№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет47/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   120
Қосымша əдебиеттер:
14. Додонов Б.И. Структура и динамика мотивов деятельности // Вопросы психологии.
-1984.–№4. -С. 18-29.
15. Ильин Е.П. О сущности и структуре мотива // Психологический журнал.- 1995. -№2 -
С. 56-80.
16. Имедадзе И.В. Полимотивация и принцип соответствия мотива и деятельности //
Проблема формирования социогенных потребностей. -Тбилиси. 1981.– С. 31-39.
17. Маслоу А. Мотивация и личность. // Вест. Моск. университета Сер. 7, Философия. –
1991.–№3.–С. 66-75.
БӨЛІМ 2. ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕР
VI ТАРАУ. ТҮЙСIК
Түйсiк – таным негiзi. Түйсiктердiң тiтiркену негiзiнде пайда болуы. Түйсiктiң
психологиялық анықтамасы. Рецептор жəне оның эволюция барысында қалыптасқан
түрлерi. Рецепторлық теорияның мəнi (И. Мюллер). Түйсiктердiң эмоциялардың пайда
болуындағы рөлi.
Түйсiктердiң адам тiршiлiк iс-əрекетiндегi рөлi. Сезiм мүшелерi туралы жалпы
ұғым. Түйсiнудiң адам тiршiлiгiндегi маңыздылығы. Сенсорлық изоляция жəне оған
байланысты жүргiзiлген эксперименттер.
Түйсiктердiң физиологиялық негiздерi. Тiтiркену, сезгiштiк - түйсiк пайда
болуының алғашқы сатылары. Анализатор туралы ұғым (И.П. Павлов). Анализатордың
негiзгi құрылымы. Сезгiштiктердiң мидағы локализациясы. Анализаторлардың
рефлекторлық табиғаты.
Түйсiктердiң жiктелуi жəне негiзгi түрлерi. В. Вундтың энергетикалық жiктеуi. ×.
Шерингтон бойынша рецепторлар жiктеуi. Сенсорлық процестердiң эволюциялық жiктеуi
(Х. Хед). Модалдылық бойынша түйсiктердiң негiзгi түрлерi.
Сезгiштiк жəне түйсiк табалдырықтары. Абсолюттiк сезгiштiк жəне абсолютттiк
табалдырық. Төменгi жəне жоғарғы абсолюттiк табалдырықтар. Айырма сезгiшттiк жəне
айыру табалдырығы.


§ 1. Түйсiк – таным негiзi
Бiз ендi танымдық психикалық процестердi қарастыруды бастап, ең алдымен,
олардың iшiндегi ең қарапайымдысы - түйсiктерге тоқталамыз. Түйсiк процесi сезiм
мүшелерiне тiтiркендiргiштер деп аталатын əр түрлi материалдық факторлардың əсер етуi
салдарынан пайда болады. Ал осы əсер ету процесi тiтiркену деп аталады. Тiтiркенудiң өзi
басқа процестi – орталыққа бағытталған немесе афференттiк жүйкелер арқылы бас ми
қыртысына өтiп, түйсiктi тудыратын қозу процесiн тудырады. Осылайша, түйсiк
объективтiк ақиқатты сезiмдiк бейнелендiру болып табылады. Олар сананың сыртқы
ортамен байланысын қамтамасыз етiп, объективтi дүние заттары мен құбылыстарының
қасиеттерiн бейнелейдi.
Түйсiк – бұл материалдық дүние заттары мен құбылыстарының, сондай-ақ
организмнiң iшкi күйлерiнiң жеке қасиеттерiн бейнелеуде көрiнетiн қарапайым
психикалық процесс. Бұл процесс материалдық тiтiркендiргiштердiң сəйкес рецепторларға
тiкелей əсерi нəтижесiнде жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет