғаларға кездейсоқ жауап беру ерекшелiктерiмен
айқындалмайды,ол оның негiзгi əрекеттерiн айқындаушы. Мiнездi адамның əрекетi
əрдайым саналы, жауапты жəне ойланған түрде өтедi. Мiнездi адам сыртқы жағдайға
қарамай дербес, өзiнiң ерiк-жiгерi мен белсендiлiгiн көрсетедi, өзiн-өзi ұстайды. Ал,
мiнезсiз адам iс-əрекетпен қарым-қатынаста сыртқы жағдайларға бағынып, тəуелдiлiкте
жүредi. Адамдардың мiнезi пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы бойынша
темпераментпен байланысты, бiрақ мiнез тұрақты жəне өзгермелi болып келедi.
Жеке адам ерекшелiктерi:
Жеке адам ерекшелiктерiн келесi кездерде көруге болады.
1.Мотивациялық-iс-əрекеттi бағыттайды, тудырады.
2. Инструменталды-iс-əрекетке белгiлi бiр стиль бередi.
Мiнез мұнда жеке адамдардың инструменталды қасиеттерiне жатады. Одан iс-əрекет
мазмұны емес, оны орындау мəнерi айқындалады. Бiрақ, мiнез мақсатты таңдаудан да
байқалады. Мақсат таңдалса, мiнез инструменталды, яғни мақсатқа жету құралы болып
табылады.
Адам мiнезiне кiретiн жеке адам ерекшелiктерi:
1.Iс-əрекеттiң мақсатын таңдауда адамдардың əрекеттерiн айқындайтын жеке адам
қасиеттерi.
2. Алға қойылған мақсатқа жетуге бағытталған əрекеттер.
3.Темпераментпен байланысты инструменталды бiтiстер.
Осы бiтiстердiң барлығы бiр адамның бойына жиналып адам белгiлi бiр типке
жатқызылады.
Достарыңызбен бөлісу: |