ТАЗАЛЫҒЫН БАҚЫЛАУ Барбитураттар тобы препарттардың тазалығын бақылау олардың химиялық қасиеттері мен синтезінің әдістеріне байланысты. Барбитураттардың тұздық және қышқылдық түрлерінде ерітінділердің мөлдірлігін анықтау сынамасы жүргізіледі. Қышқылдық түрлерінің мөлдірлігін анықтағанда олардың натрий карбонатында ерігіштігі қолданылады. Синтезінің кейбір жартылай өнімдері және тектес заттар карбонаттарда ерімейді.
Фенобарбиталдағы тектес қоспаларды ЖҚХ әдісімен анықтайды: GF254 силикагель қабатты пластинка; қозғалмалы фазасы: концентірлі аммиак ерітіндісі – 96% спирт-хлороформ (5:15:80). Қоспалардың шектік мөлшері (0,5 % аспауы керек).
САҚТАЛУЫ
Барбитураттарды Б тізімі бойынша құрғақ, жарық түспейтін жерде сақтайды.
15. Пирацетамға сипаттама беріңіз: химиялық атауы, қолданылуы, синтезі және идентификациясы Пирацетам – пиррол туындысы, оның ішінде пирролидон-2 туындысы.
ХИМИЯЛЫҚ АТАУЫ: пирролидон-2-ацетамиді немесе 2-(2-оксо-1-пирролидинил) ацетамиді. C6H10N2O2
ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТІ: Ақ немесе ақшыл түсті кристалдық ұнтақ. Суда оңай ериді, спиртте, хлороформда аз ериді, эфирде іс жүзінде ерімейді.
ҚОЛДАНЫЛУЫ: Бұл топ препараттары психотропты әсері бар ГАМҚ құрылымдық аналогтарыніздеу нәтижесінде пайда болған. Пирацетам – ГАМҚ циклдік аналогы болып табылатын психотропты дәрілік заттардың бастамашысы. Бұл топ препараттары бас миындағы қанайналымды және энергетикалық процесстерді жақсартады, оның гипоксияға және агрессивті әсерлерге төзімділігін жоғарылатады, есте сақтауды жақсартады, интеллектуалды және таным белсенділігін белсендіреді, оқу процесін ынталандырады.
ХИМИЯЛЫҚ СИНТЕЗІ: Пирацетамды пирролидон-2-ден оның лактимді эфирі арқылы алады, себебі оны азот атомы бойынша тікелей алкилдеу қиынға соғады:
ИДЕНТИФИКАЦИЯСЫ: Пирацетамның өзі екендігін анықтау үшін калий бромид таблеткасыда ИҚ спектрін түсіріп, оны препараттың стандартты үлгісінің спектрімен салыстырады.
Пирацетамның өзі екендігін сонымен қатар 230-250 нм толқын ұзындығында 1%-дық сулы ерітіндісінің УК спектрде айқын жұтылу максимумдарының болмауынан дәлелдейді.