Тазалығын бақылау: гексамидин ерітіндісінің этанолдағы ук спектрінің үш жұтылу максимумы бар – 252,258,264 нм-де.
Сақталуы: гексамидинді б тізімі бойынша құрғақ, жарық түспейтін жерде сақтайды.
Урацил қолданылуы: урацил туындылар негізінде вирустарға қарсы көптеген препараттар синтезделген, сонымен қатар спид вирусына қарсы,мысалы, зидовудин,ставудин,ламивудин.
Физикалық қасиеттері АЗИДОТИМИДИН ақ кристалды ұнтақ, иіссіз. суда ериді, спиртте және хлороформда ерімейді.
СТАВУДИН ақ немесе ақшыл қызыл түсті кристалды ұнтақ, иіссіз. суда түссіз коллоидты ерітінді түзе ериді.
ЦИТАРАБИН ақ кристалдық ұнтақ, иіссіз. суда ериді, спиртте және хлороформда іс жүзінде ерімейді.
Химиялық қасиеттері Қышқылды негіздік қасиеті пиримидин-2,4-дион тобының дәрілік заттары басқа имидтер сияқты nh- қышқыл болып табылады. көрсетілген препараттардың қышқыл түрі пероральды дәрілік түрінде, ал тұзды түрлері инъекцияға және инфузия арналған ерітінді түрінде қолданылады.
Гидролиттік ыдырау урацил тобының препараттары барбитураттар сияқты амид байланысының үзілуі бойынша ыдырайды. температураның жоғарлауы және сілтінің қатысы процессті жылдамдатады. препараттарды концентрлі натрий гидроксидімен қыздырғанда аммиак бөлінеді, оны ылғал лакмус қағазының көгеруімен анықтайды және кьельдаль әдісімен сандық анықтауда қолдануға болады.
Электрофильді орын басу реакциясы урацил тобы препараттарының сілтілі ортада таутомерлі енольды түрі қалыптасады. сонымен қатар олар фенол қасиетін көрсетіп азоқосылыс түзу, тотығу, орынбасу және конденсация реакцияларына түсуі мүмкін. урацил тобының препараттары броммен әрекеттесіп бромтуындыларын түзеді:
Тазалығын бақылау қр мф бойынша метилурацилдегі қоспаны жқх әдісімен анықтайды: f254 силикагель қабатты пластина; қозғалмалы фазасы: хлороформ – метанол- мұзды сірке қышқылы (90:8:8).
Сақталуы Фтроурацил және фторафур А тізімі, метилурацил, азидотимидин, ставудин, цитарабин Б тізімі бойынша құрғақ, жарық түспейтін жерде сақтайды.