№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері


§ 6. Темпераменттiң жастық ерекшелiктерi



Pdf көрінісі
бет107/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

§ 6. Темпераменттiң жастық ерекшелiктерi
Темперамент қасиеттерi жүйке жүйесiнiң, олардың ең жақын физиологиялық негiзiн
құрайтын қасиеттерi сияқты тумасынан пайда болады, мұрагерлiк анықталған болады.
Жүйке жүйесiнiң кей қатынастарының мұрагерлiк анықталғандығы ''егiздер əдiсiнiң''
қолданылуынан кейiн анықталды. Егiздерде психофизиологиялық қасиеттердiң ұқсастығы
бұл қасиеттердiң мұрагерлiк арқылы пайда болғандығының дəлелi бола алмайды, себебi
егiздер арасындағы ұқсастық даму жағдайларының бiрдейлiгiмен түсiндiрiлуi мүмкiн.
Бiрақ егiздердiң екi типi болады: Бiр жұмыртқалы (мұрагерлiгi толығымен бiрдей) жəне əр
түрлi жұмыртқалы (мұрагерлiгi ағайындарыныкi секiлдi əр түрлi). Бiржұмыртқалы
егiздердi мұрагерлiк анықталған қасиеттерi бойынша ұқсастықтар көбiрек табылғандығы
түсiнiктi. Егiздердiң жүйке жүйесi типтерiнiң қасиеттерiнiң ұқсастықтарын арнайы
салыстыру мұрагерлiктiң маңызды ролiн анықтауға мүмкiндiк бередi.
Балаларды жүйке жүйесiнiң əлсiз типiнiң белгiлерi ерекшелейдi. Ол тек аз төзiмдiлiктi
ғана емес, жоғарырақ сезiмдiлiктi бiлдiредi. Жүйке жүйесiнiң жастық əлсiздiгi балалық
шақтарда əсер ету жарқындығына, балалық əсерленгiштiң, қозуға оңай өтудiң,
импульсивтiлiктiң негiзi болады.
Балалық шаққа эмоционалдық уайымдардың импульсивтiлiгi жəне олардың тұрақсыздығы
тəн. Мысалы: жылаудан күлкiге жылдам өту əдеттегi жағдай болады.
Темпераменттiң жастық ерекшелiгi болатынын ескермеуге болмайды. Балалық шақтың əр
кезiндегi белсендiлiктiң, эмоционалдылықтың, моториканың өзiндiк сфецификасы бар.
Бастауыш мектептiк жастағы белсендiлiктiң сипаттарына қызығушылықтың оңай тууы
жəне оның тұрақсыздығы тəн. Жыл сайын жүйке жүйелерiнiң мүмкiндiктерiнiң артуы
жəне оның құнды балалық қасиеттерiнiң шектелуi, жоғалуы болады.
Жастық ерекшелiктер фонында балалық шақтың алғашқы жылдарында-ақ баланың
темпераменттiнiң қай типiне жататындығын көрсететiн динамикалық қасиеттерi бiлiнедi.
Бұған байланысты айырмашылықтар бала сөйлей бастағаннан – ақ байқалады. Егер бала
қатты, анық, тез сөйлесе, айқын жесттер мимикасы болса, ол сангвиникалық
темпераменттiң белгiлерiн бiлдiредi. Егер ол баяуырақ, сабырлы, тепе-тең, кейде
тоқтаулармен сөйлеп, жест, мимикасы айқын болмаса бұл флегматикалық темпераменттiң
белгiлерiн көрсетедi. Холерикалық темпераменттi асығыс,секiрмелi сөйлеу көрсетедi. Ал,
меланхоликалық темпераменттiң белгiлерi тежелген, тыныш, сыбырға дейiн түсетiн
сөйлеу. Əрине, темперамент типтерiн анығырақ көрсететiн жағдай қозғалмалылықтың
жəне баланың жалпы белсендiлiгiнiң ерекшелiктерi ескерiлуi. Бала психикасының
динамикалық қасиеттерiнде темперамент типтерiнiң белгiлерiмен қоса темпераменттiң
жастық ерекшелiктерi де көрiнедi.,
Динамикалық қасиеттер əрекеттердiң сыртқы үлгiсi (манерасы), қозғалысында ғана
емес, ойлау сферасында, жалпы жұмыс қабiлеттiлiгiнде бiлiнедi. Əрине, темперамент
ерекшелiктерi оқу сабақтарында жəне еңбекте де көрiнедi.
Педагогтар, тəрбиешiлер көрсетулерiнше балалар арасындағы жалпы белсендiлiк,
сезiмдiлiктiң бiлiнуi бойынша айырмашылықтар жиi кездеседi. Мұндай ерекшелiктердi
түсiндiру үшiн ұзақ жəне көп жақты байқау-бақылаулар қажет.
Баланы темпераменттiң белгiлi бiр типiне жатқызу үшiн мынадай қасиеттердiң көрiнуiне
ерекше көңiл бөлу керек:
1) 
белсендiлiк-жаңаға талпыну, қоршаған нəрселерге əсер ету, қиыншылықтарды жеңу
деңгейi бойынша анықталады;
2) 
Эмоционалдылық-эмоционалды əсерлерге сезiмдiлiк, эмоционалды реакцияға
себептердi табу деңгейi бойынша анықталады;
3) 
Моторика-бұлшық еттiң тездiгi, ритмi, амплитудасы т.б. белгiлерiнен көрiнедi.
Темпераменттiң əрбiр типi өзiн оң жəне терiс психикалық қасиеттерде көрсете алады.
Холериктiң энергиясы, құмарлылығы жақсы мақсаттарға бағытталса,құнды қасиеттер
бола алады,бiрақ жеткiлiктi ұстамдылық,дұрыс тəрбиелеу болмаса, жиi жарылыстарға
апаруы мүмкiн. Сангвиниктердiң етi тiрiлiгi, əсерленгiштiгi – жақсы қасиеттер, бiрақ
тəрбие жоқтығы оларды тұрақсыздық, шашылуға апарады. Флегматиктердiң
сабырлылығы, төзiмдiлiгi, байсалдылығы жағымсыз жағдайларда адамның көп əсерлерге
сезгiшсiздiгiн тудыруы əбден мүмкiн. Меланхолик сезiмдерiнiң тұрақтылығы, тереңдiгi
тəрбиелiк əсердiң жоқтығынан өзiнiң уайымына батушылық, аса ұялшақтыққа əкеледi.
Сонымен, темпераменттiң бастапқы қасиеттерi жақсы, не жаман дамитындықты
анықтамайды. Өсiп келе жатқан адам өзiнiң əрекетi мен iс-əрекетiн бiртiндеп реттеп
үйренуi қажет. Əр түрлi темперамент əр түрлi өзiндiк ерекшелiктер мен
айырмашылықтарға ие. Сондықтан да оған əсер ететiн тəрбиелiк əсерлер өте маңызды
орын алады. Темперамент қасиеттерi,немесе психикалық динамикалық жақтарының


ерекшелiгi адамды қалыптастыратын психикалық қасиеттердiң негiзгiсiнiң бiрi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет