арасындағы күрес
материалдық емес, идеалистік позицияларда жүргізілген. Юнг өз
жүйесін “аналитикалық психология” деп атаған.
Юнг бойынша адам психикасына 3 деңгей кіреді:сана, жеке бейсаналық жəне
ұжымдық бейсаналық. Адамның тұлға құрылымында анықтаушы роль атқаратын
ұжымдық бейсаналық бұрын бүкіл адамзат есте қалдырған іздерден түзіледі.
Ұжымдық бейсаналық жалпы сипатта. Ол тұлғаға əсер етіп, туылғанынан бастап өзін
өзі қалай ұстауын белгілейді. Ұжымдық бейсаналық та өз кезегінде түрлі деңгейлерден
тұрады, ұлттық, нəсілдік жəне жалпы адамзаттық тағылыммен анықталады.
Ең терең
деңгей адамның жануар болған ата-тегінің тəжірибесінен қаланған. Сонымен,
Юнгтың анықтамасы бойынша ұжымдық бейсаналық - біздің көне ата-тегіміздің ақыл-
парасаты, олардың өмір мен əлемді, құдай мен адамды тану жолдары.
Ұжымдық бейсаналық жеке адамдарда архетиптер түрінде көрініс береді. Ондай
архетиптер тек түстерде емес, шынайы шығармашылықтан да табылады. Архетиптер
жеке адамдарға тəн болғанымен оларда ұжымдық бейсаналық бейнеленеді. Архетип
болып табылатын ойдағы елестетулердің жалпы формаларына эмоционалдылықтың
елеулі элементі, тіпті перцептивті бейнелер де кіреді. Мысалы,
ананың архетипі- өз
анасына ұқсатылған сезімтал жəне бейнелі мазмұны бар ана идеясы. Бұл архетипті
бала ата-тегінен дайын күйінде алып, оның негізінде өз анасының нақты бейнесін
құрады.
Юнг бойынша ұжымдық бейсаналықтан басқа жеке бейсаналық та бар, бірақ ол
санадан бөлектенбеген. Бұрын ақыл сарапынан өткен, түсінікті
болғанымен кейін
ұмытылған немесе естен шығарылған күйзелістер жеке бас ақыл-ессіздігін құрайды.
Белгілі жағдайда олар түсінікті болуы мүмкін.
Жеке бейсаналық құрылымдық бірліктері – сезімдер, ойлар жəне естеліктер
констелляциясы. Юнг бұларды кешендер деп атаған (мысалы, үлкен билікті иемденуге
ұмтылу -билік кешені болады).
Юнг мұнымен қоса “Мен” ұғымын енгізген. Ол адамның біртұтастыққа жəне
ауыз бірлікке ұмтылуын білдіреді. Оның арқасында саналы мен бейсаналықтың
арасында тепе-теңдік орнайды. “Мен” əртүрлі болып көрініс беруі мүмкін. Ол
көрініске тəуелді адамдарды белгілі типтерге ажыратуға болады.
Тұлға типтерін жіктеу негізіне Юнг адамның өзіне жəне объектіге бағытталуын
қояды. Осыған орай барлық адамдар экстраверттер жəне
интроверттер болып
бөлінеді. Бұлардан басқа қосымша типтер: интуитивті, ойшыл, эмоционалды. Тұлға
типін анықтайтын түрлі арақатынастағы функциялардың көбісі туа біткен. Сондықтан
Юнг бойынша тұлға типтері дегеніміз бұл қоғам өмірінің жағдайларымен байланысы
жоқ туа біткен типтер.
Өз заманында Фрейдпен келіспей бөлек жолмен кеткен шəкіртінің бірі – А.Адлер,
жеке бас психологиясының негізін қалаушы. Ол Фрейдтің биологиялық теориясына
қарсы шыққан. Адлер адамның бойындағы табиғи инстинкттерді емес,
қоғамдық
сезімді бағалап, оны “қоғамдық сезім” деп атайды. Ол сезім туа біткенімен оны
əлеуметтік дамыту керек. Фрейдтің адамды туғанынан агрессивті, оның дамуы
биологиялық қажеттіліктермен детерминденеді дегенімен Адлер тіпті келіспейді.
Сонымен қатар, Адлер Фрейд айтып кеткен тұлғаны 3 инстанцияға бөлу
идеясына да қарсы шығады. Адлердің түсінігі бойынша
тұлға құрылымы біртұтас, ал
тұлға дамуындағы детерминантылығы – адамның басымдылыққа ұмтылуы. Алайда
адамның бəрі оған ұмтылмайды. Дене мүшелері дамуында ақаулар болуы себебінен
немесе кейде кішкентай кезінде қолайсыз əлеуметтік жағдайда сəтсіздігіне адам өзінің
кемтарлығын сезіне бастайды. Осы тəріздес сезімдерді жою мақсатымен сан алуан
компенсация түрлеріне жүгінеді.
Достарыңызбен бөлісу: