мен іс-əрекеттің бағыттылығын анықтайтын сыртқы жəне ішкі шарттардың жиынтығы.
Мотив, іс-əрекетке шақыра отырып, оның бағыттылығын, яғни оның
мақсаты мен
міндеттерін анықтайды.
Мақсат – адам іс-əрекеті бағытталған нəтиженің саналы бейнесі. Зат, құбылыс немесе
белгілі əрекет мақсат бола алады. Міндет – белгілі жағдайда берілген (мысалы, күрделі
мəселеде) іс-əрекет мақсаты. Кез-келген міндет əрдайым мыналарды қамтиды: талап,
көзделген мақсат, жағдай, яғни міндеттің белгілі компоненті. Міндет нақты көзделген
мақсат болуы мүмкін. Бірақ іс-əрекеттің күрделі түрлерінде
көбінесе міндеттер жеке
мақсат ретінде айқындалады. Жеке мақсатсыз басты басты мақсатқа жетуге болмайды.
Мысалы, белгілі маман иесі болу үшін əуелі адам сол мамндықтың теоретикалық
аспектілерін оқуы керек, яғни белгілі оқу мəселелерін шешіп, содан кейін осы білімдерін
практика жүзінде іске асыру керек.
Қазіргі заманғы адам əр түрлі іс-əрекеттермен шұғылданады. Іс-əрекеттің барлық түрін
классификациялау мүмкін емес, өйткені адам іс-əрекетінің барлық түрін сипаттау үшін
адам қажеттіліктерінің барлығын атап өту керек, ал адам қажеттіліктерінің саны өте
үлкен. Мұның себебі адамның индивидуалдық ерекшеліктерімен түсіндіріледі.
Бірақ іс-əрекеттің негізгі түрлерін жалпылап айыруға болады. Олар барлық адамға тəн
жалпы қажеттіліктерге сəйкес келеді. Ол адамның индивидуалды ерекшеліктерімен
түсіндіріледі. Іс-əрнкетің түрлеріне:
ойын, оқу жəне
еңбек жатады.
Ойын – адам іс-əрекетінің ерекше түрі. Ойынның нəтижесінде материалдық немесе
идеалдық өнім шығару көзделмейді.
Көбінесе ойын сауық, бəсеңдік,демалу мақсатын
көздейді. Ойынның бірнеше түрлері бар: индивидуалды, топтық, заттық, сюжеттік, рөлдік
жəне ережесі бар ойындар.
Индивидуалды ойын тек бір адамның қатысуымен жүретін
адам іс-əрекетінің түрі.
Топтық ойын бірнеше индивидтың қатысуымен жүреді.
Заттық
ойын заттардың қатысуымен байланысты болады.
Сюжеттік ойын белгілі сценарий
бойынша жүреді.
Рөлдік ойындар белгілі рөлмен шектелген əрекеттеоге негізделеді. Ал
ережесі бар ойындар ойынға қатысушылардың белгілі ережелер жүйесімен реттеледі.
Сонымен қатар ойынның аралқан түрлері де болады: заттық-рөлдік, сюжеттік-рөлдік,
ережесі бар сюжеттік ойындар, т.б. Ойын барысында пайда болатын қарым-қатынас əдетте
жасанды сипатта болады. Жасанды дегеніміз –
айналадағылар оны шынайы
қабылдамайды жəне адам туралы қорытынды жасауға негіз бола алмайды. Ойындық
жүріс-тұрыс пен ойындық қарым-қатынас адамдардың шынайы қарым-қатынасына əсерəн
тигізбейді. Дегенмен, ойынның адам өмірінде маңызы зор. Балалар үшін ойын даму
сипатымен ерешеленеді. Үлкен адамдарда ойын жетекші іс-əрекет болып табылмайды, тек
қарым-қатынас пен бəсеңдік қызметін атқарады.
Іс-əрекеттің тағы бір түрі –
оқу. Оқу адамның білім,икем мен дағды алу мақсатын
көздейтін іс-əрекеттің түрі болып саналады. Оқу ұйымдастырылған түрде жəне
арнайы
мекемелерде іске асуы мүмкін.Ол ұйымдастырылмаған да болуы мүмкін. Үлкен адамдарда
оқу өзін-өзі жетілдіру сипатында болуы ықтимал. Оқу əрекетінің ерекшелігі – оқу тікелей
индивидтің психологиялық дамуының қызметін атқарады.
Адам іс-əрекетінің жүйесінде ерекше орын алатыны – бұл
еңбек. Еңбектің арқасында
адам қазіргі заманғы қоғамды, материалдық жəне рухани мəдениетті құрды, өмір
жағдайын жақсартты. Осымен өзіне шексіз дамуға мол мүмкіндіктерді ашты. Еңбек
құралдарын жасау жəне оларды жетілдіру ең əуелі еңбекпен байланысты. Олар өз алдына
еңбек өнімділігінің, ғылымның дамуының, өндірістік өнімнің, техникалық жəне көркем
шығармашылықтың артуының факторы болды.
Адам іс-əрекеті – ол өте күрделі жəне көпқырлы құбылыс.
Достарыңызбен бөлісу: