№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері


Гештальтпсихологтар ойлау жайында



Pdf көрінісі
бет77/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   120
3. Гештальтпсихологтар ойлау жайында. Гештальтпсихологияның өкiлдерi –
Келер, Вертгеймер, Коффка, К. Левин. Гештальтпсихологтар ойлаудың құрылымын,
творчестволық астарларын қарастырды. Iзбелiнген шешiмдi оған қажеттi құрылымды табу
арқылы шешудi ойлау деп атаған. Гештальтпсихологтар ойлауды формалды-логикалық
операциялардан ажыратылатын əрбiр проблемалық жəйттi ескеру арқылы соған қарай
танымдық құрылымдарды қайта құру, жаңадан ңорталықтандыруң нəтижесiнде жүзеге
асатын продууктивтi психикалық процесс ретiнде түсiндiрдi. Олар тұтас құрылым
ретiндегi проблемалық жəйттiң барлық құрауыштарын, олардың арасындағы
қатынастарды бiрден ұғынуды инсайт деп атады.
Коффка бойынша, ойлау дегенiмiз – вюрцбурлық мектептегiдей қатынастармен
əрекет ету емес, ал көрнекi жəйттардың құрылымдарын түрлендiру. Проблемалық жəйт –
бұл өзiнiң көрнекi мазмұны теңестiрiлмеген феноменалдық өрiс тəрiздi. Бұл өрiстегi
кейбiр толтырылмаған орындар проблемалық жəйтта белгiлi-бiр кернеу тудырады. Осы
кернеу тұрақсыз көрнекi жəйттi басқасына ауыстырады. Осылайша, мiндет бiздiң
бастапқы жəйттi басқаша көруiмiздiң нəтижесiнде шешiледi. Осы пiкiрлерден, Коффканың
ойлауды ассоцианистер сияқты, көрнекi мазмұнға теңестiргенiн байқаймыз.
4. Психоанализ: Ойлау мотивтелген процесс ретiнде. Адам мiнез-құлқының
мотивтерi ең алғаш психоанализбен қойылып, зерттелiндi. З. Фрейд бойынша, негiзгi
мотивтер санасыз сипатта болады жəне əр түрлi көрiнiс табады: түс көру, сөзден жаңылу,
ұмыту, аурулар симптомдары.
- Түстер – бұл ырықсыз жүзеге асатын, бейнелiк ойлаудың бiр түрi.
- Еркiн ассоциациялар əдiсi. Ырықсыз бейнелiк ойлау, еркiн ассоциациялар санасыз
мотивтердiң көрiнiс табатын маңызды аумақтарының бiрi.
- Сублимация санасыз энергияны əлеуметтiк құпталған тəсiлдерге ауыстыруда iске
асатын творчестволық ойлау процесi.
- Мотивтi саналау адамның өзiндiк саналауын, iшкi ойлау типiн қажет етедi.
Аутистiк ойлау тұжырымдамасы Э. Блейлермен шығарылған. Аутизм адамның iшкi
өмiрiнiң басымдылығымен, сыртқы өмiрден кетумен байланысты. Əдетте, түс көру,
ырымшылдық, аңыздарға сену, шизофрениялық ойлау – аутистiк ойлаудың көрiнiстерi.
Бұларда ойлар аффективтiк ұғымдарға бағынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет