Бiрақ тəжiрибе əрқашан да ойлау ақиқаттығының негiзi, мəндi критериi болып табылады.
Бiрақ егер де бiз бiр есептi тек практикалық түрде ғана шешетiн болсақ, онда оның тек
көрнекi жеке мазмұнымен əрекет жасап, оны тек берiлген жеке жағдаятты ескере отырып
шешемiз. Ал əрбiр келесi жағдайларда қайтадан есептi шешуге тура келедi, жəне тағы да
бұл жеке мiндеттi ғана шешу болып табылады. Ал егер берiлген есептiң жалпыланған
мазмұнын құрастырып, оны шешудiң жалпыланған тəсiлiн табатын болсақ, бұл есеп өзiнiң
тек белгiлi бiр жағдайға сəйкес болатын, практикалық - шешiмiн ғана емес, сонымен
қатар, теориялық та, яғни принциптiк бiртектi жағдайлардың барлығына ортақ шешiмiн
таба алады.
Iс-əрекетпен байланыса отырып, теориялық ойлаудың өзi жекеден жалпыға,
жалпыдан жекеге, құбылыстан мəнге, мəннен құбылысқа өту процесi болып табылады.
Шынайы ойлау – ол ойдың ағымы. Ол тек iс-əрекет пен оның өнiмiнiң бiрлiгi негiзiнде
түсiнiледi.
Сонымен, ойлау - аса күрделi психикалық процесс. Оны зерттеумен бiрнеше
ғылымдар айналысады. Солардың iшiнде логика мен психологияның орны ерекше. Бiрақ
осы екi ғылымның ойды зерттеудегi əдiс-тəсiлдерiнде өзiндiк айырмашылықтары бар.
Мысалы, егер психология əр түрлi жас шамасындағы адам ойлауының пайда болуы,
дамуы мен қалыптасу жолын, яғни тұлға ойлауының даму ерекшелiктерi мен
заңдылықтарын қарастыратын болса, ал логика бүкiл адамзатқа ортақ ойлау iс-əрекетiнiң
заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойлауының нақты нəтижесi болып табылатын
ұғым, пiкiр, ой қорытындылары сияқты ойлау формаларының табиғатын зерттейдi.
Ойлаудың физиологиялық негiздерi И.П. Павловтың бiрiншi жəне екiншi сигнал
жүйесi жөнiндегi iлiмiне байланысты түсiндiрiледi. Ойлау – ми қыртысының күрделi
формадағы анализдiк-синтездiк қызметiнiң нəтижесi, мұнда екiншi сигнал жүйесiнiң
уақытша жүйке байланыстары жетекшi рөл атқарады. Екiншi сигнал жүйесiнде жүйке
қызметiнiң өз алдына дербес заңдары бар деуге болмайды. Сигнал жүйелерiнiң мидағы
заңдылықтары бiрдей. Бiрақ, олардың айырмашылықтары мынада: егер бiрiншi сигнал
жүйесiндегi реакциялар нақтылы құбылыстарға байланысты туса, екiншi сигнал жүйесi
оларды жалпылап отырады.
Адамның ойлауы əр түрлi деңгейдегi ойлау операцияларынан тұрады. Ал олардың
əрқайсысы əр түрлi танымдық мəнге ие. Мысалы, баланың өз алдында кездестiретiн
қиындықтарын жеңуде жүзеге асыратын қарапайым ойлау əрекетi мен ғалымның қандай
да бiр ғылыми мəселенi шешуде қолданатын ойлау операцияларының жүйесiн
салыстыруға келмейдi. Сондықтан, жалпылау деңгейiне, құбылыстардың терең мəнiн
түсiнiп, бiлуге байланысты ойлаудың жоғарғы немесе төменгi дейгейлерiн ажыратуға
болады. Осындай əр түрлi деңгейдегi ойлаудың түрлерi ретiнде қарапайым көрiнiстегi
көрнекi ойлау мен берiлген көрiнiс шегiнен шығатын теориялық ойлауды бөлiп көрсетуге
болады.
Осылайша, шығу тегi мен пайда болуы (генезi) бойынша ойлау келесi түрлерге
жiктеледi:
Достарыңызбен бөлісу: