1. Диэтил эфирін өндіру технологиясын сипаттаңыз Химия. Формуласы: ch3 – ch2 – o – ch2 – ch3 Қасиеттері


Ароматты катардагы дәрілік заттарды кептіріңіз. Фенол және оның дәрілік туынды синтездеу әдістерін келтіріңіз



бет6/24
Дата20.12.2023
өлшемі83,5 Kb.
#141471
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
7. Ароматты катардагы дәрілік заттарды кептіріңіз. Фенол және оның дәрілік туынды синтездеу әдістерін келтіріңіз
Ароматты қосылыстар — молекуласы 6 көміртек атомдарынан тұратын бір немесе бірнеше тұйық тізбегі (циклі) бар органикалық қосылыстар.
Медицина тәжірибесінде фенол, резорцин, тимолды антисептикалық заттар ретінде қолданады. Резорцин тері ауруларын емдеуде сыртқа 2-3% сулы ерітінділер, жақпамайлар ретінле қолданылады. Фенолдың 3-5% құралдар, киім, бөлмені дезинфекциялау үшін пайдаланылады.
Фенолдар — бензол сақинасындағы бір немесе бірнеше сутек атомдарының орнын гидроксотоп басқан ароматты көмірсутектердің туындылары. Ең қарапайым өкілі — фенол С6Н5ОН немесе гидроксибензол.

Фенол туындыларының дәрілік заттарын табиғи көздерден және синтетикалық жолмен алуға болады. Синтетикалық фенолды бензолдан алады. Бензолды сульфирлеп бензолсульфоқышқылы және м-бензолдисульфо-қышқылын алады. Бензолсульфоқышқылды сілтімен балқытып және кейін қышқылмен өңдеу арқылы фенол алады.


C6H6(фенол) + H2SO4(күкірт қышқылы) = C6H5-SO3H(бензолсульфоқышқылы) + H2O
C6H5-SO3H(бензолсульфоқышқылы)+ 2NaOH = C6H5OH(фенол) + Na2SO3
Ал, м-бензолдисульфоқышқылы жағдайында резорцин алынады:
C6H6(фенол) + H2SO4(күкірт қышқылы) = C6H5-SO3H(бензолсульфоқышқылы) + H2O
C6H5-SO3H(бензолсульфоқышқылы) ----H2SO4 ----- C6H4(HSO3)2(м-бензолдисульфоқышқылы)---- NaOH ---- C6H4 (ONa)2 ----- HCl -----C6H4(OH)2 (резорцин)
Фенолды ауа өткізбейтін контейнерде, жарық түспейтін жерде сақтайды.
ДА
8. Органикалық қосылыстарды алу техникасында қолданылатын химиялық түрлендіру әдістері
Органикалық қосылыстар – құрамында негізгі элемент ретінде әрдайым көміртек атомы болатын химиялық қосылыстар (көміртек оксидтері, көмір қышқылы және оның тұздарынан басқалары).
Химиялық түрленулердің бірінші тобына органикалық қосылысқа орынбасушыны енгізу процестері жатады: галогендеу, сульфондау және сульфохлорлау, нитрлеу және нитролеу.
Екінші топқа енгізілген орынбасарлардың түрленуі жатады: тотықсыздану, диазотизация, ацилдену, этерификация, алкилдеу, арилдеу, гидролиз ( гидроксилдену), сілтілі балқу, аммонолиз.
Үшінші тобына органикалық қосылыстардың көміртек қаңқасын өзгертетін процестер – тотығу, тотықсыздану, конденсация және қайта құрылымдау реакциялары жатады.
Галогендеу - органикалық қосылысқа бір немесе бірнеше галоген атомын енгізу үрдісін айтамыз. Галогендеуге мысал ретінде ароматты қосылыстарды хлорлауды айтсақ болады. Галогендеуші агенттерге:
*Молекулярлы галогендер
*Фосфор мен күкірттің галогенді қосылыстары
*Галогенсутекті қышқылдар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет