1. Диэтил эфирін өндіру технологиясын сипаттаңыз Химия. Формуласы: ch3 – ch2 – o – ch2 – ch3 Қасиеттері



бет12/24
Дата20.12.2023
өлшемі83,5 Kb.
#141471
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Байланысты:
1. Диэтил эфирін ндіру технологиясын сипатта ыз Химия. Формулас

Тазалығын бақылау
Никотин қышқылының тектес қоспаларын ҚР МФ бойынша силикагель GF254 қабатты ЖҚХ пластинкасын пайдаланып, жұқа қабатты хроматография әдісімен жүргізеді. Қозғалмалы фазасы: су–сусыз құмырсқа қышқылы–пропанол. Пластинканы 100-105 С температурада 10 мин бойы кыздырады жане 254 нм толқын ұзындығында УК– жарықта қарайды. Сыналатын ерітінді хроматограммасында негізгі дақтан басқа кез келген дақ салыстыру ерітіндісі хроматограммасындағы дақтан қарқындырақ болмауы тиіс (0.5% артық емес ).
Сақталуы
Никотин қышқылын, никотинамидті, пикамилонды, никетамидті Б тізімі бойынша құрғақ, жарық түспейтін жерде сақтайды.


13. Пиримидин туындыларына сипаттама беріңіз: идентификациясы, химиялық қасиеттері, тазалығын бақылау және сақталуы
Пиримидиннің синтетикалық туындыларынан дәрілік зат ретінде пиримидин-2,4,6-трион (барбитур қышқылының), пиримидин-2,4-дион (урацилдің) жане пиримидин-4,6-дион туындылары кеңінен қолданылады.
Пиримидин-4,6-дион туындылары
Пиримидин-4,6-дион туындысының дәрілік затына ГЕКСАМИДИН жатады. Гексамидин химиялық құрылымы бойынша фенобарбиталға жақын, бірақ барбитураттарға жатпайды, себебі оның молекуласында мочевина фрагменті жоқ, С2 жағдайдағы карбонил тобы метиленге алмасқан. Бұл модификация өте күшті тырысуға қарсы және фенобарбиталмен салыстырғанда ұйықтатқыш әсері төмен препараттың алынуына алып келді. Ең алдымен үлкен тырысу ұстамасында қолданады.
Гексамин- ақ кристалдық иіссіз ұнтақ. Суда, эфирде, бензолда іс жүзінде ерімейді, спиртте және ацетонда аз ериді.
Химиялық қасиеттері : Гексамидин амид топтарына байланысты қышқылдық қасиет көрсетеді. Бірақ олар имид болып табылатын фенобарбиталға қарағанда әлсіз. Гексамидин сілтілерде тұрақсыз тұз түзе ериді. Препараттың әлсіз қышқылдық қасиетіне байланысты ауыр металлдар тұздарымен өзіндік кешен түзе алмайды.
Гексамидин амид сияқты гидролитикалық ыдырауға бейім, бұл процесстің жүруін сілтілік орта және температураның жоғарлауы мүмкіндік туғызатын. Гексамидиннің бұл қасиеті өзі екендігін дәлелдеу үшін қолданылады. Препаратты кристалдық натрий гидроксидімен қыздырғанда ылғалды лакмус қағазын көк түске бояйтын аммиак бөлінеді, натрий карбонаты, фенилэтилсірке сірке қышқылының натрий тұзы және метил тобындағы формальдегид:
Препаратты күкірт қышқылының қатысында хромотроп қышқылының динатрий тұзымен қыздырғанда күлгін бояу пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет