Психолог қызметінің моральдік қағидалары
Психологиялық зерттеу зерттелушінің қатысымен жүргізіледі. Сондықтан психолог және зерттелуші арасындағы этика жайлы мәселе қозғалады. Олар қандай қағидаларға сүйенеді?
Америка психологиялық ассоциациясы (АПА) және Канада мен Ұлыбританиядағы осындай ұйымдар зерттелуші адам және жануарлармен қарым-қатынас жайлы негізгі нұсқаулар жасап шығарды (АПА 1990 ж.). Осылайша АҚШ-та федералды заң органдары федералды қаржыға жүргізілетін зерттеулерге іштей бақылау кеңесінің болуын талап етеді. Бұл кеңес жүргізілетін зерттеулерді бақылап, белгілі этикалық қағидаларға сай нұсқаулардың орындалуына кепіл болуы керек.
Зерттелуші-адаммен этикалық қарым-қатынастың бірінші қағидасы – қауіптің аз болуы. АҚШ-тағы осы нұсқауда зерттеудегі болатын қауіп, күнделікті тұрмыстағы қауіптен жоғары болмауы керек. Адамға физикалық зиян немесе жарақат болмауы керек, Бірақ қандай да бір зерттеу жобасында болған психикалық стресс этикалық жағынан қаншалықты ақталатыны белгісіз. Әрине, күнделікті өмірде адамдар сыпайы бола алмайды, алдайды да басқаларды мазалайды. Егер зерттеу жобасы үшін зерттелушіге психолог осылай қарайтын болса, бұл қалайша этикалық жағынан ақталады? Міне осы сұрақты бақылаушы кеңес әрбір жеке жағдайда қарастыруы керек.
Зерттелуші-адаммен этикалық қарым-қатынастың екінші қағидасы олардың келісміін талап етеді. Зерттелушілер өз еркімен келісіп, кез келген мерзімде зерттеуден ешқандай айыппұлсыз бас тарта алады. Оларды зерттеудің ерекшеліктерімен жалпы таныстыру керек. Бұл кейде зерттелушінің білмеуі қажет жағдайларына қайшы келеді. Егерде кейбір зерттелушілерге білетін сөздер беріліп, ал кейбіріне білмейтін сөздерді жаттатқызу арқылы салыстыру қажет болса, ол туралы зерттелушілерге ескертілсе этикалық проблема туындамайды. Кейде білмейтін сөздер жайлы тест алынса да этиканы бұзбайды. Ал егер жай қалыптағы адам мен ашулы адамның жаттауын салыстыру керек болса ше? Мұндай зерттеуде егер кей адамдарға ашуландыру (өктем сөйлеу арқылы немесе бір құралды кездейсоқ сындырды деп сендіру арқылы) жайлы алдын ала айтылса, зерттеу нәтижесі дұрыс бола алмайды. Ол туралы нұсқауда егер ондай зерттеу болса, зерттеу аяқталған бетте бұл туралы адамдарға айту қажет.
Мұндайда неге оларға айтпағандығы түсіндіріліп, ашуын басып, олар жәбір шекпейтіндей ету керек, бағалауды осылайша жоғарылату қажет. Бақылау кеңесі зерттеуден адамдарды талапқа сай шығарылуын қадағалау керек.
Зерттелуші-адаммен этикалық қарым-қатынастың үшінші қағидасы – зерттелушілердің аты-жөнін белгісіз қалдыру. Зерттеу кезіндегі алынған адам жайлы ақпаратты жабық етіп, ол адамның рұқсатынсыз басқаларды жіберуге болмайды. Осы мақсатта зерттелушілердің аттары бөлінеді. Алынған мәліметтер әріптік немесе сандық кодпен ұқсастырылады. Осылайша тек экспериментатор ғана зерттелушінің нәтижесін біледі. Психологиялық эксперименттің 7-8 % жануарларды енгізеді (негізінен кеміргіштер мен құстар), аздағандарына ауыртатын және зиянды эксперименттер жасалады. Соңғы жылдары бұл проблемаға яғни жануарларды зерттеулерде пайдалану, оларды ұстау және қарауға көп назар аударылды. Мұндай ауыртатын немесе зиян келтіретін зерттеулерден алынған қортындының нәтижелілігімен ақталуы керектігін федералды өкімет және АПА талап етіп отыр. Осыған байланысты арнайы ержелер де бар.
Нақты нұсқаулардан бөлек жалпы этикалық қағида бар, онда психологиялық эксперименттің қатысушылары зерттеушімен бір деңгейде екені айтылған.
По: АткинсонР.Л, Аткинсон Р.С., Смит Э.Е.
Введение в психологию: Учебник для университетов
/ Пер с англ. под ред. В.П.Зинченко.- М.:Тривола, 1999.
|