ерекшелiктерiн көрсеттi: тұтастылығы, белсендiлiгi, бағыттылығы, бейнесiздiгi жəне т.б.
Вюрцбурлық мектептiң негiзгi идеялары О. Зельцтiң еңбектерiнде жалғасын тапты.
Ол ойлауды интеллектуалдық операциялардың қызмет етуi ретiнде анықтады. О. Зельц өз
алдына ойлау iс-əрекетiнiң қандай да бiр нəтижесiнiң жүзеге асуындағы интеллектуалдық
iс-əрекеттiң əрбiр сатысының қызметiн анықтау мақсатын қойды.
Қатынастарды саналау
əрекетi ретiндегi ойлауды түсiндiру үшiн оның мiндеттi шешуде жүзеге асырылатын
əрекет немесе операция ретiнде қарастыру керек.
О. Зельц мiндеттi шешу барысы мен тəсiлдерiн сипаттауда үш ұғымды енгiздi:
1) Арнайы реакция, яғни берiлген жəйтта қойылған мақсатқа сəйкес келетiн
объективтi қажеттi жауап.
2) Операция – осындай жауапты анықтайтын амал.
3) Əдiс, яғни субъектпен мiндеттi шешу тəсiлi ретiнде саналанатын жəне
пайдаланылатын операция.
О. Зельц репродуктивтiк жəне продуктивтiк ойлау түрлерiн эксперименттiк зерттеуде
ойлау процестерiнiң ерекше ңпроблемалық комплексң түрiндегi шешiлетiн мiндеттiң
құрылымымыен себептенетiнi жөнiнде тұжырымға келдi. Бұл ңПроблемалық
комплекстiңң ерекшелiгi – онда аяқталмағандық элементiнiң болуы. Осы аяқталмаған
элементтi толтыру берiлген мiндеттi шешу нəтижесiн анықтайды.
Мұның өзi негiзiнен
антиципация схемасын жүзеге асыру, яғни əлi табылмаған шешiмдi алдын ала болжау
негiзiнде iске асады. Бұл кезде субъектпен мiндеттi шешуге қажеттi интеллектуалдық
операциялар жаңғыртылып, есептiң шешiмi табылады (комплекстi толықтыру, абстракция
жəне ұқсастықтарды қайта келтiру əдiстерi арқылы).
Осындай, проблемалық жəйттiң құрылымының тұтастылығын қалпына келтiру
идеясы кейiн гештальтпсихология өкiлдерiнiң зерттеулерiнде, сондай-ақ басқа да, мысалы,
творчестволық ойлау зерттеулерiнде басшылыққа алынды.
Достарыңызбен бөлісу: