оның жақын адамдармен болғаны жөн,оның басқа нəрсеге айналғандығы қажет. Олар
өзiне деген қарым-қатынасты ерекше сезiнедi.
4)
Астено-невротикалық тип- қозғыш, шаршағыш, қырсық, Ақыл-ой жұмыстарына тез
шаршайды.
5)
Сензитивтi тип-жоғары сезiмталдық тип.
Қозғалыс, құмар ойындарын жақсы
көрмейдi, үлкен компанияларда болуды қаламайды. Бейтаныс адамдармен ұяң, ұялшақ
болғандықтан тұйық болып көрiнедi. Тек жақын адамдарына ғана ашық сөзшең
болады, өзiнiң қатарластарынан гөрi үлкен кiсiлермен, кiшкентайлармен болуды
ұнатады. Үлкендердiң тiлiн алады, ата-аналарына жақын келедi. Ондай
адамдарда''кемiстiк комплексi''болады. Ортаға бейiмделу қиынға соғады. Оларда
жастайынан жауапкершiлiк
қасиетi қалыптасып, өзiне жəне басқа адамдарға үлкен
талаптар қояды. Дос таңдауда қателеспейдi, өзiнен үлкен адамдармен достасқанды
қалайды, оларды өте жақсы көредi.
6)
Психо-астеникалық тип- интеллектiсi тез дамиды, өзiн-өзi жəне басқаларды бағалауға
бейiм, көп ойланып талқылауды ұнатады, бiрақ iс жүзiнде емес, сөз жүзiнде ғана
мықты. Өзiне-өзi тым сену шешiмсiздiкпен байланысты. Абайсыз, салғырт, кенеттен
шешiм қабылдайды.
7)
Шизоидты тип- тұйық, өз қатарластарымен болғаннан гөрi үлкендермен болғанды
ұнатады. Басқа адамдарға
қызығушылығының жоқ екенiн, немқұрайды екенiн
көрсетiп, олардың жағдайына көңiл бiлдiре алмайды. Iшкi жан дүниесi қиялға толы.
Сырттай өз сезiмiн көрсете бермейдi, маңайындағылар оны түсiне бермейдi.
8)
Эпилептоидты тип- көп жылап басқаларды мазасыздандырады. Ондай балалар
кiшкентайлар мен жануарларды ренжiтедi, өздерiн диктатор деп санайды. Олар қатiгез,
өзiн-өзi жақсы көредi, билеушi. Басқаларды қорқыту арқылы өзiне бағындырып, қиын
ережелер қояды. Өзiн басқалардан жоғары деп санайды. Бастықтардың алдында бəрiн
жасап, көтерiлуге тырысады.
9)
Истероидты тип- үнемi ортада болуды қалайды, басқалардың алдында өзiн суреттеп
көрсетедi. Олар басқа бiреудi мақтағанды, басқаларға көңiл бөлгендi жақтырмайды.
Тек қана оны мақтап жүргендi ғана ойлайды. Көпшiлiк ортасында лидер болғанды
ұнатады.
10)
Тұрақсыз
тип- ерiк-жiгерсiз, өзен ағысы бойынша өмiр сүредi. Той-томалақ
жұмыссыздықты жақсы көредi. Талғаусыз, бəрiне қызығады. Өзiнiң болашағы жайлы
ойламайды, кəсiби қызығушылығы жоқ.
11)
Конформды тип- негiзгi ерекшелiгi барлығы сияқты болу. Өзi үшiн досын да сатып
кетедi, бiрақ не iстесе де оған себеп табады.
Достарыңызбен бөлісу: