1. Дыбыстардың жасалу орнына қарай түрлері. A жуан, жіңішке



Дата31.10.2022
өлшемі23,08 Kb.
#46438
Байланысты:
ТЕСТ (1)


ФОНЕТИКА
І НҰСҚА
1. Дыбыстардың жасалу орнына қарай түрлері.
A) Жуан, жіңішке;
B) Еріндік, езулік;
C) Ерін, ерін-ерінді, тіл ұшы, тіл алды, тіл ортасы, тіл арты, тілшік;
D) Тоғысым, тоғысыңқы, жуысым, жуысыңқы;
E) Қатаң, ұяң, үнді.
2. Қазақ тілінің төл дауысты дыбыстарын белгілеңіз.
A) А, Ә, Ы, І, Е, Ұ, Ү, О, Ө;
B) А, Ә, Ы, І, Е, Ұ, Ү, О, Ө, У;
C) А, Ә, Ы, І, Е, Ұ, Ү, О, О, У, Ю, Я, Э;
D) У, Э,Ю, Я;
E) А, Ә, Ы, І, Е, Ұ, Ү, О, Ө, И, У.
3. Тіл арты дауыстыларды табыңыз.
A) Ә, І, Ү, Ө, Е;
B) Ә, І, А, Ы;
C) Ү, Ө, О, Е;
D) А, Ә, Ы, І;
E) А, Ы, Ұ, О.
4. Қай дыбыстарға тән белгілер: «Дауыс желбезегі толық тербеледі; буын
құрайды; өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырамай
шығады»?
A) Дауысты дыбыстар;
B) Қатаң дыбыстар;
C) Дауыссыз дыбыстар;
D) Ұяң дыбыстар;
E) Үнді дыбыстар.
5. Дауысты-дауыссыз-дауыссыз тіркесті сөздерді белгілеңіз.
A) Аң, ал, ас, ар;
B) Баж, жаз, кез, сай;
C) Өрт, ұлт, арс, арт;
D) Гүрс, зірк, құрт, мүлт;
E) Әккі, өкпе, шекпен, ақша.
6. Метатеза құбылысын табыңыз.
A) Мүлдем, кереует;
B) Ала ешкі, бара алмады;
C) Жазып та алды, құдірет;
D) Шақпыла, түкпір;
E) Рух, рет.
7. Протеза құбылысын табыңыз.
A) Бөрене, жеребе;
B) Айланайын, текпішек;
C) Рақым, стакан;
D) Айлану, қапқа;
E) Жоғаріл, қаса батыр.
8. Элизия құбылысын табыңыз.
A) Қапқа;
B) Дәрігер;
C) Көкірек;
D) Жоғары іл;
E) Кінәз.
9. Үндестік заңы дегеніміз не?
A) Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметі жағынан ыңғайласып, үйлесіп келуі;
B) Бір сөз ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп
дыбыстың келуі;
C) Морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың бірін-бірі акустика-артикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп тұруы;
D) Әр түрлі сөзформалардың құрамында кездесетін бір морфеманың бір
дыбысының көрші дыбыстың әсерінен басқа дыбысқа өзгеруі;
E) Бунақтағы сөздер арасында қатар келген екі дауыстының алдыңғысының
түсіп қалуы.
10. Регрессивті ассимиляцияны табыңыз.
A) Таулар, ай қарады;
B) Мал қора, жаздың;
C) Ұшса, көк гүл;
D) Қанбады, ақ жауын;
E) Ақ дала, кессе.
11. Тоғыспалы ассимиляцияны табыңыз.
A) Сізше, боз жорға;
B) Бас шұлғыды, жұмысшы;
C) Амангелді, қайраң қалды;
D) Қаздың, емнен;
E) Жаз келді, жазса.
12. Фонациялық ауаның кілт үзілуінiң не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке дауысты дыбыс не дыбыстар (дауысты, дауыссыз) тобы.
A) Екпін;
B) Буын;
C) Сөз;
D) Интонема;
E) Фонема.
13. Кітап сөзі неліктен жіңішке-жуан буынды?
A) Қазақтың төл сөзі;
B) Кірме сөз;
C) Қосымша жуан болғандықтан;
D) Сөздің түбірі жіңішке болғандықтан;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
14. Ілгерінді ықпалға бағынған сөз қайсы?
A) Көзсіз;
B) Есжан;
C) Сенбе;
D) Кім келді;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
15. Мектепті сөзінен үндестік заңының қай түрін табар едіңіз?
A) Түбірдің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса, оған жалғанатын
қосымша үнді не ұяңнан басталады;
B) Түбірдің соңғы дыбысы ұяң болса, қосымша ұяңнан басталады;
C) Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса, қосымша да қатаңнан басталады;
D) Түбірдің соңғы буыны жуан болса, қосымша да жуан жалғанады;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
16. Тіл дыбыстарын зерттеудің қырлары.
A) Анатомия-физиологиялық;
B) Лингвистикалық;
C) Анатомия-физиологиялық, акустикалық, лингвистикалық;
D) Лингвистикалық, фонетикалық;
E) Акустикалық.
17. Дыбыстың жасалымы (артикуляциясы) дегеніміз не?
A) Ауыз қуысындағы резонаторлар жүйесінің қалпы аталып, сөйлеу
мүшелерінің өзара қиысу күші;
B) Дыбысты жасауға қатысатын сөйлеу мүшелерінің аты аталып, орны
көрсетіліп, сол сөйлеу мүшелерінің өзара қиысу жолдары;
C) Ауыз қуысынан сыртқа шыққан дыбыстың құлаққа жеткен нәтижесі;

D) Дыбыстың үндестік сипаты;


E) Дауысты дыбыстар жүйесі.
18. Қатаң-үнді дауыссыздар тіркесінің үндесуін табыңыз.
A) Көппала, көпсөз;
B) Төртпұрыш, үшшол;
C) Ағмаңдай, ағмоншақ;
D) Көгжылан, жебжатыр;
E) Жүзгүн, мұқташшыз.
19. Диссимиляция дегеніміз не?
A) Түбір мен қосымшалардың аралығында қатар келген буындар мен
дыбыстарға тән заңдар;
B) Бір сөз ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп
дыбыстың келуі;
C) Морфемалардың жігінде көрші келген дыбыстардың
акустика-артикуляциялық жақтан біріне-бірі ұқсауы, бейімделуі;
D) Морфемалар жігінде қатар келген дауысты және дауыссыз дыбыстардың
бір-біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы;
E) Әр түрлі сөзформалардың құрамында кездесетін бір морфеманың бір
дыбысының көрші дыбыстың әсерінен басқа дыбысқа өзгеруі.
20. Буынға тән белгілерді табыңыз.
A) Дауысты дыбыс болуы керек, мағына болмайды, қос дауыссыздан
басталмайды;
B) Мағына болады, аралас буынды болады;
C) Дауысты дыбыстың болуы міндетті емес, мағына болмайды, қос
дауыссыздан басталмайды;
D) Не бірыңғай жуан не жіңішке болады, қос дауыссыздан басталады;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
21. Буын санының кемуі қай сөздерден көрінеді?
A) Әкел, барғам, сап;
B) Ылайық, орыс;
C) Метір, киоскіге;
D) Литір, кеп;
E) Ылау, ыстанция.
22. Аккомодация құбылысы дегеніміз не?
A) Сөз ішіндегі дыбыстардың не буындардың өзара орын ауысуы;
B) Морфемалар жігінде қатар келген дауысты және дауыссыз дыбыстардың
бір-біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы;
C) Сөз ішінде дауыссыздардың арасына дауыстының қысты-
рылуы;
D) Кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етуі, игеруі;
E) Алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі, игеруі .
23. Сөздің соңынан дыбыстың қосылуы.
A) Эпентеза;
B) Протеза;
C) Эпитеза;
D) Элизия;
E) Редукция.
24. Эпентеза дегеніміз не?
A) Бунақта қатар келген екі дауыстының кейінгісінің түсуі;
B) Бунақтағы сөздер арасында қатар келген екі дауыстының алдыңғысының түсіп қалуы;
C) Сөз ішінде дауыссыздардың арасына дауыстының қыстырылуы;
D) Сөз ішіндегі дыбыстардың не буындардың өзара орын ауысуы;
E) Сөз ішіндегі біркелкі, ұқсас буындардың бірінің түсіп қалуы.
25. Бунақта қатар келген екі дауыстының кейінгісінің түсуі қандай құбылыс?
A) Эпентеза;
B) Аферезис;
C) Метатеза;
D) Элизия;
E) Гаплология.
26. Гаплология дегеніміз не?
A) Бунақта қатар келген екі дауыстының кейінгісінің түсуі;
B) Бунақтағы сөздер арасында қатар келген екі дауыстының алдаңғысының
түсіп қалуы;
C) Сөз ішінде дауыссыздардың арасына дауыстының қыстыр-
ылуы;
D) Сөз ішіндегі дыбыстардың не буындардың өзара орын ауысуы;
E) Сөз ішіндегі біркелкі, ұқсас буындардың бірінің түсіп қалуы.
27. Бунақ дегеніміз не?
A) Соңы дауыссызға аяқталатын буын;
B) Сөз ішіндегі дыбыстардың не буындардың өзара орын ауысуы;
C) Жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып дауыстыға
бітетін буын;
D) Кейбір белгілері жағынан өзара бірдей немесе біршама жуық
элементтердің қайталануы;
E) Өзіндік екпінмен, ырғақпен айтылатын сөздер тобы.
28. Дәстүрлі принцип бойынша жазылған сөздерді табыңыз.
A) Түнде, түнгі;
B) Бүрсігүні, жаһан;
C) Қаламды, ертеңге;
D) Көлдің, мектепке;
E) Белбеу, кітапты.
29. Морфологиялық принцип бойынша жазылған сөздерді табыңыз.
A) Жексенбі, жазса;
B) Кереует, болыс;
C) Сөзді, құдіретті;
D) Сананың, тармақты;
E) Жәшік, көмбе.
30. Кейінгі ықпалға бағынған сөз қайсы?
A) Қосжан;
B) Әкел;
C) Бес бет;
D) Көшсе;
E) Даналық.
31. Кейінді ықпалға бағынған сөзді белгілеңіз.
A) Жанға;
B) Шашса;
C) Талдықорған;
D) Жүнісбек;
E) Көре кел.
32. Сөз ішінде дауыссыздардың арасына дауыстының қысты-
рылуы.
A) Редукция;
B) Элизия;
C) Эпентеза;
D) Эпитеза;
E) Метатеза.
33. Дәстүрлі принцип бойынша жазылған сөздерді табыңыз.
A) Күнгі, сенбі;
B) Кәмпит, қаһар;
C) Қаланы, мұғалімнің;
D) Жерде, бишік;
E) Сенбе, бүгін.

34. Морфологиялық принцип бойынша жазылған сөздерді табыңыз.үұ



A) Кітаптың, қағаздың;
B) Жәрмеңке, бәтіңке;
C) Биыл, бүйтіп;
D) Жанбады, қашса;
E) Мысал, саясат.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет