Көрнекi-әрекеттiк ойлау -мәселенi шешу жағдаятын шынайы түрлендiретiн бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы iске асатын ойлау түрi.
Көрнекi-бейнелiк (бейнелiк) ойлау – жағдаят тек бейне жоспарында ғана түрленетiн ойлау түрi.
Сөздiк-логикалық (пайымдаушы) ойлау –тiлдiң және тiлдiк құралдардың көмегiмен шығарылатын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайдаланумен сипатталатын ойлаудың негiзгi түрлерiнiң бiрi.
Сонымен қатар, психологияда ойлаудың қос классификациясы да танымал.
Мәселенiң түрiне байланысты:
1) Теориялық ойлау -ғылыми ұғымдарды пайдалану негiзiнде заңдар мен ережелердi танып-бiлуден тұратын ойлаудың жоғары дамыған түрi.
2) Практикалық ойлау - ақиқатты физикалық түрде өзгертуге дайындық күйiн (мақсат қою, жоспар, жоба, схема құру) бiлдiретiн ойлау түрi. Бұл ойлау түрi кеңес ғалым-психологы Б.М. Тепловпен едәуiр көп зерттелiнген.
2. Таным түрi бойынша:
Эмпирикалық ойлау-теориялық ойлаумен салыстырғанда, қарадүрсiн, жағдаяттық жалпылаулармен байланысты болатын ойлаудың түрi.
Теориялық ойлау - ғылыми ұғымдар негiзiнде заттар мен құбылыстардың мәнiн танып-бiлу.
3. Рефлексия немесе саналау деңгейi бойынша:
Интуитивтiк ойлау- тез өтетiн, анық кезеңдерi жоқ, көбiнесе саналанбайтын ойлаудың түрi. Бұл ойлау түрi кеңестiк психологияда Я.А. Пономаревпен, Л.Л. Гуровпен және т.б. зерттелiнген.
Рационалдық ойлау (аналитикалық немесе логикалық) ойлау- уақыт бойынша кең таралған, айқын кезеңдерi бар, ойлаушы субъектiнiң санасында едәуiр көрiнiс табатын ойлау түрi.
4. Әрекеттiң тәсiлдерi негiзiнде:
Вербалдық (сөздiк) ойлау-тiлдiк құралды пайдалану арқылы адамның өз пiкiрiн тұжырымдауы, бiлдiруi.