Қиялдағы образды қайта жасау
Қиял процесі барысында дүниеге келетін образдар іштен пайда болмайды. Олар біздің өткен тәжірибеміз негізінде, шынайы өмірдегі құбылыстар туралы түсініктер негізінде қалыптасады. Образдарды жасау екі негізгі этапта жүреді. Бірінші этапта әсерлердің немесе көріністердің құрамдас бөліктерге бөлінуі жүреді. Басқаша айтқанда, бірінші этап өмірден алған өз әсерлерімізді анализ жасаумен сипатталады. Мұндай анализ барысында объектінің абстракциялануы жүреді. Агглютинация өнерде және техникалық шығармашылықта кеңінен қолданылады. Мысалы, Леонардо да Винчидің жас суретшілерге берген ақылы бәріне аян: «Егер сен ойдан жасалынған жануарды шынайы етіп көрсеткін келсе, айталық жылан – оның басына иттің басын қой, мысықтың көзін,филлиннің құлағын, арыстанның қасын, тасбақаның мойнын сал». Техникада агглютинация қолдану барысында автомобиль-амфибия, т.б. пайда болады. Қиялдың образдарын қайта жасаудың неғұрлым кеңінен таралған әдістерінің бірі – объектіні ұлғайту немесе кішірейту. Мұның көмегімен неше түрлі әдеби кейіпкерлер жасалады.Схематизация әр түрлі жағдайда орын алуы мүмкін. Біріншіден, схематизация объектіні толықтай қабылдаған кезде пайда болуы мүмкін. Бұл әсіресе балаларда көптеп кездеседі. Екіншіден оның себебі объектіні толықтай қабылдау барысында сондай маңызды емес, детальдар мен бөліктерді ұмыту болып табылады. Акцентировка образдың неғұрлым мәні соған тән белгілерін сызып көрсету үшін қажет. Бұл әдіс шығарма образдарын жасауға қолданылады. Бұл күрделі шығармашылық процесс.
Эмоция – бұл ерекше психикалық құбылыс, әсерімен бірге адамдардың уайым түрінде өзіне пайдалы әр түрлі құбылыстар мен заттардың субъективті бағадануы мазмұгыгың көрінісі. Эмоция адамдарға қоршаған әлемді тануға бағыт-бағдар береді: пайдалы-зияндылығы, негізді-негізсіздігі, т.б. Эмоционалдық бағыт-бағдар мен рационалды бағыттың ерекшелігін қарастыратын болсақ, мынадай өзгешеліктерді байқауға болады: арнайы оқытуды талап етпейтін, ақпаратты алу жағдайының шектелу мүмкіндіктері нашар түсінбеушіліктер және қысқа мерзімді ырықсыз бағыт-бағдарлар. Кез келген адамда пайда болатын эмоция оның негізгі ішкі өмірлік ішкі сигнаоы болып табылады және келесі ойы мен әрекетін басқарып бағдарлайды. Мұның анық себептері мен негіздерін жөнді ақылмен түсінбеуі мүмкін. Бірақ олардың дәлдігінде сенімді болуы шарт. Тұлға деңгейінің ішкі сенімдіоігі әрқашанда жоғары эмоционалды түрде қалады.
Эмоционалдық құбылыс құрылымында үш компоненті көрсетуге болады: пәні, эмоционалды уайым және қажеттілік (мотив-түрткілер).
Эмоция пәні – адамның өмірінде эмоционалдық уайымдардың тууына байланысты кез келген адамда мәнді құбылыстардың көрінісі. Олар мынадай болуы мүмкін: емтиханда алған баға, жұмысқа кешігу, табиғат құбылысы, біреулердің қылығы және ой-пікірлер, т.б. Мұндай мағыналы уақиғалар мен жағдаяттар эмоциогендік деп аталады. Бұл эмоциогендік жағдайлар кездейсоқ ойламаған немесе біреудің көздеген ойынан туындауы мүмкін. Уайымдар эмоция пәнінің мазмұнын анықтайды.
Эмоционалды уайымдар эмоционалдық құбылыстардың негізгі компонентін құрайды, яғни адамдардағы эмоциогендік жағдаяттарда кездесетін қақтығыстар түсінбеушлік, шошу, таң қалу, т.б. субъективті реакциялар туғызады. Эмоционалды уайым түрлі деңгейде саналы және адамның ішкі рухани әлемін (зейінін, ойлауын, есін, қабылдауын), физиологиялық процестерін (жүрек қан тамырдары, тыныс алу, ас қорыту, т.б.)
Қажеттілік эмоционалды құбылыстың үшінші компонентін құрайды. Қажеттілік адамның ішкі психологиялық негізі болып бағаланады. Болып жатқан немесе өтіп кеткен жағдаяттың мәні – қазіргі жағдайда өзекті қажеттілігімен блгілі бір мөлшерде байланысы қажеттіліктерге кедергі немесе қанағатандыруға жағдай жасау. Мағыналық әр қашанда қажеттеліктерімен белгіленеді. Мағыналық жағдайлардың болмауында эмоция көрінбейді. Мысалы, аш адамда эмоциялық уайымдармен байланысты көп жағдаяттар туындайды. Бірақ та сол жағдаяттар тек тамақ қажеттілігін қанағаттандырғаннан кейін адамға мағынасы мәнсіз болуы мүмкін.
Қорыта айтқанда, эмоционалды уайым адамда мағыналы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін және адамның өмірлік түрлі жағдаяттарының түрткілеріне субъективті реакция болып табылады.
Эмоциялар мынадай функцияларды атқарады: бағалаушы, сигналдық, оятушы және коммуникативті, сонымен қатар физиологиялық және танымдық процестерге әсер ету функциясы.
Эмоцяның алғашқы және маңызды функциясы адам үшін қоршаған заттардың, құбылыстардың, адамдардың, әсерлі оқиғалардың өз ойларының, жоспарларының, шешімдерінің, т.б. субъективті мәнін бастапқы бағалау болып табылады. Эмоциялар адам үшін әр түрлі өмірлік уақиғаларда, адамдарға және өзіне, заттар мен құбылыстарға жылдам және сенімді бағдар жасауға мүмкіндік беретін өзінше бір іштег ікомпас рөлін атқарады. Бізге эмоциялық бағалаулар интеллектуалды бағалауға қарағанда сенімдірек және жеке мәнге ие болады. Сондықантан да біз оларға сенуге және бағынуға бейімбіз. Мысалы кез келген темекі шегетін адам никотиннің зияндығын біле тұрса да, темекіні тастамайды. Бұл білімі қатысы жоқ абстракция сияқты болады. Адамның темекіге деген қарым-қатынасын өзгеру үшін сол адам темекінің зияндығын эмоциялық тұрғыда басынан кешіру керек.
Эмоциялар адамға оның қажеттілігінің күйі туралы сигнал беріп тұрады. Бір нәрсеге деген мәжбүрлік өзектілігінен, сәйкесінше,эмоциялық күйзелістер (ашығу, қызығу) туады. Олар қажеттіліктер деп аталады. Қажеттіліктің күйіне байланысты күшеюі, азаюы, мүлдем жоғалып кетуі, белгісі бойынша қарама-қарсыға ауысуы мүмкін.
Эмоциялар оятушы функцияларын да атқарады, яғни белсенділіктің қайнар көзі болып табылады. Эмоциялардың оятушы мүмкіндіктерді тікелей олардың күші мен белгісіне байланысты. Мысалы, бұл жерде қатты және жай ауруды, үрейді, ұятты жіне кез келген басқа эмоцияларды салыстыруға болады. Белсенділіктің бағыты эмоцияның белгісісен анықталады.
Жағымды эмоциялар адам өмір жолын таңдау барысында өмірлік бағдар береді (Чуприкова Н. И. Эмоциональные сигналы – определяющий выбор жизненного пути // «Мир психологии». – 2002. - №4. С. 44-47).
Жағымсыз эмоциялар, керісінше ояту функцияларын орындайды.
Эмоциялар адамның физиологиялық функциялары қатты әсер етеді, себебі эмоция олармен қосылып ортақ психофизиологиялық жүйені құрайды. Сондықтан да эмоциялар әрқашан да ағзаның азды-көпті өзгерістермен бірге жүреді.
Эмоциялар адамның санасы мен танымдық процестеріне де дәл осылай әсер етеді. Эмоциялардың әсерімен олардың мүмкіндіктері мен функциялық сипаттамалары қатты өзгеріске ұшырай алады (жақсарады немесе нашарлайды). Мысалы адам қатты стрестің әсерінен ойлауы, есте сақтауы, зейінін тұрақтандыруы, нашарлауы, өзі әрекеттерін саналы ьақылауы төмендеуі мүмкін. Эмоциялық механизмдердің негізінде творчестволық ойлау мен қиял жұмыс істейді.
Эмоцияның бұл функциялық ерекшеліктерінің мәні зор.
Көрсеткен қасиеттерін теориялық жағынан есепке алып, эмоцияның формаларын және сансыз көп түрлерін айқындауға болады. Бірақ белгілі, жақсы кейбіреулері ғана жеткілікті суреттелген. Мысалы, американдық психолог К. Изард фундаментальды он эмоцилардың түрлерін көрсеткен.
Қызығушылық-қозу жағдаяттарға сыю, ой-өрісті кеңейту, білу, зерттеу ықыласы, біреуге немесе бір нәрсеге әуесқойлық және сезім құшағында күйзелу. Тиімді, әсіресе, танымдық мотив іс-әрекеттің мағынасына сәйкес және күштілігі жеткілікті көрінеді. Қызығушылыққа қарама-қарсы эмоцияны зерігу деп атаймыз. Ол монотондық жағдайда туады. Субъектінің тиісті пәнімен немесе ақпараттармен ерекше қарым-қатынас және жаңа жағдаяттармен қақтығысқанда қызығушылық эмоциясы күшейеді. Таңырқау қызығу эмоциясына жақындау, қарама-қайшылық, ерекшелік жаңа ұқсас жағдаяттарда туады. Бірақ тез уақытта өтетін эмоция болып көрінеді. Күшті танымдық мотив ретінде көрінеді, соңғы әрекеттерді итермелейді, яғни, айқындау, білу, анықтау, көз жеткізу, т.б.
Қуаныш эмоциясы адамның мүмкіншіліктерін және негізгі тұлғалық қасиеттерін жүзеге асыруда пайда болады. Қоршаған әлеммен және басқа адамдармен, өзімен қанағаттану сезімімен және өмірге қанағаттану күйі. Оптимизм және мүмкіншілігін кеңейту күштің көбею сезімімен байқалады.
Эмоция азабы өмірлік мақсатқа жетуге ұмтылысқа кері әсерін тигізе отырып туындайды. Азапқа, жеке ар-намысқа тию, адамдардың қорлауы, алаяқтық, қуаныш сезімін талдау адам құндылықтарын келеке етуне себеп болуы мүмкін. Бұл жағдайда адамның өзіндік бақылауы, саналы түрде басқару мүмкіншілігі шектеледі, тіпті өз әрекетін жоғалтады. Көп жағдайда азап басқа адамдарға қарсы ьағытталуы, сондай-ақ ол бағыт өзіне бағытталуы мүмкін.
Ұялту эмоциясы субъектінің өзіне, көзқарасына, ойына, тұлғалық қасиеттеріне, қатынастарына, сыртқы ерекшеліктеріне сәйкес емес әрекеттерін жасаған кезде туады. Бұл күйзелісте субъект өзін басқалармен салыстырғанда жаман, қолынан ештене келмейтін, әлсіз, кішкентай, ешнәрсеге жарамайтын, ақымақ, тартымсыз, жол болмағандай сезінеді. Оған басқалар оның кемшіліктерін көріп, жек көретіндей көрінеді. Сондықтан ол басқа адамдардан өзін алшақ ұстап, жат жүруге даяр болады. Ұялудың жеңіл формаы – қызару. Ұялу интеллект жұмысын тоқтады, адамның әрекеті мен қылықтарына қатты әсер етеді, сананы жаулап алады. Тұлғаны қорғаныш механизмдері белсендендіреді. Өмірдегі түрлі жағдайлар ұялу мен одан адамгершілік деңгейде құтылу – тұлғалық борыш.
Ұялуға қарама-қарсы эмоциялық күй – мақтаныш эмоциясы. Ол моральдық-эстетикалық талаптардың жоғары деңгейінде туындайды. Ол өзінің мағыналылығын, артықшылығын, құндылығын басқа адамдардан жақсы лебіздер естіген кезде сезінеді. Ұялу мен мақтаныш эмоциясы негізінде адамда өзіне қатысты тұрақты дамуы жүреді.
Айну эмоциясы субъектінің моральдық-эстетикалық талабына сәйкес емес жағдайларда, объектілерде, құбылыстарда немесеадамдарда туындайды. Бұл адамның қылықтары, ойлары, тілектері, нақты заттары, іс-әрекет кемістігі және т.б. айну эмоциясы сәйкес объектіні өзгертуді, жақсартуды, жетілдіруді, жоюды немесе одан алшақ жүруді тудырады.
Жек көру эмоциясы айнуға мағынасы ұқсас келеді, бірақ өзінің қосымша ерекшелігі бар. Ол сәйкес объектіні өзгертуді, жақсартуды, жетілдіруді, жоюды немесе алшақ жүруді тудырады. Сонымен қатар ол жек өрген адамнан немесе топтан өзін алшақ ұстап, өзінің артықшылығын, ар-намысын сезінеді.
Өзін кінәлау эмоциясында адам өзінің кінәсін мойындайды, өзінің оған қатысына немесе шығынға жауапкершілігіне, басқа адамдардың жайсыздығына, жолының болмауына өзін кінәлі сезінеді. Бұл кезде ол өз-өзін кінәлайды және өкінеді (үлгерген жоқпын, істей алмадым, ескерте алмадым, кең пейілдік көрсете алмадым, және т.б.), көбінесе өзінің кінәсін ақтауға тырысады ( зардап шегуге көмектесу, кешірім өтіну, түсіндіруге тырысу). Тұлғаның негізгі кемелдену көрсеткіші – ол өзінің қылығына жауап беру және кінә сезімін сезіну, кінәсін ақтауға тырысу.
Қорқыныш эмоциясы адамның тұлғалығына немесе дене бітіміне, өміріне қауіптің төнуі кезінде пайда болады. Қауіп төну деңгейіне байланысты сенімсіздік жағдай, мазасыздану, жамандықты сезіну, қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмау, қауіп, күшті қорқыныш бақылауға келмейтін аффектіге айналуы мүмкін. Адам өзінің күштілігін немесе батылдығын осы сезімдерден өткнеде бағалайды.
Кез келген адамның өзінің қайталанбас эмоционалдық қоры болды. Бұл нақты эмоциялық бейімділікте: қуанышта, қайғыда, кінәні сезінуде көрінеді. Эмоционалдық таңдауына байланысты тұлғаның эмоционалдық типтерін анықтауға болады.
Сезімдер деп тұрақты, эмоционалды боялған тұлғалық құрылымдарды айтамыз, онда адамның біреуге немесе бір нәрсеге деген қатынасы бейнеленеді: біреуге деген махаббат сезімі, патроитизм сезімі, ұят сезімі, т.б. Сезім мәнді эмоционалды бастан кешірулердің жалпылау аккумляциялау механизмі негізінде пайда болады. Сәйкес эмоциялар формасында оларды адам саналайды. Мысалы, ере адамның бір әрекеттері ыли да бізде жек көру эмоциясын тудырса, бұл сол адамға кездескен сайын (ол өзін дұрыс немесе дұрыс емесұстаса да) әркез тұрақты жек көру сезімінің пайда болатынына алып келеді. Әрбір сезімде сәйкес эмоцияларды бастан кешірулердің жеке тәжірибелері шоғырланған. Сезім қаттырақ болған сайын, онда эмоционалды күш те көбірек болады. Сондықтан сезімдер ылғи да өз-өзінің мәнін құрайтын, терең интимді тұлғалық құрылым ретінде бастан кешіріледі. Оларды тұлғаның эмоционалды негізі ретінде бастан кешіріледі. Әйгілі орыс психологы В. И. Мясищев қатныстарды тұлғаның құраушы компоненттері ретінде, ал тұлғаны қатынастар жүйесі ретінде қарастырады.
Сезімдер ояту, мағыналық бағасы, жүріс-тұрысты реттеу, ағза жұмысын реттеу, адамның жан дүниесін реттеу (арман, ой, тілек, шешім, еске түсіру, т.б.) сияқты сезімдерді атқарады. Сезімдерді функциялар, заттық мазмұн, эмоционалды бояу, күш, тұрақтылық, саналау деңгейі, белгі сияқты параметрлермен сипаттауға болады.
Нақты адам, әлеуметтік топтар және қоғамдастықтар, мемлекет, отан, құдай эстетикадық объектілер, іс-әрекет, білімдер, мәдениет, т.б. барлық мүмкін заттары сезімдер мазмұны бола алады. Осыған сәйкес өнегелік сезімдерді (махаббат, сыйлау, жек көру және т.б.), патриоттық сезімдерді, діни сезімдерді, эстетикалық сезімдерді, практикалық сезімдерді, интеллектуалды сезімдерді т.б. көруге болады. Сезімдердің эмоционалды боялуы бастан кешірулердің саплық боялуымен анықталады. Сезімдердің эмоционалды боялу диапазоны өте кең. Эмоциялар қанша болса, олар соша көп. Сезімнің күші мен тұрақтылығы сезімге бағытталған сәйкес объектінің адам үшін маңыздылығымен, онда жиналған эмоционалды бастан кешірулердің санымен анықталады. Сезім объектісі қаншалықты маңызды болса және онда бастан кешулер қаншалықты көбірек жинақталған болса, ол, яғни сезім соншалықты күшті және тұрақты болады. Ең күшті және тұрақты сезімдер оның көзқарастарын, ұндылық бағыттарын, пікірлерін, яғни тұлға ядросын құрайды. Сезімдер саналаудың түрлі деңгейлеріне ие және белгі бойынша ескеріледі.
Жалпы ерік прблемасы XVIII-XIX ғағасырларда психологиялық зерттеулерде негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Алайда XX ғ. психологиядағы жалпы дағдарысқа байланысты. Ерікті зерттеу екінші орынға ығыстырылып қалды. Зерттеулер жүргізілгенімен тар көлемде болды. Қазіргі психологияның ұғымдық жүйесін талдай келе, психология тарихшысы М. Г. Ярошевский ерік ұғымы XX ғ.-дағы психологияның негізгі ұғымдар қатарына кірмейтінін атап өтті. Ал АҚШ психологиясында «ерік» термин сі жүзіне қолданылмайды екен. Тіпті, психология жайлы көптеген оқулықтрада ерік туралы тараулар жоқ. Тек кейінгі кездері ғана оған қызығу қайта ояна бастады. Ерік мәселесіне қатныстың бірде олай, бірде бұлай болып өзегруінің сыры неде?
В. А. Иванниковтың көзқарасы бойынша, ерік психологиясы саласындағы зерттеулерге деген қызығудың төмендеуіне үш себеп бар көрінеді: 1) әдіснамалық қиындықтар; 2) ерікті теориялық түснудегі қиындықтар; 3) зерттеудің әдістемелік қиыдықтары. Сонымен, ерік туралы түсініктің дамуында қандай тұрғылар мен бет бағыттар бар, соған келейік.
Ерік ұғымына антикалық ғылымда неғұрлым айқын әрі дәл мағына берген Аристотель. Оның айтуынша, ерік ұғымы адамның тілегіне, қалауына негізделмеген, керісінше адамның қаламаған, бірақ қажетті және ақыл-парасатты, саналы түрде қабылдаған шешімдеріне сүйеніп істелетін әрекеттерін түсіндіруге арналады. Аристотель тұңғыш рет психологиялық ұғымдар жүйесіне енгенәрі өзін түсіндіру үшін ерік ұғымын қажет ететін ақиқат болмысты сипаттаған. Ондай болмыстар қатарына жататындар: әрекетті таңдау, оны тудыратын күшті және өзін меңгеру. Сонымен, ерік ұғымы психологияға әуел бастан-ақ түсіндіруші ұғым ретінде, теориялық конструкт ретінде енгізілген екен.
Қазіргі уақытта мотивациялық тұрғы аясында ерік табиғаты жайлы үш дербес нұсқаны бөліп көрсетуге болады. Бірінші нұсқада ерік әрекетмотивациясының бастапқы сәтіне келіп саяды (тілек, талпыныс, аффект). Екінші нұсқада ерік дербес психикалық не психикалық емес табиғаты бар және өзге ештеңеге саймайтын әрі басқа психикалық процестерді анықтайтын жеке дербес күш ретінде бөлініп көрсетіледі. Ал үшінші нұсқада ерік мотивациямен тығыз байланысты, біраққ онымен тура, дәл келмейтін, кедергілерді жеңуден тұратын әрекетке қозғаушы қабілеттілік ретінде қарастырылады.
Еріктің қозғаушы функциясын әдейі істелген әрекетке түрткі болатын механизм ретіндегі квазиқажеттіліктің қалыптасуымен теңестірген К. Левин зертттеулері батыс психологиясын ерік пен мотивацияны ажыратпай теңдестіруге әкеп сайды.
Кеңес психологиясында мотивациялық тұрғы шеңберінде ерікті саналы түрде кедергіні жеңу қабілеті ретінде түсіну басым болды. Д. Н. Узнадзе, Ш. Н. Чхартишвили, С. Л. Рубенштейн, Л. И. Божрвич еңбектерінде ерікті әрекетке қозғаушы қабілеттілік ретінде түсінетін мотивациялық тұрғы көрінісін табады.
Ерікті зерттеудегі екінші тұрғы – «ерікті таңдау» тұрғысынан келу. Бұл бағыт шеңберінде ерік мотивтерді, мақсаттар мен әрекеттерді таңдау функциясына ие. «Ерікті таңдау» тұрғысы шеңберінде ерік туралы көзқарастың екі нұсқасын бөліп көрсетуге болады. Бірінші нұсқада ерік жеке дербес күш ретінде қарастырылады (теорияның волюнтаристік типі), ал екінші нұсқада ерік танымдық процестердің қызмет етуіне келіп тіреледі (интеллектуалистік теориялар).
Ерікті зерттеудегі үшінші тұрғыны шартты түрде реттеуші деуге болады. Ол психологияда өзін-өзі реттеу, басқару проблемасы ретінде көрінеді.
Еріктік реттеу механизмі бойынша ғылым арихында ерік теориясының екі типін бөліп көрсетуге болады: автономдық (Волюнтаристік) және гетереномдық (интеллектуалдық, эмоциялық).
Бүгінгі таңда ерікті реттеудің психологиялық механизмі ретінде әрекет мағынасының өзгеруін немесе қосымша мағына жасауды негіздеген В. А. Иванниковтың зертттеулері қызығушылық тудыруда. Тарихи тұрғыда тұлғаның мағыналық құрылымының іс-әрекетті реттеуге қатысы болу мүмкіндігін алғаш рет көрсеткен Л. С. Выготский еді. Ол балалардың мінез-құлқының, олар үшін өз әрекетінің мағынасының өзгеруі нәтижесінде қалай өзгеріске ұшырағанын сипаттаған еді. В. А. Иванников еріктік реттеудің жоғары түрпішіні ретінде мәнсіз немесе мәні шамалы, бірақ орындауға міндетті әрекетті тұлғаның мағыналық сферасына қосу деп есептейді. Ол мотивацияның, ырықты түрін әрекеттің туындауында еріктік реттеудің негізі ретінде қарастырады.
Сонымен, қазіргі психологияда ерік проблемасы екі нұсқада көрінеді: өзін-өзі детерминдеу проблемасы ретінде (мотивациялық тұрғы мен «ерікті таңдау» тұрғысы) және өзін-өзі реттеу проблемасы ретінде (реттеуші тұрғы).
Еріктік әрекеттердің физиологиялық механизмдерін былай түсіндіруге болады. Үлкен ми сыңарларының төбелік бөлігінде қимыл қозғалысты басқаратын аумақ орналасқан. Ол ми қыртысының барлық аумақтарымен, соның ішінде талдағыштардың ми қыртысы ұштарымен байланысып жатады. Бұл байланыс ми қыртысының белгілі бір аумағында пайда болған қозудың қимыл-қозғалыс аумағына жетіп, онда да осындай процесс туғызу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Сонымен, ми қыртысының қозғалыс бөлігінің мидың басқа бөліктерімен байланысы адамның саналы қимылдары мен әрекеттерінің алғы шарты болады. Бірақ мұндай байланыс мінез-құлықты еріктік ретеу механизмін толық қамти алмайды. Сондықтан екінші сигналдық байланыстардың рөлінде ескеру керек. Өйткені екінші сигналдық байланыстар ми қыртысының жалпы байланыстар жүйесіне қосылады да, оның қызметін әлдеқайда күрделендіріп жіберді.
Екінші сигналдық байланыстар негізінде адам мінез-құлқының барлық саналы және мақсатты реттелуі жүзеге асады, алынған ақпараттың орнын, мезгілін, сипатын, тәсілін, қарқынын, т.б. анықтау атқарылады. Екінші сигнал жүесінің тітіркендіргіштері адам мінез-құлқының қимыл-қозғалыстық бөлігінің ғана белсенділігін арттырып қоймай, ой, қиял, ес тәрізді көптеген псмхикалық процестердің басталуының сигналы болады, зейінді реттейді, сезімді туғызады. Екінші сигналдар көмегімен адамның бүкіл саналы әрекеті жүзеге асып реттеледі. Екінші сигналдық байланыстар қимыл әрекеттерді бөгеу, ерікті тежеу қызметінде шешуші рөл атқарады.
Сонымен, екінші сигналдық байланыстарақпарттың талдағыштан қозғалыс бөлігіне жылжудың бағытын бағытын өзгертеді. Бұл ақпарат өте күрделі жолдан өтеді. И. П. Павлов қимыл-қозғалыстың ырықты болуы бүкіл ми қыртысының жалпы жұмысының нәтижесі деп түсіндіреді. Ал сананың реттегіш жағы ретінде ерік шартты рефлекстік табиғатқа ие. Уақытша жүйелік байланыстар негізінде сан алуан ассоциациялар мен олардың жүйелері қалыптасып нығаяды да бұлардың өздері мақсатты мінез-құлыққа жағдайлар жасайды.
Тәжірибе ерікті реттеуде ми қыртысының маңдай бөлігінің айрықша маңызы бар екенін көрсетіп отыр. Әр сәт сайын жүзеге асып жаиқан нәтиже мен алдын ала жасалынған мақсат бағдарламасының салыстырылуы тап осы жерде өтеді. Маңдай бөліміне зақым келу қимыл-қозғалысты, әрекетті ырықты реттеудің бұзылуынан көрінетін апраксияға әкеп соғады. Мұндай адам қандай да бір әрекетті орындауды бастап, кез келген кездейсоқ әсердің нәтижесінде оны бірден тоқтатады не өзгертеді, яғни еріктік актыны жүзеге асыру мүмкін емес. Ми паталогиясы негізінде іс-әрекетке түрткінің болмауынан, шешім қабылдауға, қажетті әрекетті жүзеге асыруға қабілетсіздіктен көрінетін абулия (еріктің әлсіреуі) пайда болуы мүмкін. Абулия ми қыртысының патологиялық тежелуінен туындайды.
Мінез-құлықтың еріктік реттелуінің рефлекстік табиғаты ми қыртысында қозудың оптималдық орнын жасаудың алғы шарты. Оптималдық қозу орны – бұл ми қыртысындағы жұмыс орны. Ол адамның осы сәттегі негізі іс-әрекетін жүзеге асырады.
Адамның еркі алдын ала қойылған мақсатқа сай орындалатын әрекет, қылықтарынан көрініп отырады. Еріктік әрекеттер құрылымы жағынан өте күрделі процесс болып табылады. Еріктік әрекеттер мақсаттың және сол сияқты оларды орындау барысында кездесетін кедергілердің, қиындытардың болуымен, оларды орындау кезінде бастан кешетін тебіреністердің, толғаныстардың болуымен сипатталады.
Еріктік әрекеттерді қарапайым және күрделі деп бөледі. Қарапайымы, әдетте, мақсат қою және орындау сияқты екі буыннан тұрады. Күрделі еріктік әрекетте мақсатты ұғыну, жоспарлау және орындау деген үш буын айқын бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |