Хирургиялық емі Кардия ахалазиясының хирургиялық емінде шырыштан тыс эзофагокардиомиотомияның әртүрлі нұсқаулары орын алды.Бұл операцияның мәні өңештің тек бұлшықет қабатын ғана кесу болды,1901 жылы г. Gottstein алғаш рет ұсынған болатын. 1913 жылы оны Heller алғаш қолданған болатын. Бұл кезде ол шырышты қабатқа дейін тарылған аймақта алдыңғы және артқы қабырға бойымен жасаған.Кейіннен Геллер бойынша миотомияның әртүрлі нұсқаулары ұсынылған.
Геллер бойынша эзофагокардиомиотомия
Геллер бойынша эзофагокардиомиотомия келесідей орындалады. Жоғарғы ортаңғы лапаротомия жасайды.Бауырдың сол жақ үшбұрышты байламын кеседі.Төменгі диафрагмальді венаны бір бірінен 1,5—2 см қашықтықта екі лигатурамен байлайды және олардың арасында кеседі. Диафрагманы жоғары қарай 4—5 см кеседі. Өңешті кеңейген жеріне дейін бөліп алып, ұстағышқа алады. Өңештің кеңейген жерінен оның асқазанға өтер жеріне дейін шырышты қабатқа дейін алдыңғы қабырғасын тіледі.Соңғысының ориентирі болып асқазанның сақиналы бұлшықетінің астында орналасқан шырыш асты веналардың көрінуі болып табылады. Дәл солай өңештің артқы қабырғасында да тіледі.Өңештегі тілулерді тікпейді. Диафрагманы тігеді.
Готтштейн — Шалимов бойынша Эзофагопластика
Готтштейн — Шалимов бойынша Эзофагопластика . Жоғарғы ортаңғы лапаротомия. Өңештің төменгі бөлімін іске жұмылдырады, сол жақ үшбұрышты байламды,төменгі диафрагмальді венаны және диафрагманың өзін алдыға 5-6 см-ге тілумен бірге.Өңешті оның кеңейген жеріне дейін бөліп алып,оны дәкелі ұстағышқа алады және алдыға қарай тартады. Өңештің бүкіл тарылған аймағынан оның кеңейген бөлігіне ауысатын жеріне дейін өңеш қабырғасын шырышты қабатына дейін тіледі.
В. И. Колесов бойынша эзофагокардиопластика
Сол жақты торакотомия 7-ші қабырғааралықта. Өкпелі байламды кесіп, медиастинальді плевраны тіледі. Өңешті тупобөліп алады. Диафрагманың сол жақ аяғын кесіп, құрсақ қуысын ашады. Плевральді қуысқа асқазан түбін шығарады. Оның қабырғасына оның орталығында асқазан ашатын кисет тігісін салады.Бұл тілу арқылы өңешке саусақ өткізіп, кисет тартады.Саусақ үстінен миотомия жасайды.Кейіннен саусақ алады,кисет тігісін байлайды, үйінді тігістің екінші қатарын салады. Асқазанды құрсақ қуысына салады. Құрсақ қуысынан өзгермеген шарбының прядін алып, онымен өңештің бұлшықеттік дефектісін жабады. Кейін шарбының қанмен қамтамасыз етілуін бұзбай, диафрагмальді аяқшаның бүтіндігін қалыптастырады. Кеуде қуысын бүтіндей тігеді.
Б. В. Петровский бойынша Эзофагокардиофренопластика
Сол жақты торакотомия жетінші қабырға аралықта. Медиастинальді плевраны тіледі және өңешті бөліп алады және оны дәкелі ұстағышқа алады. Диафрагманың сол жақ аяқшасын кеседі.Диафрагманың латеральді шетінен омыртқаға негіз ретінде үшбұрышты формада ұзындығы 10 см дей лоскут алады. Диафрагма тамырларын тиянақты байлайды. Өңештің тарылған аймағының вертикальді бағытта 8—10 см дей бұлшықет қабатын кардияға дейін төмен кеседі. Бұлшықет кесінділерінің шеттерін өңештің тарылған аймағының шырышты қабатының алдыңғы бөлігін босата отырып ығыстырады. 8 х 4 см аймақта кардиальді аймақ неғұрлым кеңейеді.Лоскуттың жоғарғы шетін өңештің бұлшықет қабатының кесіндісінің жоғарғы шетіне тігеді. Бұлшықет қабатының дефект орнына шырышты қабатқа лоскут салады және жіңішке жібек тігістермен бүкіл дефект бойыменен бұлшықет қабатының кесіндісіне тігеді. Диафрагма дефектін жібек тігістермен тігеді және оның шетін өңешке тігеді. Кеуде қуысының жарақатын қабаттап тігеді бүтіндей дренажсыз немесе соңғысын төменде жатқанға өткізеді.
Гейровский әдісі
Гейровский әдісінің мәні абдоминальді кесіндіден алдыңғы бөлшекті ортаңғы диафрагмотомия жасауда.Өңештің тарылған аймағының астына тесемка өткізеді және өңештің кеңейген бөлігі мен асқазан түбінің арасына тігістің бірінші қатарын салады. Өңеш пен асқазанды ашып, анастомоздың артқы ернеуіне барлық қабаттар арқылы тігіс салады. Кейіннен барлық қабаттар арқылы алдыңғы ернеуді тігеді.
Грендаль әдісі
Грендаль әдісі сірлі-бұлшықет тігісінің бірінші қатарын тарылу бұрышынан салғанымен және асқазан түбінен өңештің кеңейген бөлігіне дейін үзбей тілумен ерекшеленеді(сур.51). Кейін анастомоздың артқы және алдыңғы ернеулерін сірлі-бұлшықет тігісін салумен, үзіліссіз тігіспен тігеді.