Қабілеттер дегеніміз бұл түрлі іс-əрекеттердегі табыстарын анықтаушы адамның
жеке басының тұрақты қасиеттері.
Темперамент - адамның психикалық процестерінің
динамикалық сипаттамасы.
Мінезде бір адамның басқа адамдарға қатынасын анықтайтын
қасиеттер бар.
Мотивация дегеніміз əрекет етуге деген ынтаның жиынтығы болса,
əлеуметтік нұсқаулар- адамдардың наным-сенімдері.
Бұдан басқа, кейбір авторлар тұлға құрылымына ерік пен эмоция түсініктерін
қосады. Психикалық құбылыстардың құрылымында психикалық процестерді,
психикалық күйлерді жəне психикалық қасиеттерді бөліп көрсету керек. Психикалық
процестер өз кезегінде танымдық, еріктік, эмоционалдық болып бөлінеді. Ерік пен
эмоция өзіндік құбылыс ретінде психикалық процестер шебінде қарастырылуға
лайықты.
Алайда, осы құбылыстарды тұлға құрылымы шебінде қарастыру үшін де авторларда
негіз бар. Мысалы, сезімдер- жиі əлеуметтік бағдары бар эмоцияның бір түрі, ал ерік
қасиеттері қоғам мүшесі болып табылатын адамның қылықтарын реттеуге қатысады.
Осы айтылғанның бəрі қарастырылып отырған мəселенің күрделі екендігін жəне тұлға
мəселесінің кейбір аспектілеріне қатысты белгілі келіспеушіліктердің болатындығын
көрсетіп отыр. Көбірек келіспеушілік тудыратын мəселелер: адам ұйымдасуы
құрылымының иерархиясы, тұлғадағы биологиялылық пен əлеуметтіктің қатынасы.
Достарыңызбен бөлісу: