Демпинг синдромы-асқазаннан жіңішке ішекке тез түсуіне жауап ретінде гемодинамика мен нейровегетативті бұзылыстар түрінде дамитын кешен.
Демпинг-реакциясы дамуының негізгі себебі - асқазанның қалған жоғарғы бөлігінін рецептивті релаксациясының болмауы, яғни оның тұқылынЫҢ немесе ваготомия жасалған асқазанға тамақтың жаңа үлесі түскен кезде керілу кабілеттілігі артады. Осыған байланысты, тамақ қабылдағаннан кейін асқазанда қысым жоғарылайды, оның ішіндегісі жоғары жылдамдықпен ащы ішекке немесе он екі елі ішекке түседі. Бұл рецепторлардың ретсіз қозуын, ішек ішіндегі осмолярлық қысымның көтерілуін тудырады. Осмостық тепе- теңдікті қалпына келтіру үшін жасушааралық сұйықтық ішек қуысына өтеді. Ішектер қабырғаларының созылуына жауап ретінде шырышты қабат жасуша- ларынан биологиялық белсенді заттар (вазоактивті интестиналды полипептид, кинин, гистамин, серотонин және т.б.) шығады. Нәтижесінде ағзада вазоди- лятация жүреді, айналымдағы плазма көлемі төмендейді, ішектің моторлы белсенділігі артады. Айналымдағы плазма көлемінің 15-20%-ға төмендеуі - келесі вазомоторлық симптомдардың: әлсіздік, бас айналу, жүректін қағуы, қан қысымының құбылмалылығының туындауына әкелуші бірден-бір фактор болып табылады. Гиповолемия мен гипотензия нәтижесінде симпатикалык- адреналдык жүйе іске қосылады, бұл терінің бозаруы, пульстің жиілеуі, артериялық қысымның артуымен жүреді. Этиологиясы және патогенезі Ерте демпинг-реакция қандағы глюкоза деңгейінің жылдам өсуінен дамиды. Жіңішке ішек моторикасының күшеюі ішектің түйілуінін, диареянын себебі болуы мүмкін. Жіңішке ішекке тамақтың, ұйқыбез сөлінің, өттің ретімен түсуінің бұзылуы, ұйқыбездегі ферменттердің құрамының төмендеуі, жіңішке ішектен тамак жентегінің жылдам өтуі нәтижесінде май, нәруыз, көмірсулардың қорытылуы бұзылып, олардың және дәрумендердің сіңірілуі төмендейді. Тамак мальаб- сорбциясы нәтижесінде дене салмағы төмендеп, наукастын өмір сапасының деңгейін төмендететін авитаминоз, анемия және басқа да метаболизмдік бұзылыстар дамиды. Ваготомиямен бірге жасалған пилоропластикадан кейін демпинг- синдромы асқазан резекциясынан кейінгіге караганда сирек дамиды, көбінесе консервативті әдіспен онай емделетін жеңіл түрі немесе сирек жағдайда орташа түрі кездеседі. Демпинг-синдромы көбінесе пилоропластика немесе Жаб лье бойынша гастродуоденостомия жасағанда салынған саңылау 2-3 см үлкен болғанда дамиды. Қалтқыға тиіспей, селективті проксималды ваготомия жасаганда, яғни пилоропластикасыз, демпинг-синдромы және диарея әдетте, болмайды.
Клиникасы: Науқастар әдетте әлсіздікке, қатты тершеңдікке, бас айналуға шағымданады. Бұдан да ауыр жағдайда естен тану, бүкіл денесінің қызып кеткені сияқты сезім, жүрек қағуы, кейде жүрек тұсының ауыруы болуы мүмкін. Барлық көрсетілген шағымдар тамақ қабылдаумен байланысты, әсіресе тәтті, құрамында сүт өнімдері бар, сұйық тағамдарды (шай, сүт, компот және т.б.) ішкен соң, 10-15 минуттан
Демпинг-синдромы ауырлығының үш дәрежесі болады.
• I - жеңіл дәрежесі. Тәтті, сүтті тағамдарды қабылдағанда пульсінің 1 жиілеуі минутына 15-ке артатын демпинг-реакциясы. Әдетте ол 15- 30 минутқа созылады. Дене салмағы қалыпты. Еңбекке қабілеттілігі сақталған.
• II - орташа дәрежесі. Кез келген тамакты кабылдаганда пульсі ми- нутына 30-ға артатын демпинг-реакциясы. Ақ лабилді, систолалык қысымы көтерілуге бейім. Демпинг-реакциясының шыңында науқастар жатуға мәжбүр болады. Реакция ұзақтығы 45 минуттан 1 сағатқа дейін Дене салмағының жетіспеушілігі 10 кг-ға жуық. Еңбекке қабілеттілігі төмендейді, кейбір науқастар кәсібін өзгертуге тура келеді.
III-күрделі дәрежесі. Науқастың айқын әлсіреуіне байланысты тамақты жатып ішуге мәжбүр және тамақ ішіп болған соң төсекте беткей жағдайда 30 минуттан 3 сағатқа дейін жатады. Айқын тахикардия дамиды, систолалык қысымның көтерілуі мен диастолалық қысымның төмендеуі анықталады. Кейде брадикардия, гипотания, коллапс жүйкелік-психикалық бұзылыстар.
Емі.Консервативті емді демпинг-синдромның жеңіл және орташа дәрежесінде колданады. Оның негізі — емдәм терапиясы: шағын үлеспен жиі (күніне 5-6 рет) құнарлы тамақтану, тамақ құрамы дәруменге бай болуы керек, В тобындағы дәрілік заттармен дәруменді терапия, көмірсулер мен сұйықтықтарды шектеу. Тамактарынын барлығын буда немесе суда қайнатып пісіру кажет. Асты жылы түрінде қабылдау керек, міндетті түрде ыстық немесе суық тамақтан алшақ жүру керек. Демпинг-синдромын емдеу үшін октреотидті - соматостатиннің синтетикалық баламасын (тері астына) жақсы жетістіктермен қолдануда. Проспективті рандомизирленген зерттеу барысында бұл дәріні тамақ қабылдаудан алдын 30 минут бұрын тері астына енгізгенде, демпинг-синдромын жеңілдетіп, көптеген науқастарға қалыпты өмір сүруге мүмкіндік беретіні дәлелденді. Емдәм терапиясымен бірге ферменттік препараттармен алмастырушы терапияны, ми- кроэлементтерге бай дәрумендерді қоса береді. Психопатологиялык синдром- дарды емдеуді психиатр дәрігермен бірге жүргізеді. Эми Хирургиялык емді күрделі демпинг-синдромында (III дәрежесі) және демпинг-синдромның II дәрежесінде консервативті ем нәтижесіз болғанда колданады. Ең көп таралған реконструктивті операциялар - Бильрот-II опе- рациясын Бильрот-I реконверсиялау немесе астан ажыратылған Ру ілмегі бойынша гастроеюналды анастомозбен Бильрот-II операциясы (20.26-сурет). Сонымен катар, гастроеюнодуоденопластиканы да колданады (20.13-суретін, e, караныз). Асқазан тұқылын он екі елі ішекпен байланыстыратын жіңішке ішектік трансплантат асқазан тұқылы ішіндегісінің эвакуациясын ретімен жіберіп, астын ішекке түсу жылдамдығын төмендетеді. Он екі елі ішекте тамак ұйқыбез селі және етпен араласып, он екі елі ішек ішіндегісінің осмолярлык кысымы плазманың осмостық қысымымен теңестіріледі, тамактын барлык ингредиенттері ащы ішекте гидролизденеді.