№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері


III ТАРАУ. ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ТҰЛҒА МƏСЕЛЕСI



Pdf көрінісі
бет28/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   120
III ТАРАУ. ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ТҰЛҒА МƏСЕЛЕСI
Тұлға туралы жалпы ұғым. “Тұлға” ұғымының анықтамасы мен мазмұны.
Адам ұйымдасуының иерарахиялық деңгейі. “Индивид”, “субъект”, “тұлға”, “жеке
даралық” ұғымдарының арақатынасы. Тұлға құрылымы: бағыттылық, қабілеттері,
темперамент, мінез-құлық.
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы. Тұлға концепцияларының жіктелуі.
Э.Эриксонның тұлға дамуы концепциясы. Əлеуметтену жəне жеке даралық- тұлға
дамуының формалары ретінде. Біріншілік жəне екіншілік əлеуметтену. Инкультурация.
Тұлғаның өзін- өзі дамытуы жəне өзін-өзі өзектендіру (самореализация). Тұлға
қасиеттерінің тұрақтылығы.
§ 1. Тұлға туралы жалпы ұғым
Психологиялық ғылымда “тұлға” категориясы іргелі ұғымдардың қатарына жатады.
Бірақ “тұлға” ұғымы тек психологияға тəн емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен
зерттеледі, оның ішінде философиямен, əлеуметтанумен, педагогикамен, т.б. Сонда
психологиялық ғылым шеңберінде тұлғаны зерттеу спецификасы неде жəне
психологиялық тұрғыдан тұлға дегеніміз не?
Алдымен сұрақтың екінші бөлігіне жауап беруге тырысайық. Бұны жасау оңай емес,
себебі тұлға деген не деген сұраққа барлық психологтар түрліше жауап береді. Олардың
жауаптары мен ойларының əрқилы болуы тұлға феноменінің күрделі екендігін
білдіреді. Осы орайда И.С.Кон былай деп жазады: “ Бір жағынан, ол нақты индивидті
əрекет субъектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, əлеуметтік рольдерімен
бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің əлеуметтік қасиеттері ретінде, осы
адамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара əрекеттесуі нəтижесінде түзілген
бойындағы əлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі.
Тұлғамен қарым-қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным жəне қарым-қатынас
субъектісінде көреді.”
Ғылыми əдебиеттегі тұлға анықтамаларының əрқайсысы тəжірибелік зерттеулермен
жəне теориялық негіздеулермен бекітілген, сондықтан “тұлға” ұғымын қарастырғанда
оларды ескеру керек. Тұлға деп жиі əлеуметтік даму барысында бойына əлеуметтік
жəне өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды түсінеді. Яғни, тұлға
сипаттамалары қатарына адамның генотиптік жəне физиологиялық ұйымдасуымен
байланысты ерекшеліктер жатқызылмайды. Адамның танымдық психикалық
процестерінің немесе əрекеттерінің жеек дара стилі даму ерекшеліктерін сипаттайтын
қасиеттер тұлға қасиеттері қатарына жатқызылмайды, ал адамдар мен қоғамға қатысты
көрініс беретін қасиеттер тұлғаның қасиеттері болып саналады. “Тұлға” ұғымының
мазмұнына көбінесе басқа адамдарға қатысты маңызды іс-əрекеттерді анықтайтын
қасиеттерді де қосады.
Сонымен, тұлға дегеніміз ол тұрақты психологиялық сипатамалар жүйесінде алынған
нақты адам. Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс
беріп, адамның өзі мен оны қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік
 қылықтарын айқындайды жəне оның өзіне ,ортасы үшін маңызды мəнге ие.
Ғылыми əдебиетте “тұлға” ұғымының мазмұнына кейде адам ұйымдасуының
генетикалық жəне физиологиялық деңгейлері қосылатынын айта кету керек.
Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын қарастырғанда психологияның өзіндік түсініктері
қалыптасады. Б.Г.Ананьев бойынша адам ұйымдасуының төрт деңгейі ғылыми
зерттеулер үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-əрекет
субъектісі, тұлға, жеке даралық жатқызылған.
Биологиялық түр болғандықтан əр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы,
дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллекттің дамуын
қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді, т.с.с.
Осы белгілер адам баласын хайуан баласынан ажыратады. “Индивид” ұғымы адамды
белгілі биологиялық қасиеттерді иеленуші ретінде сипаттайды.
Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзарақатынастар мен процестер жүйесіне
қосылады, нəтижесінде ерекше əлеуметтік сапаға иеленеді-тұлға болып қалыптасады.
Бұлай болу себебі, қоғамдық байланыстар жүйесіне қосылған адам - субъект, іс-əрекет
процесінде қалыптасатын жəне дамитын сананы иеленуші.
Өз кезегінде, осы үш деңгейдің даму ерекшеліктері нақты адамның
қайталанбастығын сипаттап, оның жеке даралығын анықтайды. Сонымен, “тұлға”
ұғымы адамды əлеуметтік тіршілік иесі ретінде сипаттау үшін керек. Мəскеулік жəне
санкт-петербургтық психологиялық мектеп өкілдерінің əдебиеттерінде адам
ұйымдасуының иерархиясына əртүрлі көзқарас берілген. Мысалы, мəскеу мектептерінің
өкілдері “субъект” деңгейін бөлмей, адамның биологиялық жəне психикалық қасиеттерін
“индивид” ұғымына біріктіреді. Бірақ, бұған қарамастан, “тұлға” ұғымы адамның
əлеуметтік ұйымдасуымен ұштасқан.
Тұлға құрылымын қарастырғанда оған қабілеттерді, темпераментті, мінезді,
мотивацияны жəне əлеуметтік нұсқауларды енгізеді.


Қабілеттер дегеніміз бұл түрлі іс-əрекеттердегі табыстарын анықтаушы адамның
жеке басының тұрақты қасиеттері. Темперамент - адамның психикалық процестерінің
динамикалық сипаттамасы. Мінезде бір адамның басқа адамдарға қатынасын анықтайтын
қасиеттер бар. Мотивация дегеніміз əрекет етуге деген ынтаның жиынтығы болса,
əлеуметтік нұсқаулар- адамдардың наным-сенімдері.
Бұдан басқа, кейбір авторлар тұлға құрылымына ерік пен эмоция түсініктерін
қосады. Психикалық құбылыстардың құрылымында психикалық процестерді,
психикалық күйлерді жəне психикалық қасиеттерді бөліп көрсету керек. Психикалық
процестер өз кезегінде танымдық, еріктік, эмоционалдық болып бөлінеді. Ерік пен
эмоция өзіндік құбылыс ретінде психикалық процестер шебінде қарастырылуға
лайықты.
Алайда, осы құбылыстарды тұлға құрылымы шебінде қарастыру үшін де авторларда
негіз бар. Мысалы, сезімдер- жиі əлеуметтік бағдары бар эмоцияның бір түрі, ал ерік
қасиеттері қоғам мүшесі болып табылатын адамның қылықтарын реттеуге қатысады.
Осы айтылғанның бəрі қарастырылып отырған мəселенің күрделі екендігін жəне тұлға
мəселесінің кейбір аспектілеріне қатысты белгілі келіспеушіліктердің болатындығын
көрсетіп отыр. Көбірек келіспеушілік тудыратын мəселелер: адам ұйымдасуы
құрылымының иерархиясы, тұлғадағы биологиялылық пен əлеуметтіктің қатынасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет