№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет85/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   120
Акцентировка образдың неғұрлым мəнді соған тəн белгілерін сызып көрсету үшін
қажет. Бұл əдіс шығарма образдарын жасауда процесс қолданылады. Бұл күрделі
шығармашылық процесс жəне осы образды жасаушы адамның индивидуальды белгілі бір
ерекшеліктерін көрсетеді.
§ 4. Қиялдың индивидуальды ерекшеліктері жəне олардың дамуы
Қиял адамдарда əр түрлі дамыған жəне ол олардың іс-əрекеттерінде, қоғамдық
өмірде əр түрлі көрінеді. Қиялдың индивидуальды ерекшеліктері адамның қиялдың даму
деңгейі бойынша жəне образ типтері бойынша ажыратылатынымен түсіндіріледі.
Қиялдың даму деңгейі өткен тəжірибенінің мағұлматтары қаншалықты терең
жəне айқын сонымен қатар олардың жаңалығымен осы өңдеу нəтижелерінің мəнділігімен
сипатталады. Қиялдың күші мен өміршеңділігі жеңіл бағаланады, егер қиялдың өнімі
шындыққа сəйкес келмесе жəне ғажайып образдар болса, мысалы: сиқырлы ертегілердің
авторларындағыдай. Қиялдың əлсіздігі көріністерді өңдеудің төмен деңгейімен
сипатталады. Əлсіз қиял ойша есептерді шешуде қиындық туғызыды. Қиялдың дамуы
жеткілікті болмаса, эмоциональды тұрғыда өмірде бай жəне жан-жақты болмайды.
Адамдар қиял образдарының айқындылық деңгейі бойынша бөлінеді. Егер
белгілі бір шкала бар есептесек, онда оның бір полюсінде қиял образдарының
айқындалып өте жоғары көрсеткішті көрсететін адамдар тұрса, екінші полюсінде өте
төмен көрсеткішті көрсететін адамдар тұрады. Қиялдың жоғарғы даму деңгейі өнер
шығармашылықпен айналысатын адамдарда жазушы, суретші, музыкант, ғалымдарда
байқалады.
Адамдар арасындаға айырмашылық сонымен қатар олардың бойындағы
қиялдың белгілі бір түрінің үстем болуымен анықталады. Қиялдың көру, есту образдары
жақсы дамыған адамдар жиі байқалады. Бірақта қиялдың барлық түрлері де жақсы
дамыған адамдар да кездеседі. Бұлар аралас типке жатады.
Айта кету керек, адамдар дамыған бай қиялмен дүниеге келмейді. Қиял
тұлғаның дамуымен оны оқыту тəрбиелеу процессімен сонымен қатар ойлау, ес, ерік жəне
сезіммен тығыз байланыста дамиды.
Қиялдың даму динамикасын сипаттайтын нақты қандай да бір шекараны
анықтау өте қиын. Қиялдың өте ерте дамуы байқалған мысалдар көп. Мысалы: Моцарт
музыканы төрт жасында шығара бастаған, ал Репин мен Серов алты жасында-ақ жақсы
сурет салған. Қиялдың кем дамуы адамның ұлғайған шағында бұл процесс төмен деңгейде
болады деген сөз емес. Мысалы: Эйнштейн балалық шақ кезінде көзге түсе қоймаған
алайда уақыт өте келе оны данышпан кемеңгер ретінде айта бастады.
Қиялдың даму этаптарын айқындаудың күрделігіне қарамастан оның
қалыптасуындағы белгілі бір заңдылықтарды көрсетуге болады. Қиялдың алғашқы көріне
бастауы қабылдау процессімен тығыз байланысты. Мысалы: бір жарым жастағы балалар
өте қарапайым əңгімені немесе ертегіні тыңдай алмайды. Олар үнемі басқа жаққа ауытқып
ұяқтап қалады. Бірақ өздерінің басынан өткен əңгімені айтсақ ұйып рахаттана тыңдайды.
Бұл жерде қиялмен қабылдаудың байланысы айқын көрініп тұр. Сəби өзінің басынан
өткен əңгімені өте жақсы тыңдайды. Себебі, ол əңгіме не туралы болып жатқанын өте
айқын көз алдына елестетіп отыр.
Қиялмен қабылдаудың арасындағы байланыс дамудың келесі сатыларында
сақталады. Олар өз ойындарында орындықты самолетке немесе үңгірге қарап машинаға
айналады. Алайда, баланың қиялындағы алғашқы образдар оның іс-əрекетімен
байланысты сəби армандамайды. Ол өңделген образды өзінің іс-əрекетіне айналдырады.
Қиялдың дамуының маңызды этапы жаспен байланысты, сəби сөйлей бастаған


кезде. Сөйлеу сəбиге қиялға тек нақты образдарды ендіріп ғана қоймай, сонымен қатар
түсініктерді де ендіруге мүмкіндік береді.
Сөйлеу зейіннің дамуымен қоса жүреді. Сəби қабылдаған заттардың жеке
бөліктерін оңай бөліп қарай алады. Бірақ жеткілікті тəжірибенің болмауынан сəби
шынайылыққа жақын образды жасай алмайды. Бұл этаптың негізгі ерекшелігі қиял
образдарының пайда болуының ырықсыз сипат алуында. Бұл жастағы сəбидің қиял
образдары көп жағдайда ырықсыз қалыптасады.
Қиялдың дамуының келесі этапы оның белсенді формаларының пайда болуымен
байланысты. Бұл этапта қиял процессі ырықты сипат алады. Қиялдың белсенді
формаларының пайда болуы үлкен адамдар жағынан инициатива мен байланысты.
Мысалы: ересек адам бір нəрсе жасап бер деп сəбиге ұсыныс жасаса, сурет салу тағы
басқа. Ол қиял процессін белсендіре түседі. Ересек адамның ұсынысын орындау үшін
сəби алғашында өзінің қиялында белгілі бір образды жасауға тиіс. Бұл процесс өз
табиғатында ерікті болып табылады.
Себебі, сəби оны бақылауға тырысады. Кейін сəби ерікті қиялды ешбір ересектің
қатысуынсыз қолдана бастайды. Бұл ең алдымен баланың ойында көрінеді. Олар мақсатқа
бағытталған жəне сюжетті бала бастайды. Баланы қоршаған нəрселер оның қиялындағы
образдарды іске асыру үшін материал ретінде қолданылады. Сəби төрт бес жасында сурет
сала бастайды. Бір нəрсені жасап бір-біріне қосып өз ойына сəйкес іс-əрекет жасайды.
Қиялдағы маңызды қадам мектеп жасында болады. Білімді меңгеру үшін сəби өз
қиялын белсенді қолданады.
Мектеп жылдарындағы қиялдың дамуының тағы бір себебі оқыту процессінде бала
шынайы əлемнің объектілерімен құбылыстар туралы жаңа жəне жан-жақты түсінік ала
бастайды. Бұл түсініктер қиял үшін қажетті негізі болып табылады жəне мектеп
оқушысының шығармашылық іс-əрекетін дамыта түсіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет