№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері


§ 2. Түйсiктердiң адам тiршiлiк iс-əрекетiндегi рөлi



Pdf көрінісі
бет49/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   120
§ 2. Түйсiктердiң адам тiршiлiк iс-əрекетiндегi рөлi
Түйсiктердiң адам тiршiлiк iс-əрекетiндегi рөлi өте зор, себебi олар бiзге сыртқы
дүние жəне өзiмiз жайлы бiлiмдердi бередi. Сыртқы ортаның сан-алуан əсерлерi,
дыбыстар мен бояулар, иiстер мен температура, мөлшер жəне т.б. жөнiнде мəлiметтi бiз
сезiм мүшелерiмiз арқылы алып, оларды жан-жақты танып-бiлемiз.
Сезiм мүшелерiнiң ақпаратты алу, сұрыптау, жинау жəне миға жiберу процестерi
негiзiнде əсер еткен объектiнiң адекватты (шындыққа сəйкес) бейнесi қалыптасады.
Осындай күрделi процесс В.П. Зинченконың пiкiрiнше, үздiксiз болып отырады. Ол
секундына мыңнан астам өтетiн операциялардан тұрады.
Сезiм мүшелерi – сыртқы дүниенi адам санасына жеткiзетiн каналдар. Сезiм
мүшелерi адамның сыртқы ортада жəне өз iшкi күйiнде бағдарлай алуына мүмкiндiк
бередi.
Адамда қоршаған дүниеден ақпаратты алу тепе-теңдiкте немесе баланста болуы
қажет. Ақпараттық балансқа қарсы ақпараттық салмақ түсу мен ақпараттық жетiспеушiлiк
(сенсорлық изоляция) сияқты құбылыстар кездеседi. Бұл екi келеңсiз жағдайлар
организмнiң күрделi функционалдық бұзылысына алып келедi.
Сенсорлық изоляция дегенiмiз - адамның ұзақ уақыттық, толық немесе жартылай
сенсорлық əсерлерден айрылуы. Осы тұрғыдан сенсорлық ақпарат алуды шектеу бойынша
жүргiзiлген эксперименттiк зерттеулердiң нəтижелерi өте көрнектi болып табылады. Бұл
эксперименттерде зерттелушiнi арнайы камераларға орналастырып, толық сенсорлық
изоляцияға дейiнгi жағдайға жеткiзген. Бiрнеше сағаттан кейiн-ақ зерттелушi мазасыздық
күйiне жетiп, эксперименттi доғаруды сұраған. Ал ұзақ мерзiмдiк эксперимент жағдайына
түскен зерттелушiлер, алдымен, уақыттық бағдардан, ал одан кейiн, тiптен, ойлау
қабiлетiнен айырылған. Олар тiптi оңай есептердi шеше алмай, көбiсiнде ес процесiнiң
бұзылысы байқалған. Зерттелушiлердiң 80% жуығында көру галлюцинациялары пайда


болған. Осындай эксперименттерге адамдар 2-3 күннен артық шыдамаған.
Осы жəне басқа да мысалдар адамның түйсiну түрiндегi қоршаған дүние жөнiнде
ақпаратты алу қажеттiлiгiнiң күштi екендiгiн көрсетедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет