№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет48/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   120
Рецептор – бұл дененiң үстiнде немесе оның iшiнде орналасатын, жəне табиғаты
жағынан əр түрлi тiтiркендiргiштердi - физикалық, химиялық, механикалық жəне т.б. -
қабылдауға жəне оларды жүйкелiк электр импульстарына түрлендiруге арналған арнайы
органикалық құрылғы.
Эволюция барысында əрбiр рецептор белгiлi бiр тiтiркендiргiшке арнайы бейiмделе
отырып, дамыған. Осылайша, тангорецепторлар сипап сезудi сезiнуге, аусторецепторлар
дəм сезу тiтiркендiргiштерiн түйсiнуге, стиборецепторлар – иiс сезуге, фонорецепторлар
дыбыстық тiтiркендiргiштердi жəне фоторецепторлар жарықтық (немесе сəулелiк)
рецепторларды түйсiнуге бейiмделген.
Алайда кейбiр парадоксалды жағдайларда адекватты емес тiтiркендiргiш белгiлi бiр
рецепторға əсер ете отырып, оған тəн түйсiктердi тудыруы мүмкiн. Осылайша, мысалы,
электр тоғы немесе күштi қысым көздiң жарығын тудыруы мүмкiн (мысалы, соққы кезiнде
көзден ұшқын шығады). Бұл өте сирек жағдайларда болады. Ал, жалпы алғанда, түйсiктер
арнайы сезiм мүшелерi (анализаторлар) арқылы тек өзiне ғана тəн тiтiркендiргiштердi
түйсiнуге арналған, яғни көбiнесе объективтi болып келедi. Бұл жерде тағы бiр ескеретiн
нəрсе, түйсiктер, сезiм мүшелерiнiң, рецепторлардың арнайы қызметiне немесе
спецификалық энергиясына (И. Мюллер тұжырымдағандай) байланысты емес, ал
негiзiнен сыртқы тiтiркендiргiштердiң қасиеттерiне тəуелдi болады.
Түйсiктер бiздiң дүние жөнiндегi бiлiмдерiмiздiң ғана емес, сондай-ақ бiздiң
сезiмдерiмiз бен эмоцияларымыздың да қайнар көзi болып табылады. Эмоциялық
күйзелiстiң ең қарапайым түрi – бұл түйсiктiң сезiмдiк, немесе эмоциялық тоны, яғни
түйсiктермен байланысты болатын сезiм. Мысалы, кейбiр түстер, дыбыстар мен иiстердiң
олардың мəнiне, олармен байланысты болатын естелiктер мен ойларға тəуелсiз, бiзде
жағымды немесе жағымсыз сезiмдi тудыратыны бəрiмiзге жақсы белгiлi. Əдемi дауыстың
дыбысы, шабдалының дəмi, раушан гүлiнiң иiсi – жақсы, жағымды эмоциялық тонды
тудырады. Пышақтың шыныға үйкелгендегi сықыры – жағымсыз эмоциялық тонға ие
болады. Сонымен, түйсiктер эмоциялардың пайда болуында да үлкен рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет