№1 дєріс Психология ѓылымыныњ жалпы мєселері



бет14/22
Дата26.04.2023
өлшемі338 Kb.
#87354
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Байланысты:
Лекции по психологии

Ойлаудың тездігі – адамның жаңа жағдаятты тез түсіне алып, тез ойлау негізінде дұрыс шешім қабылдай алуында.
Ойлаудың дербестігі - адамның жаңа міндеттерді, мәселелерді шығара алуымен және басқа адамдардың көмегінсіз өзі мәселенің дұрыс шешілу жолын табумен сипатталады.
Ойлаудың икемділігі – ойлаудың оны шектейтін жатталып қалған,таптаурын шешу тәсілдерінен тәуелсіздік дәрежесін береді. Ойлаудың тереңдігі – күрделі сауалдардың мәніне терең шоғырланып, зерттей алуы.
Ойлаудың кеңдігі – адамның, зерттелетін сауалдың маңызды жақтарын түсірмей, тұтас қамтып, талдай алу қабілеті.
Ойлаудың психологиялық теориялары
Ойлаудың ассоциативтік теориялары. Құрылымдық психологияға сәйкес жеке сезімдік елестер психологиялық тәжірибенің бастапқы элементтері болып табылады. Осындай жеке сезімдік елестер арасында ерекше байланыстар немесе ұқсастық, контрастылық, уақыт пен кеңістікте сәйкес келу сияқты ассоциациялар орнайды. Бұл бағыттағы теорияларға келесі тұжырымдар енді: 1) Г.Мюлердің «диффуздық репродукциялар» теориясы. 2) Ойлау үйрену ретінде
Ассоциациялардың төрт негізгі түрі бар: ұқсастық бойынша, контраст бойынша, уақыттық немесе кеңістіктік іргелестік бойынша, қатынас бойынша. Ассоциациялардың заңдылықтары Д.Гартли, Дж.Пристли, Дж.С.Милль, А.Бэн және т.б. еңбектерінде зерттелді. 2) Вюрцбурлық мектеп.
Вюрцбурлық мектеп – сана психологиясын зерттеген бағыттардың бірі. Бұл мектептің негізін салушылар – О.Кюльпе және К.Бюлер. Вюрцбурлық мектеппен зерттелген негізгі мәселелер: а) ойлаушы субъекттің белсенділігін анықтайтын ұғымдарды шығару; ә) ерекше психологиялық ақиқат ретіндегі ойлаудың қасиеттерін сипаттау және мазмұнын анықтау; б) ойлау процесінің психологиялық механизмдерін түсіндіру. Гештальтпсихологтар ойлау жайында. Гештальтпсихологияның өкілдері – Келер, Коффка, К.Левин. Гештальтпсихологтар ойлаудың құрылымын, шығармашылық астарларын қарастырды. Ізделген шешімді оған қажетті құрылымды табу арқылы шешуді ойлау деп атаған. Гештальтпсихологтар ойлауды формалды-логикалық операциялардан ажыратылатын,мәселе тудыратын жәйтті ескеру арқылы соған қарай танымдық құрылымдарды қайта құру, жаңадан «орталықтандыру» нәтижесінде жүзеге асатын продуктивті психикалық процесс ретінде түсіндірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет