№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет79/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

§ 5. Ойлау қасиеттерi
Кез-келген психикалық процес тəрiздi ойлаудың да өзiндiк параметрлерi - қасиеттерi
болады. Осындай ойлаудағы жекедара ерекшелiктердi бiлдiретiн ойлаудың қасиеттерi сан-
алуан болады. Солардың iшiнде негiзгiлерi мыналар:
Ойдың сыңдылығы – адамның өз жəне өзге адамның ойларын объективтi бағалай алу,
барлық жасалатын қағидалар мен тұжырымдарды түпкiлiктi жəне жан-жақты тексере алу
қабiлетi.
Ойлаудың асығыстығыадам сауалды, мəселенi жан-жақты ойластырып алмай,
оның бiр жағын бөлiп алып, асығыс шешiм қабылдауға тырысуы, белгiлi бiр дəрежеде
ойластырылмаған жауаптар мен пiкiрлердi беруi.
Ойлаудың тездiгi – адамның жаңа жағдаятты тез түсiне алып, тез ойлау негiзiнде
дұрыс шешiм қабылдай алуы.
Ойлаудың дербестiгi – адамның жаңа мiндеттердi, мəселелердi шығара алумен жəне
басқа адамдардың көмегiнсiз өзi мəселенiң дұрыс шешiлу жолын табумен сипатталады.
Ойлаудың икемдiлiгi – ойлаудың оны шектейтiн жатталып қалған, таптаурын шешу
тəсiлдерiнен тəуелсiздiк дəрежесiн бiлдiредi.
Ойлаудың тереңдiгi – күрделi сауалдардың мəнiне терең шоғырланып, зерттей алуы.
Ойлаудың кеңдiгi дегенiмiз – адамның зерттелетiн сауалдың маңызды жақтарын
түсiрмей, тұтас қамтып, талдай алу қабiлетi.
§ 6. Ойлаудың даму ерекшелiктерi
Кез-келген басқа да психикалық процестер ретiнде ойлау да онтогенез барысында
бiртiндеп, қарапайымдыдан күрделiге қарай жетiледi. Жаңа туған балада ешқандай ойлау
болмайды. Ойлау баланың сыртқы ортамен белсендi қарым-қатынас жасауының
нəтижесiнде, оның өмiр тəжiрибесiмен қосақталып, дамып отырады. Мəселен, бiр жасар
бала əжесiнiң саусағындағы жараға жағылған йод ерiтiндiсiне көз салады. Он бес айлық
бала өзi сүйрей алмаған жəшiктiң iшiндегi нəрселердi көрiп, бiртiндеп оларды азайта
бастайды, сонаң соң оны жылжытатын болады.
Тiлдiң шығуы бала ойлауының дамуында елеулi кезең болып табылады. Мектепке
барғанға дейiн бала ойлауы ұзақ даму жолынан өтедi. Ойлау бұл кезеңде нақтылы-бейнелi
болып, əрекетпен тығыз байланысып жатады. Балалардың ойлауын дамытуда мектептегi
оқу-тəрбие процесi шешушi рөл атқарады.
Ойлау саласындағы дара айырмашылықтарға келетiн болсақ, адам ойлауына тəн
жалпы заңдылықтар болғанымен, тұлғаның ойлау əрекетi жекедара ерекшелiктерге толы.
Əрбiр адам бiрiнен-бiрi ойының кеңдiгi немесе тарлығы, орамдылығы, ұшқырлығы,
дербестiлiгi, логикалық жүйелiлiгi, сыншылдығы жəне т.б. сапалармен ажыратылады.
Ой өрiсi кең адам еркiн ойлайды, мəселенi ескi əдетпен, үйреншiктi жолмен
шешпейдi. Ақыл-парасаты кең адам мəселенi түрлiше əдiстермен шешедi, бұрын қате деп
сыналып табылған əдiске жоламайды.
Кейбiр адамдар мəселенiң барлық жақтарын көре бiледi, оны тез шеше алады, ойы
аса сергек жəне белсендi келедi. Мұндай адамдар орынсыз асып-саспайды, жағдаймен
санасады. Осындай қасиеттi ойдың ұшқырлығы дейдi. Бұған қарама-қарсы қасиет – ойдың
асығыстық түрi. Мұндай адам ой жұмысымен онша басын ауыртпай ауырдың үстiмен,


жеңiлдiң астымен жүредi. Бұл адамдар енжар ойлыққа əдеттенген, дайын тұжырымға
жармасқыш, жеңiл ойлауға, мəселенi үстiртiн шешуге бейiм келедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет